Зар заманның айтулы ақыны

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 259

Қалалық №4 кітапханада Қазақтың атақты суырып салма ақыны Шортанбай Қанайұлының 200 жыл толуына орай «Зар заманның айтулы ақыны» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: Оқырман қауымға Қазақтың суырып салма ақыны Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығын, тарихта елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз жырау туралы насихаттау. Қатысқан адам саны: 25

Шара барысында кітапханашы Н.Текебаева шараның мақсатымен таныстырып, ХІХ ғасырда әдебиетімізді көркемдік жаңа сапаға көтерген зар заман поэзиясының бел өкілі, өз дәуіріндегі әлеуметтік қайшылықтарды, туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін қаз-қалпын бейнелеп, ел-жұртын адалдыққа, адамгершілікке, имандылыққа шақырған тереңнен тебіренген, әйгілі, сырлы толғаулармен түгел қазақ жұртына танылған Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып өтті.
Ақынның шығармаларын №64 мектептің 9 сынып оқушылары Құлмырзаев Әліби «Қалықтаған сұңқар ем», Сәрсенбаева Арайлым «Тар заман», Кеңесова Айғаным «Шортанбайдың өлер уақытында арыздасып айтқан насихат сөздері», Қайрылаева Ақжарқын «Өсиет насихат сөздер», Өтемұратов Данияр «Опасыз жалған», Хабибулаева Назия «Атамыз Адам пайғамбар» атты өлеңдерін оқыды.