Кітап - менің рухани қазынам

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 269

kitap menin rukhani kazynamҚызылжар ауылдық кітапханасында 23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қоғау күніне орай «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жас ұрпақтың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, кітап оқуды насихаттай отырып, адамзат бойындағы рухани жұтаңдыққа жол бермеу, оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, ой-өрістерін дамыту мақсатында «Кітап - менің рухани қазынам» атты оқырмандар лентасы өткізілді. Шараға 25 оқырман қатысты.

Шара барысында кітапханашы М.Айымбетов бұл шараның маңыздылығы мен тәрбиелік мәніне тоқталып, «Кітап - сарқылмас рухани әлем» атты кітап көрмесіне шолу жасап,оқырмандар «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті кейіпкерім» атты ағаш бұтақтарына өздері сүйіп оқыған кітаптары мен үлгі тұтар кейіпкерлері туралы жапсырма қағаздарын жазып ілді.

kitap menin rukhani kazynam1   kitap menin rukhani kazynam3