Жылдың үздік оқырманы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 367

Аудандық орталық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатын жобаға енгізу,кітап оқу мәдениетін ілгері жылжыту,балалар мен жасөспірімдер арасында оқуды қолдау,кітап оқымайтын балаларды кітапханаға тарту,ең үлгілі көркем әдебиет туындылары арқылы бала бойында адамгершілік және рухани тәрбиені қалыптастыру,жобаның әрбір жас қатысушысына Қазақстан жайлы танымдық әдебиеттерді ұсыну мақсатында «Рухани қазына» Кіші бағдарламаның «Асыл ұрпақ» жобасын іске асыру бойынша жыл бойы жүргізілген «Жылдың үздік оқырманы» жобасының қорытынды кеші өткізілді.

Жобаға қалалық кітапханалардың оқырмандары қатысты.Оқырмандар кітапханаға келу саны,алған кітап саны,кітапханадағы іс-шараларға қатысуы,оқыған кітаптарының мазмұнын және пікірлерін білдірді. Нәтижесінде қалалық балалар кітапханасының оқырманы №83 мектептің 7 сынып оқушысы Темірханов Дәулет «Үздік оқырман-2018» номинациясына ,Жаңабай Нұраян «Ең белсенді оқырман» , Қуанышова Ләззат «Кітап құмар оқырман» номинациясына ие болды.Жобаға белсенді қатысқан барлық оққырмандар мақтау қағаздарымен марапатталды. Жобаға қатысу арқылы оқырмандардың Қазақстанның мәдени мұрасына деген қызығушылығы ,кітап оқуға деген дұрыс көзқарасы,көркем және танымдық әдебиетке деген қызығушылығы қалыптасып,өзара пікір алмасу шеңберінде оқырмандар саны кеңейді.

zhoba

zhoba2

zhoba3

zhoba4