Айдынды теңіздің айбынды ұлы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 419

aidyndy tenizdin aibyndy uly 1Арал аудандық Орталық кітапхана 2018 жылдың 13 қазаны күні аудандық мәдениет үйінде эколог-жазушы, публицист, Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай шығармашылық кешіне «Айдынды теңіздің айбынды ұлы» атты кең көлемді, мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітап көрмесінің мақсаты: Абыз Аралдың азаматы, өмір майданының қазанаты, теңіз тілекті, жауынгер жүректі, Сайлаубай Жұбатырұлының өнержолы мен шығармашылығын кейінгі ұрпақтарға насихаттау.

Көрме 3 бөлімінен тұрады.
Бірінші «Мен өзім ұқсап туған көк теңізге» бөлімінде: Аралдың төл перзентінің бірі-қарымды қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, «Арал ауданының құрметті азаматы», эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының өміржолы мен «Абыржы», «Абыржы» 3 томдық, «Алыстағы аралдар»,«Шығармалары», «Жасыл сағым», «Зеленый мираж» атты кітаптарымен таныстырылып, "Аралдың айсбергі" атанған, толқын тебіренткен талантты тың туындылары, Екінші «Әдебиет айдынын ақ желкені» бөлімінде: Жазушы-қаламгер Сайлаубай Жұбатырұлының Қазақстандағы экология тақырыбын бұдан 50 жылдан астам бұрын Арал теңізінің арнасынан қайтып бара жатқандығы жайлы мерзімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалары, Ал үшінші «Елдің атын ер шығарады» бөлімінде: Аралдың арда азаматы елдің жүрегінен орын тепкен ерен еңбектері мен өнер адамдарымен түскен фотосуреттері қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Көрме жанында кітапхананың төменгі топ оқырмандары жазушыға өлең жолдарын арнады.

aidyndy tenizdin aibyndy uly 2

aidyndy tenizdin aibyndy uly 3

aidyndy tenizdin aibyndy uly 4

aidyndy tenizdin aibyndy uly 5

aidyndy tenizdin aibyndy uly 6

aidyndy tenizdin aibyndy uly 7

aidyndy tenizdin aibyndy uly 8