abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Мырзастан шықты шайырлар

myrzastan shykty shaiyrlarАрал ауданы Аманөткел ауылы - Мырзас топырағынан шыққан, түп - тамырын тереңге тартқан жыраулық дәстүрдің, шайырлық жолдың сол өңірдегі жалғастырушыларының шығармаларын тірнектеп жинап, көздің қарашығындай сақтап, енді оқырманға ұсынып отырған ауыл мұғалімі, тарихшы, өлкетанушы Тәңірберген Дәрменовтың "Мырзастан шықты шайырлар" кітабы - тарихи деректі, оқушысына тағылым, рухани нәр беретін дүние.
Тілі жатық, оқылуы жеңіл Т.Дәрменовтың бұл кітабы кітап сүйер қауымға арналған.

Дәрменов Т. Д Мырзастан шықты шайырлар: - Қызылорда: "Тұмар", 2002 - 112 бет

Аралдың ақ Алтыны

araldyn ak altynyБұл кітап «Аралтұз» ашық акционерлік қоғамы жұмысшы қызметксрлері мсн «Аралтұз» Тұз компаниясының» демеушілігімен шығып отыр.
«Аралтұз» ашық акционерлік қоғамының 75 жылдығына арналады.

Айсыз түнгі ақ жұлдыз

aisyz tungi ak zhuldyzЕлін суйген, халқын сүйген абзал азамат Аманғос Есмұрзаевтың жарқын ғұмыры әлеумет. есінде. Оның өмірі - әділдік үшін, ақиқат үшін куреске толы мәнді өмір. Ол өмірге деген асау жігерін өлеңмен өріп отырыпты. Жыр суйер қауым оның нәрлі поэ- зиясынан ұлкен жүректің дүрсілін қапысыз таныры анық. Ақиық азаматтың ақ қанат жырлары Алашына аманат.

Есмұрзаев Аманғос Айсыз түнгі ақ жұлдыз: (өлеңдер, күнделік беттерінен, естеліктер)/ Құраст. Сағат ЖҮСІП, Амангелді ЕСМҰРЗАЕВ. Алматы, 2007. — 200 бет. + суретті жапсырма

Мамырдың майда жаңбыры

mamyrdyn maida zhanbyryӨмірден ерте кеткен жас акынның алғашкы жыр жинағына енген өлеңдер сыршылдығымен ерекшеленеді. Тіршілікке іңкәрлік—ақын поэзиясының алтын арқауы.

Ешекенов С. Мамырдың майда жаңбыры: Өлеңдер — Алматы: Ер-Дәулет, 1995.—55 бет.

Қайдасың Қасқақұланым...

kaidasyn kaskakulanymШынтемір Әмишаұлының бұл кітабына лирикалык өлендері, ата-ана, балалық шақ туралы балладалары, танымдық термелері, туған жер, торқалы топырағы — қасиетті Қасқақұланы жайлы, замандас келбеті, адам болмысы хақындағы толғаныстары топтастырылды.
Ақын әлем халқы назарындағы Аралдың айбынды шағын, бала күнінде көріп, жүрек төрінен мәңгі жай алған қасіретті Теңіздің кемерлі кезін, бүгінгі адам айтса нанғысыз келбетін, «сөнбес сағым, сембес самал, суалмайтын сағынышқа айналған» аянышты халін жыр тілімен әсерлі бейнелейді. Қасқақұланда туған қарапайым қазақтың, «зымыран мінген заманда шекпені шұрық жаяудың» поэзия патшалығына қосқан өзіндік өрнек, жылт еткен жаңалығы қара өлеңнің қадірін білетін оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.
Жыр жинағы мәртебелі поэзияның қанатты пырағын кие тұтатын оқырманға арналады.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін35
Кеше216
Осы аптада1043
Осы айда2406
Барлығы92236

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн