abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Қарапайым қазақтың бір ұлымын

Сексеуіл ауылдық кітапханасында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы бойынша «Қарапайым қазақтың бір ұлымын, жанымды халқым үшін құрбан еткен»  атты  оқырмандар конференциясы болып өтті. Шараның мақсаты: Жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы сынды тұлғаны оқырмандарға үлгі, өнеге ете  отырып, жас ұрпақты отаншылдыққа, патриоттық сезімге, батырлық пен адамгершілікке тәрбиелеу. «Ұшқан ұя» кітабын оқырмандарға кеңінен насихаттау,тәрбиелік  мәнін ашу. Конференцияға №231 мектеп мұғалімдері мен оқушылары, барлығы-30 оқырман қатысты.

Подробнее...

Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар

Орталық балалар кітапханасында «Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар» атты Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы болып өтті. Шара мақсаты: Шығарманы оқыту арқылы адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Талант иелерін тани білуге, ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа, отан сүйгіштікке баулу. Шараға 22 оқырман қатысты.
Бауыржан Момышұлына алдымен тұлға ретінде қалыптасу үшін әсер еткен басты фактор - өзінің түлеп ұшқан ұясы.

Подробнее...

Дархан халықтың данасы

№1 Қалалық кітапханада Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармасы бойынша «Дархан халықтың данасы» атты оқырмандармен ой толғау өткізілді. Мақсаты: Шындық пен шеберліктің шынайы ұштасуы, үн мен ұғымның сұлу үйлесімділігін өз шығармасына арқау еткен Н.Келімбетовтің өмірі мен шығармашылығын қалың оқырманға таныстыру. Қатысқандар-35 оқырман.
Кітапханашы Тлеубаева: Жазушы, ғалым Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» туындысы өмір үшін күресті, шынайы махаббатты, адалдықты арқау етеді.

Подробнее...

Ақыннан қалған асыл сөз

Қалалық балалар кітапханасында әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған бірегей қаламгері Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған «Ақыннан қалған асыл сөз» атты әдеби подиум өткізілді. Қатысқан оқырмандар: 27 адам.
Шара барысында жастарды рухани-ізгілікті жолға бағыттауда, Шәкірімнің өмірі мен шығармашылығына арналып баяндама тыңдалды. Осы кеште рухани әлемнің тылсым сырларына жеткен ғұламаның халық үшін қажымай еңбек ету, ақ жолдан айнымай ар сақтау өсиетін елдік сананы нығайтуға және ұрпақ тәрбиесіне кеңінен пайдалану туралы кеңінен сөз болды. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы слайд көрсетіліп, оқырмандарға оның «Үш анық» кітабын жазудағы мақсаты түсіндірілді.

Подробнее...

Қазақ әдебиетінің классигі-Ш. Құдайбердіұлы

Қамбаш ауылдық кітапханасында Қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, ой-танымы мен күллі рухани әлемінің алып тұлғасының бірі философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақ әдебиетінің классигі-Шәкәрім Құдайбердіұлы» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Қатысқандар-22 адам.
Шара барысында тарих айдынында өткен даналардың артындағы мол мұрасы кейінгі ұрпаққа қалдырған ғибраттық құндылығымен бағалы.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін198
Кеше213
Осы аптада198
Осы айда1561
Барлығы91391

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн