«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 18

кукыктык   Құқықтық мәдениет»

  арнайы жобасы

 

       Жобаның мақсаты Қазақстан халқының құқықтық сауаттылығы деңгейін арттыру, құқықтық     мәдениетін   қалыптастыру болып табылады.

    Өзектілігі.

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірі бәсекеге қабілеттілік болып табылады және   осы қағидатты толыққанды енгізу үшін халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен сауаттылығын   арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу қажет. Құқықтық сауаттылықтың жеткіліксіз деңгейі   азаматтардың құқықтарының бұзылуына әкеп соғады, ал жазасыздық сезімі тәртіпсіздікке және   заңнаманың бұзылуына және өзге де заңсыз әрекеттерге әкеп соғады. Осыған байланысты халықтың   құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыс жүргізу қажет, бұл - бәсекеге қабілетті ұлт   қалыптастыру жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қағидаттарының бірін іске асыруға   жәрдемдесетін болады.