«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 107

Енбек         «Еңбек – елдің мұраты»

  арнайы жобасының тұжырымдамасы

         Арнайы жобаның мақсаты: қажырлы еңбектің арқасында табысқа жеткен адамдардың тәжірибесін,   еңбекқорлық құндылықтарды, ұдайы өзін‑өзі жетілдіру идеясын жаю арқылы еңбекке сүйіспеншілікті   насихаттау.

        Өзектілігі. COVID-19 індетінің таралуын тежеу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде ұзақ мерзімдік карантиндік шаралар енгізілді. Бұл адам мен қоғам тіршілігінің барлық саласына теріс ықпал етті.   Мамандардың пікірінше, коронавирус әлеуметтің көптеген саладағы қалыпты дағдысын айтарлықтай   өзгертеді.