Аудандық орталық кітапханада коворкинг - орталық ашылды

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 602

Елбасының негізі бағыттарының бірі халықтың білімге деген құштарлығын арттыру осыған орай «НұрОтан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып оларды жаңа заманға сай «КОВОРКИНГ» орталығы ретінде қайта құру жобасы қолға алынды.

Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, түрлі семинарлар, тренингтер, түрлі дәстүрлі ойындар ойнатылып, жалынды жастардың жиналатын орталық болуы тиіс. Жобаның басты мақсаты: барлық санаттағы жастарды ақпараттық қажеттілігін жете қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапханалардың жаңа заманауи үлгісін құру болып табылады.

«Руханият ошағы» жобасының көзделген кезекті бір мәселесіндегі «КОВОРКИНГ» орталығы кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с ойнауға, гүл өсіріп, қолөнер бұйымдарын жасауға зор мүмкіндік тудырады. Бір сөзбен айтқанда кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық болмақ.

Сондықтан мұндай орталықтарды құру әрі олардың санын көбейту заман талабынан туындап отыр.

Осыған орай, Аудандық орталық кітапханада коворкинг - орталық ашылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы және аудан ардагерлері Ә.Әуезов,Ә.Садықбаев, және К.Айбосынов. «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов, «Жастар ресурстық орталығының өкілдері» және кітапхана оқырмандары қатысты.

Бүгінде кітапхана заманауи жабдықпен жабдықталған барлық қажетті іскерлік кездесулер, шеберлік сабақтар өткізуге ыңғайлы қарым – қатынас орталығына айналуда.

Коворкинг орталығында 4 аймақ жұмыс жасайды. Wi-Fi аймағы – кітапхана пайдаланушылары ыңғайлы жағдайда тегін, сымсыз Интернетке қол жеткізе алады. Конференция алаңы – түрлі дөңгелек үстелдер,ақпараттық үстелдер, кездесулер, семинарлар, мастер-кластар өткізетін орын. Релакция аймағы – қызықты кітаптар мен журналдарды оқып, гаджетіңізде отырып, ойын ойнап немесе теледидар көруге болатын демалыс аймағы. Кофе аймағы - хош иісті кофе ішуге болатын аймақ.