Кітаппен бірге әлемді танимыз

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 278

kitappen birge alemdi tanimyz2Сексеуіл ауылдық кітапханасында «Кітаппен бірге әлемді танимыз» тақырыбында флеш-моб өткізілді. Шараның мақсаты: Оқырмандардың кітапқа назарын аудару, олардың рухани байлығын молайтып, елімізде оқу мәдениетін дамыту. Ұлтымыздың рухани жаңғыруын жаңа сатыға көтеруге өз үлесін қосу. Кітапханаға жаңадан оқырмандар тарту. Шараға 21 оқырман қатысты.
Шара барысында кітапханашы Б.Жаманқараева кітаптың әрбір адамзат баласына берер пайдасы, даналығы мен құндылығына ерекше тоқталды.

Шараға қатысқан оқушылар өлеңдер оқып, ән салып, жаңа кітаптардан жасақталған «Кітап кемел келешек» атты кітап көрмесімен танысты. Жас оқырмандар «Кітаппен бірге әлемді танимыз», «Біз кітапты сүйеміз», «Кітап-рухани байлығымыз» деп ұрандатып, халық әні әуенімен қазақ биін биледі.

kitappen birge alemdi tanimyz

kitappen birge alemdi tanimyz3

kitappen birge alemdi tanimyz4

kitappen birge alemdi tanimyz5

kitappen birge alemdi tanimyz1