abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

×

Внимание

Не удалось вызвать функцию mail.

«KITAP FEST – 2019 » КІТАП ФЕСТИВАЛІ

 Аудандық орталық кітапханада «Kitap Fest-2019» фестивалі ұйымдастырылды. Мақсат – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, білімін жетілдіру, бір сәтке болса да смартфоннан арылтып, санасына сілкініс ояту.Шара кішкентай оқырмандардың «Бәрі кітаптан басталады» атты флешмобымен бастау алды. Одан әрі фестивальге қатысушыларды аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы құттықтап, қалың оқырмандарды мәдени шараға белсенді қатысуға шақырды.Шарада рухани ордаға келушілер ашық аспан астындағы «Кітап-мәңгілік ел мәртебесі» және «Ғажайып кітап әлемі», «Жаңа кітаптар әлемінде», «Жақсы кітап –жан азығы», «Бір ел-бір кітап»акциясы аясында «Кітап.Ел.Рух» атты кітап көрмелерін тамашалап, құнды қазыналармен танысты.

 

Айта кету керек, фестиваль аясында кітапхананың тұрақты зейнеткер оқырманы Құрманбаев Аралбай «Ең үздік оқырман» атанды. Үздік оқырман 1999 жылдан бастап орталық кітапхананың тұрақты оқырманы және осы кезге дейін 500 кітап оқыған. Осы орайда, шараға қатысқан кітапхананың тұрақты оқырмандары өздерінің қызыға оқыған шығармалары туралы ой бөлісіп, жастарды кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар, шара барысында жас оқырмандар «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасы аясында ауданымызға белгілі ақын, жазушы Ж.Жақып, Е.Абдулла, Ш.Балманова, А.Қыстаубаевтармен кездесіп, өздерін толғандырған саулдарын қойды, қаламгерлердің шығармашылығымен етене танысып, рухани азық алды. Сондай-ақ, коворкинг орталығында «Кітап, интернет және жастар» атты дебат ұйымдастырылып, АИТК студенттері мен №2 санаториялық мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары қазіргі қоғамдағы кітап пен интернеттің жастарға пайдасы мен зияны туралы өзара пікір таластырды. Кітап фестивалі одан әрі қызғылықты бағдарламаларға ұласып, оқырмандар арасында түрлі сайыстар өтті.Расында, кітап – рухани қазына, сарқылмас байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы. Сондықтан, «Барлық білім кітапта» деп бекер айтылмаса керек. Осы ретте, зиялы қауым өкілдері мен жастар, кітапхана оқырмандары, колледж студенттері мен мектеп оқушылары, жалпы қала тұрғындары қамтылған кітап фестивалі келесі жылы да жалғасын таппақ.

   

Kitap1

Kitap15

Kitap2

Kitap3

Kitap5

Kitap6

Kitap7

Kitap8

Kitap9

kitap10

Kitap11

kitap12

Kitap13

  Kitap4   

Пікірлер  

0 #1 vansafvog 17.09.2020 01:28
slot games real money casino big fish casino http://onlinecasinouse.com/#
Цитировать

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін105
Кеше91
Осы аптада105
Осы айда4150
Барлығы97790

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн