abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Ойлы да,сырлы поэзия

Аудандық орталық кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Әбділда Тәжібаевтің шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ойлы да, сырлы поэзия» атты поэзия кеші өткізілді.
Шара барысында ақын Ә Тәжібаевтің «Қыз бен солдат» атты драмалык поэмасынан көрініс қойылып, АИТ колледж студенттері мен №2 мектеп интернат оқушылары өлеңдерін оқыды.№220 мектептің мұғалімі,ұлағатты ұстаз Бейсенбаева Жұмагүл ақынның «Сырдария» әнін және Жыраулар үйінің шәкірті Құдайбергенова Асия Т.Бейісовтың «Ақынға арнау» әндерін орындап,шараға қатысушылар ақынның ойлы,да сырлы поэзиясынан нәр алды.

Подробнее...

Бір ел – бір кітап акциясының тарихы

«Бір ел – бір кітап» акциясының  тарихы

Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.
Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.

Подробнее...

Ұлт тарихының тарландары атты кітап оқу марафоны

Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтың поэзиясын ел болып оқу мақсатында Орталық кітапханада «Ұлт тарихының тарландары» атты кітап оқу марафоны өтті.Шара барысында белсенді оқырмандар Ә.Тәжібаевтың лирикалық жырларын,даналыққа толы дастандары мен Ә.Кекілбаевтың тағылымы мол,өзіне тән ерекше суреткерлікпен жазылған романынан үзінділер оқыды. Кітапхана оқырмандары «Арал аудандық З.Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестік» төрағасы Ж.Жақып, «Арал әлемі» газетінің редакторы Е.Абдулла,№13 мектеп мұғалімдері Н.Төлепов, А.Қыстаубаевтар әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығарманың рухани маңыздылығына терең тоқталды.

Подробнее...

«Бір ел –бір кітап» акциясы

   Орталық кітапханада кітап оқуды ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, ең үздік туындыларды оқу және насихаттау мақсатына негізделіп, «Бір ел –бір кітап» акциясының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Оқырмандарға биылғы жылдың таңдаулы авторлары сырдың саңлақ ақыны Ә.Тәжібаевтың өлеңдері мен көрнекті қаламгер Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романының таңдап алынғандығы таныстырылды.Кешке Арал индустриялды-техникалық колледж студенттері қатысты. Кеш барысында, «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгерлер» атты мазмұнды кітап көрмесіне шолу берілді.Көрме сөрелеріне 2007 жылдан бастау алған акция тарихына енген ақын –жазушылардың шығармалары топтастырылды Акция жастардың отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылықтарын әрі қарай жоғарлатуына мүмкіндік туғызды.
 

Жан жарасын жазатын жыр тағдыры

Абай атындағы орталық кітапханада ақын Ш.Құдайбердиевтің «Үш анық» шығармасы бойынша «Жан жарасын жазатын жыр тағдыры» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Ш. Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен таныстыра отырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Шараға аудандық № 83, №220 мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысқан жалпы оқырман саны - 28.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін44
Кеше216
Осы аптада1052
Осы айда2415
Барлығы92245

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн