Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "2021- Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы" аясында "Библиотерапия-шексіз мүмкіндіктер әлеміне жол" атты жоба жұмысы бастау алып, аудандық орталық балалар кітапханасында ерекше білім алуды қажет ететін балаларға арналған "Библиотерапия" орталығының ашылуы мен "Кітапхана- балаларға арналған ашық ақпараттық кеңістік" атты коучинг-тренинг ұйымдастырылды.
Шараға Аудандық педагогикалық психологиялық түзету кабинетінің мамандары, ерекше білім алуды қажет ететін бір топ балалар және олардың ата-аналары қатысты.
Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры Алишева Жанар Ақылжанқызы алғы сөз алып, "Библиотерапия" орталығының мақсаты мен бағытына тоқталып, бірлесіп жұмыс жасауға үндеді. Кешке қатысушы балалар орталықта кітап оқып, шахмат ойнап, арнайы құлаққаптармен ноутбуктің көмегімен тыңдалым кітаптармен достасып өздерін жайлы сезінді. Коучинг -тренингке қатысушы Арал ауданының психологиялық - педагогикалық түзету қабинетінің мамандары, өз тараптарынан алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтындықтарын алға тартты. Ата-аналар балаларының кітапхана оқырманы атанғанына үлкен ризашылықтарын білдірді. Кеш соңында кітапханашылар тарапынан «Оқырман болу бақыты» және «Кітаппен бірге өсеміз» атты ата-аналарға арналған жадынамалар үлестіріліп, қатысушы балаларға сый-сыяпат таратылды.