Аудандық орталық кітапхана Жергілікті жазушы,ақын,журналист,күйші Жұмабай Жақып Жақсылықұлының 75 жылдық мерейтойына орай ,ақынның өмірімен шығармашылығын таныстыру мақсатында « Сан қырлы өнер тұлғасы» атты сұхбат өткізді. Жұмабай Жақсылықұлы 1945 жылы Арал ауданында дүниеге келген.Қазалы аудандық «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы,облыстық телерадио комитетінде – журналистика саласында 1970 жылдары еңбек еткен, Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисті, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының лауреаты, проза саласында Республикалық «Жалын» баспасы бәйгесінің 1991 жылғы және ел тәуелсіздігінің 15 жылдығы құрметіндегі «Тәуелсіздікті ту еткен»атты республикалық әдеби байқаудың 2005 жылғы жүлдегері. Қазіргі таңда Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қоғамдық бірлестігі Арал аудандық филиалының төрағасы болып қызмет атқарып, қазақ тіл мәртебесін көтеруде кітапхана оқырмандарымен , жастар арасында қаншама мәдени шаралардың ұйтқысы болып келеді.
Жазушының Сыр өңірінің атақты би, күйшілерін зерттеген «Жетес би», «Сазгер-күйші Шал-Мырза» және «Шешілген түйін», «Теңіз қызы мен тау жігіті», «Аралдық Бауыржанның әзіл әлемі» атты прозалық, «Жастық шақтан бір белгі» атты кітаптары бүгінде оқырман қауымның сүйіп оқитын шығармаларына айналған.Сұхбат барысында ақынның балалық шағы,өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен әңгімеленді.
Пікірлер
reead additionaⅼ news.
Can You Here iѕ my ԝeb site :: Game Slоt: http://180.210.203.42/slots