Орта Азия мен Қазақстандағы шоқтығы биік кемеңгер

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 227

orta aziya men kazahstandagy shoktygy biik kemenger1Орталық балалар кітапханасында қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің туғанына 120 жыл толуына орай «Орта Азия мен Қазақстандағы шоқтығы биік кемеңгер» атты тарихи сағат өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерін көпшілік оқырманға таныту, насихаттау. Шараға 20 оқырман қатысты.

Кітапханашы Ш.Алдабергенова: Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі екенін айта келе оқырманның назарын «Таңшолпан» бағдарламасынан алынған Т.Жүргеновтің шығармашылығы туралы видиоролигке аударды. Онда оның Қазақ халқы үшін аянбай тер төккен, қажырлы еңбектері туралы кеңінен мағлұмат берілді. Кітапхананың белсенді оқырмандары С.Қайыржанқызы, Н.Мәзиева,З.Серікқызы, А.Өтегеновалар Т.Жүргенов туралы айтылған ақын жазушылардың естеліктеріне тоқталып, экраннан жастарды адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелейтін қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Шара соңында кітапханашы Қ.Шалбаева «Ұлтының ұлылығын ұлықтаған» атты кітап көрмесіне шолу жасап, Т.Жүргеновтің басшылығымен Алматы қаласында салынған білім мен өнер ошақтарымен таныстырды.

orta aziya men kazahstandagy shoktygy biik kemenger2

orta aziya men kazahstandagy shoktygy biik kemenger

orta aziya men kazahstandagy shoktygy biik kemenger3