Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге жол ашатынын, осы маңызды шешімге қолдау білдіріп, жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті,болашақ үшін әлдеқайда маңызды.Елбасының бастамасымен қолға алынған латын әліпбиіне көшу-тіліміздің даму тұрғысынан да,төл әліпбиімізді құру жағынан да алға жетелейтін бастама. Осыған орай Қалалық №4 кітапхана Қызылорда облысы, Арал ауданы бойынша тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ізбасарова Перизаттың қатысуымен «Латын әліпбиі – өркениет есігін ашатын кілт» атты ақпараттық сағатын өткізді.