abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Тәуелсіздігімізге 30 жыл
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Тіл асыл құндылық

til asyl kundylykОрталық балалар кітапханасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тіл асыл құндылық» тақырыбында әдеби сайыс ұйымдастырылды.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен өткізілген тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 6-7 сынып оқушылары белсенді қатысып, кітапхананың жас оқырмандары білім мен өнерлерін ортаға салды.
Әдеби сайысқа қатысушылар екі топқа бөлініп, төрт бөлім бойынша бақ сынасты. «Бірлік» және «Жас ұлан» топтары қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін ақын өлеңдерімен жырлап, ана тіліміздің сөздік қорының бай екенін көрсетіп, жаңылтпаш айтып жарысып, «Тілім- менің мақтанышым» тақырыбында эссе оқыды.


Әдеби сайыста арнайы әділ қазылар тағайындалып, екі топтың алғырлықтарын бағалап, сайыс соңында әділқазылар мүшесінің төрағасы Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Мамбетов Бекбол жүлделі орын алған топтарды анықтады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б. Махатов жүлделі орын алған «Жас ұлан» тобын арнайы дипломмен марапаттап, белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.
Тіл ұлттың жаны, қаны, рухы. Жансыз нәрсе – өлі нәрсе. Адам тілді ең алғаш анадан үйренеді. Адамның бойындағы бар асыл қасиеттер тіл арқылы келіп, рухани күшке айналады. Рухы күшті адам, халық ешқашан жеңілмейді. Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік!

 

til asyl kundylyk2

 

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2021

zholdau2021

E-Gov порталы

egov.kz

Статистика

Бүгін120
Кеше136
Осы аптада425
Осы айда2140
Барлығы131729

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн