1қазанХалықаралыққарттаркүні

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 191
Жанар#Бізбіргеміз
#Кітапоқыпүйдебол
#1қазанХалықаралыққарттаркүні
Құрметті ардагерлер, Сіздерді шын жүректен 1 Қазан - Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!
Қария- ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы қандай болса, бізде өздеріңізді сондай деп білеміз.
Адам баласы қазыналы өткенімен, мағыналы бүгінімен және жарқын болашағымен өмір сүреді. Осы орайда тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды.
Мәдениет саласында, соның ішінде кітапхана ісінде қызмет еткен алдыңғы буын аға- апаларымызға осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мерекелеріңіз құтты болсын дейміз.
Қарттары бар ел- байыпты, бақытты ел. Қай кезде де , небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін.
Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Көрер қызықтарыңыз көп болғай.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, әулеттеріңізге бақ пен береке тілеймін!
Ізгі тілекпен: Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Алишева Жанар Ақылжанқызы