Кітапханаға кітап сыйла акциясы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 269

КитапСыйАудандық орталық кітапханада "Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында кітапхана қорын жаңа жəне қолдануға жарамды тарихи мəдени құндылықтарын жоғалтпаған басылымдармен толықтыру, кітаптың құдіретін таныту, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында "Кітапханаға кітап сыйла!" акциясы өткізілді. 
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» деп жазушы Ғабит Мүсірепов айтқандай ,Кітап – сарқылмайтын теңдесі жоқ алтын бұлақ және көнеріп, тозуды білмейтін алтын қазына.
«Кітапханаға кітап сыйла!»акциясына кітапхананың тұрақты оқырмандары,кітап жанашырлары «Қазақ тілі» қоғамдық Арал аудандық филиалының төрағасы Жұмабай Жақып, «Арал азаматтары» кітабының авторы Кеулімжай Күмісовтың баласы Мұрат Күмісов,№220 орта мектеп қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дархан Аманжоловтар қатысып,ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра кітап екендігін ,көп оқыған адамның көкірек көзі әрқашанда ояу, зейіні зерек, жүрісі сергек келетінін айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. "Кітапханаға кітап сыйла!» акциясы барысында барлық қалалық,ауылдық кітапхана оқырмандары кітапханаға 354 дана кітап сыйға тартты.