Сексеуіл қыстақтық кітапханасы Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Шығыстың ұлы ойшыл дүлділі» атты танымдық сағатын өткізді.Таным сағатын өткізу аясында «Бір ел-бәр кітап» акциясы бойынша таңдалған Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» кітабы оқырмандарға кеңінен насихатталып,таныстырылды.