abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Сексеуіл қыстақтық кітапханада коворкинг орталық ашылды

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy1Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сексеуіл қыстақтық кітапханада коворкинг орталық ашылды. Салтанатты шараға Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дарменов, кент әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Үмбетәлиев, Жастар ресурстық орталығының директоры Ә.Ізбасаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сүйенғараев, ауыл ардагерлері, зиялы қауым өкілдері және кітапхана оқырмандары қатысты.
КОВОРКИНГ - қазіргі заман ағымынан қалмай ілесіп отыру үшін кітапханадағы коворкинг орталықтар тек қана жұмыс жасайтын алаң ғана болмай, бос уақытты тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысатын алаң ретінде танымал болуда.

«Руханият ошағы» жобасының көзделген кезекті бір мәселесіндегі «КОВОРКИНГ» орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырады. Бір сөзбен айтқанда кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық болмақ. Сондықтан мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туындап отыр.

Коворкинг орталық 4 аймаққа бөлінген: WI-FI аймағы, MICROSOFT EDGE, Конференция залы, Релаксация аймағы.

  1. WI-FI аймағы - мұнда кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін, сымсыз Интернетке қол жеткізе алады.
  2. MICROSOFT EDGE яғни интернет аймағы – электронды жұмыс орны, ол интернетке шығатын 3 компьютерден тұрады.
  3. Конференция залы – түрлі дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинар- тренингтер, мастер-кластар өткізетін орын.
  4. Релаксация аймағы – бұнда қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, электронды оқулықтар тыңдап, тұрлі ойын ойнап, мысалға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с немесе теледидар көруге болатын демалыс аймағы.

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy2

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy3

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy4

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy5

sekseuil kystaktyk kitapkhanada kovorking ortalyk ashyldy6

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін184
Кеше205
Осы аптада184
Осы айда5555
Барлығы99195

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн