abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Арал аспаны

aral aspanyБұл жинаққа автордың соңғы кездері жазған жырларымен бірге бұрын жарық көрген кітаптарынан да өлең, дастандары еніп отыр. Арал теңізі, оның өңірінің бүгінгі ауыр жағдайы, экологиялық зардаптары ақын жырында көркемдік көрініс табады.

Құс жолы

kus zholyМешітбай Құттықов біраз уақыттан бері өлең жазып келеді. Өзі қоғамдық қызметте жүрсе де, қолынан қаламын тастамай, өмірдің алуан сырын жырға қосады. Алған тақырыптарын өзінше жырлауға, өз дауысын естіртуге талпынады.

Қайырлы түн

kaiyrly tun«Қайырлы түн» — автордың үшінші жинағы. Ақын өзі милиция қызметкері болғандықтан, бұл кітабының бірінші бөлімінде Совет адамдарының зейнетті еңбегінің, достық пен адамгершіліктің, тыныштықтың күзетінде тұрған милиция қызметкерлерінің қиын да құрметті еңбегін шабыттана жырлайды. Ақынның осы жинаққа енгізіліп отырған «Айқас» атты дастаны милиция қызметкерлерінің өмірінен жазылған шығармаларға жарияланған 1971 жылғы республикалық конкурста бірінші дәрежелі бәйге алған. Жинақтың екінші бөлімі әр тақырыптағы лирикалық өлеңдерден тұрады.

Ишандар өткен ғұлама, хабар берген Алладан

ishandar otken gulama khabar bergen alladanБұған дейінгі І кітапта автор Сырдың құяр сағасында ғұмыр кешкен әулиелер, ахундар мен ишандар және молдалар сынды ғұлама дін өкілдерінің өмірі, тұнып тұрған мұсылмандық құндылықтардың мәйегі, ел бірлігінің, ағайын арасының татулығын,сыйластығын дүние танымының негізіне айналдырған қасиетті жандар туралы қызықты деректерді қамтыған болатын. Соның жалғасындай бұл жолы ІІ жинағында да сондай дін ғұламаларының білімі, ой өрісі, дүниеге көзқарасына қарап қазақ қоғамының ұлттық деңгейіндегі қайраткерлер қатарынан табылатындай тұлғалардың Арал, Қазалы аймағында аз емес екендігін тануға болады. Кітаптың тілі жатық, оқуға жеңіл тақырып аясы өте кең.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін39
Кеше216
Осы аптада1047
Осы айда2410
Барлығы92240

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн