Алтын сағым

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 305

Қалалық №1 кітапханада Жазушы С.Балғабаевтың «Алтын сағым» кітабы бойынша кітап беташары өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға жазушы өмірі мен шығармаларын таныстыру, шығарма мазмұнына тоқталу арқылы білімдерін кеңейту, отан сүйгіштік сезімдерін қалыптастыру. Іс-шараға қатысқандар саны: 32
Шара барысында кітапханашы А.Тлеубаева: Сұлтанәлі Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданы, Мұстафа Шоқай ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, 1964–1966 жж. туған ауылында шопан болған. Жазушының «Алтын сағым» атты повестері мен әңгімелері басым бөлігі Қарасу ауылының тұрғындары болып табылады.

Ол жазушылығымен қатар драматургия саласында да жемісті еңбектерін, көптеген марапаттарға ие болғаны, атап айтқанда, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденiнiң иегерi, Шиелі ауданының Құрметтi азаматы. Қазіргі күні "Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы" төрағасының орынбасары қызметін атқарады, оған қоса "Алтын бесiк" журналына басшылық жасайды, - деп кең көлемде мағлұматтар айтты. Жазушы шығармасы арқылы оқырман да өз ұлтының тарихына үңіліп, қайсарлық пен өжеттік, туған жерге деген құрмет сезіміне бөленеді.