abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Армысындар, ағайын

armysyndar agaiynӨздеріңіз өнерін теледидардан талай рет тамашалаған айтыскер ақын, әнші — термеші, әуесқой композитор Ниятолла Өмірзақұлы Раманқұловтың бұл тырнақалды туындысы - әр кездердегі айтыстары мен көңілдің қылын шерткен жыр шоғырларының топтамасы.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әр жылдардағы сөз сайысы топтастырылып, семсер сөз иелері Әселхан, Замаддин, Шолпан секілді көпке танымал ақындармен қоғамды жегідей жеген кеселді дертті, экологиялық апатты, Тіл проблемаларын тілге тиекеткен. Айтыстың өз ерекшелігі, әрбір айтыскер ақынның өзіндік сөз саптауы бар десек, бұл ретте Ниятолла да оқырманын бейтарап қалдыра алмайды.

Арал арайы

aral araiyКітапта екінші тың ерлері, асау толқынмен арпалыса жүріп еңбек етіп жатқан балықшылар, көп ұлтты совет халқының мызғымас ұлы достығы және олардың еңбектегі мол табыстары паш етіледі.
Жинаққа еңген очеркітердің ТІЛІ оқуға жеңіл, оқиғалары тартымды.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады

Дәрмағанбетов Шәкірәт, Арал арайы - Алматы: Қайнар. 1980 — 120 бет.

Маңғаз мұнаралар

mangaz munaralarРеспублика жұртшылығына айтыскер ақындығымен, әнші-термешілігімен танымал Ниетолла Раманқұловтың жаңа жыр жинағына әр кезеңде жазылған өлең-толғаулары, сондай-ақ айтыстары еніп отыр.
Кітап жыр сүйер қауымға арналады.

Раманқұлов Н. Маңғаз мұнаралар (Өлеңдер): - Қызылорда: "Тұмар", 2001. - 92 бет

Тарихи тұлға, тілді би

tarihi tulga tildi bi2005 - Жетес би жылы" аясында жарық көрген "Тарихи тұлға, тілді би" атты кітапшасының редакциялық алқа құрамы: Көлбай Данабаев — аудан әкімінің орынбасары, Әбілбай Садықбаев — Жетес би қорының президенті, Жұмабай Жақып — "Толқын" газетінің редактор - директоры, Әділхан Алданов — ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Алдияр Нұрманов — жастар ісі жөніндегі маман, Айдар Есенжолов — фото тілші.

Тарихи тұлға, тілді би — Қызылорда: "Тұмар'1, 2005. 60 — бет. Ұйымдастырып, шығарушы: Жұмабай Жақып — Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Қарадан шыққан хан

karadan shykkan hanБұл туындыда өткен ғасырда казақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқасқан батыр, көріпкел әулие, ел бірлігін сақтауға ұмтылған Бекмырза хан туралы әңгіме болады.
Көпшілік оқырманға арналады.

Жұмашев Т., 1997, Алматы, 1997 ж. — 61 бет, “Дайк-пресс“, 1997.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін34
Кеше216
Осы аптада1042
Осы айда2405
Барлығы92235

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн