1-наурыз алғыс айту күні

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 409

Қазақ халқы – тумысынан кез-келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған. Ол әдетіміз біздің әдептілігіміздің белгісі. Елбасының Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып бекітілді.Алғыс айту деген сөз – адамдардың бір –біріне жылу сыйлауы. Осы күнге орай, Абай атындағы орталық кітапханаға № 220 мектептің бір топ оқушыларын бастап келген, химия пәнінің мұғалімі Қанатов Нұрталап Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры.Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана» деп атап өткеніндей, бүгінде мектеп пен кітапхананың тығыз байланыста екенін, мектептің кітап сүйер оқырмандарын шығарма әлеміне шақырып, олардың сыныптан тыс танымдық қабілеттерін дамытқан, оқушының ой-өрісін кеңейткен, өздігінен кітап оқуға тәрбиелеп, олардың оқуға деген құштарлықтарын оятқан, оқу мәдениетіне қалыптастырған барлық кітапхана ұжымына өз алғыстарын айтып, қолдарынан жасаған сыйлықтарын табыстады.