Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 242

orbulak shaikasy elimizdi tarikh zholyn ozgertken kunРайым ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №72 орта мектебінде Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн» атты тарихи таным сағатын өткізілді. Мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Халық тарих ағымында», «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік Ел» Стратегиясын іске асыру, қазақ тарихы мен салт-дәстүрін еске түсіру арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы, ұлттық сананы қалыптастыру. Сонымен қатар Орбұлақ шайқасының тарих беттерінен алатын орнын насихаттау.


Шараға №72 орта мектебінің 10 сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі А. Айтуғанова, барлығы - 15оқырман қатысты.
Кітапханашы К.Жолмырзаева Орбұлақ шайқасының тарихи маңызына тоқталып, №72 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Айтуғанова Орбұлақ шайқасында ерлік көрсеткен жыраулар мен батырлардың ерлігі мен жеңіс тәсілдері туралы мағлұмат берді. Шара барысында Орбұлақ шайқасынан 5-6 минуттық видеодан үзінді көрсетіліп, «Орбұлақ өнегесі» атты кітап сөресіне шолу жасалды.

orbulak shaikasy elimizdi tarikh zholyn ozgertken kun2

orbulak shaikasy elimizdi tarikh zholyn ozgertken kun3

orbulak shaikasy elimizdi tarikh zholyn ozgertken kun4