Қызылжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен № 81 орта мектепте Балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтың туғанына 80 жыл толуына орай «Балауса жыр бағында» атты әдеби подиум өткізілді. Мақсаты: Ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке үйрету. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Шара барысында кітапханашы Аймбетова М: Қазақ балалар ақыны Ермек Өтетілеуовтің туғанына 80 жыл толып отырғанын, оның 1938 жылы 1 қаңтар күні Ақмола облысында туылғанын.
Балалық шағының соғыстың сұрапыл жылдарында қиыншылықпен өткенін айта келіп өмір жолымен кеңінен таныстырды. Оқушылар топқа бөлініп, ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жұмбақтар, мақал мәтелдер айтудан жарысқа түсті.