Үздік оқырман бенефисі

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 292

 Бенефис          Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші, білімнің кәусар бұлағы – кітап екені белгілі. Кітап дегеніміз – алдыңғы буынның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Осындай рухани орданың аудандағы қарашаңырағы "Абай" кітапханасында кітапты сүйе білу, кітапты қадірлеу, баулу және жылдың ең үздік оқырманын анықтау мақсатында «Ұлы мәртебелі оқырман» атты оқырмандар бенефисі өткізілді.