Аудандық орталық кітапханада Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасат жолы» орталығында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты Абай оқулары өткізілді .
Абай оқуларының негізгі мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқуға деген ынта-ықыласын арттырып, дана Абайдың артына қалдырған өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа ұлықтау; Оқырман бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіру. Абай өлеңдері арқылы адамның өзін-өзі танып білуі, рухани жағынан жетілуіне жол бастау,оқырмандардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,тіл байлығын дамыту.
Бүгінгі байқауға кітапхана оқырмандары, қалалық мектептердің 9-11 сынып оқушылары мен АИТК студенттері белсене қатысып, Ұлы Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, әндерін орындап, өз шығармашылықтарын ортаға салды.
Тағылымы мол бұл шараға арнайы әділқазылар мүшесі құрылып, байқау қортындысы бойынша Аудандық оқушылар үйінің оқушысы Бөлегенова Аружан І орын, Серикова Шаттық, Бақытова Нұрсипат ІІ орын, Әділкереева Нұрай, Қанатова Гүлімай жүлделі ІІІ орындарды иеленіп, барлық белсене қатысқан оқырмандар арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.