"Латын əліпбиі -рухани тəуелсіздігіміздің тұғыры"

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 204

           АлипбиАрал аудандық Абай атындағы орталық кітапхана мен "Қызылорда облысының мемлекеттік архиві" коммунальдық мекемесінің Арал аудандық филиалының бірлесуімен "Латын əліпбиі -рухани тəуелсіздігіміздің тұғыры" атты дөңгелек үстел өткізді. Шара барысында əлемде 200-ден астам мемлекетте түрлі ұлттар мен ұлыстардың діні мен тілі арқылы ажыратылып тұратыны, əлемде мойындалған БҰҰ -на тіркелген 6 тіл: ағылшын, француз, қытай, араб, орыс, испан тілдері екені, жаһандану заманында қазақ елі де əлемдегі дамыған мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін, бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне ену, тарихымызды зерделеп рухани жаңғыру үшін латын əліпбиіне көшудің маңызы зор екенін айтып өркениет заманына бет бұру керектігі туралы ой-пікірлер ортаға тасталды.