abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

« Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы

GulnurҚазақстанда « Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциаясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау,қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру,Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге, оқып-білуге деген қызығушылықты дамыту,сондай-ақ өскелең ұрпақтың зияткерлік рухани дамуына – ықпал ету.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында облыс кітапханашылары арасында «Жыл кітабын бірге оқимыз» атты онлайн-байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – кітапхана қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін шыңдауға жол ашу.Байқауға Ә.Әлімжановтің «Ұстаздың оралуы» шығармасын талқылау ұсынылды.
Аудандық, қалалық және ауылдық кітапхана қызметкерлері белсенділік танытқан бұл бәйгеде Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары да қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы Шалманова Гүлнұр Маратқызы ІІ – орынды иеленсе, қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Өтегенова Мейрамкүл Махамбетжанқызы алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін16
Кеше192
Осы аптада208
Осы айда3075
Барлығы119216

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн