Жақұт - жыр, өлең сөздің бой тұмары

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 536

AbaiKАрал аудандық орталық кітапханада Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, композитор, поэзия пайғамбары Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойы аясында дана Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау және оқырманның бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіріп, рухани жағынан жетілуіне жол бастау мақсатында «Жақұт жыр, өлең сөздің бойтұмары» атты әдеби қазба кеші өткізілді. Кеш шымылдығы Мәдениет қайраткері, режиссер Оңталап Нұрмахановтың «Абай» прологымен ашылып, кітапхана қызметкері Жарасхан Тәжіғұлов «Абай» бейнесін сомдады. Кітапхана жанынан құрылған өнерпаз үгіт бригадашылар «Ұрпағына ұлағатты ұлы шың» тақырыбында Абайды ұлықтап, асыл мұрасы, ақындық бейнесі кеңінен әңгімеленіп танытылды. Шара барысында ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері мен «Торы жорға» күйі орындалды. Кешке қатысушы жастармен кітапхананың білім орталығында «Абайды білмек парыз, ойлы жасқа» интеллектуальды ойын жүргізіліп, «Ашық микрофон» айдарында қатысушы оқырмандар ашық пікір алаңын құрып, Абай туралы сөз алып, өлеңдерін оқыды. Кітапхана фойесінде көркемделген «Абай мұрасы –асыл қазына» кең көлемді кітап көрмесіне шолу берілді. “Жырын жаттап, пір тұту парыз болар,Абайды тереңірек тану бізге» -дегендей, Абайдың жыры жатқа оқылып, Абайдың мұрасы тереңірек танытылды.