Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 303

biz sizder ushin zhumys zhasaimyz1Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында Аудандық орталық балалар кітапханасы жанынан ашылған "Библиотерапия" орталығында ерекше білім алуды қажет ететін балалардың білім көкжиегін дамытуда қызмет көрсететін «Библиотерапия: шексіз мүмкіндіктер әлеміне жол» жобасының кезекті шарасы «Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз» атты семинар-кеңеспен жалғасты.

Библиотерапия – кітап оқу арқылы адамның жалпы жағдайын жақсартуға және оның рухани дамуын қамтамасыз етуге бағытталған көмек болып табылады. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларды қалыпты өмірге бейімдеу және кітапханаға тарту арқылы әлеуметтік оңалту және ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, ашық ақпараттық кеңістік орнату мақсатында, «Біз сіздер үшін жұмыс жасаймыз» атты семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар барысында, балалар мен ата-аналар назарына библиотерапия жайындағы көрсетілімдер, кітап көрмесі және кітапхананың электронды қорын (аудиокітаптар,СД дискілер, ашылмалы,дауысты және инновациялық сөйлейтін қалам) пайдалану бағытында ақпараттық қызмет көрсетілді. Семинар- кеңес аясында балалар өздеріне ұсынылған кітаптармен етене танысып, таным көкжиегінің кеңеюіне жол ашты. Кез келген бала үшін әдебиет ертегіден басталады. Библиотерапия орталығында кішкентай балаларымыз ертегі кітаптармен қауышты. Сондықтан ертегі терапиясы жақсы дами бастады. Семинарға қатысушы психологиялық педагогикалық түзету кабинетінің мамандары ата-аналарға кітаптардың көмегімен көңіл-күй мен эмоционалды жағдайды сауықтыру және түзету идеясы туралы пайдалы кеңестерін берді. Атаулы жұмыстардың алда жалғасын табатындығы алға тартылып, кешке қатысқан балаларға сый-сыяпат таратылды.

 

biz sizder ushin zhumys zhasaimyz2

biz sizder ushin zhumys zhasaimyz3