abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Армысындар, ағайын

armysyndar agaiynӨздеріңіз өнерін теледидардан талай рет тамашалаған айтыскер ақын, әнші — термеші, әуесқой композитор Ниятолла Өмірзақұлы Раманқұловтың бұл тырнақалды туындысы - әр кездердегі айтыстары мен көңілдің қылын шерткен жыр шоғырларының топтамасы.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде әр жылдардағы сөз сайысы топтастырылып, семсер сөз иелері Әселхан, Замаддин, Шолпан секілді көпке танымал ақындармен қоғамды жегідей жеген кеселді дертті, экологиялық апатты, Тіл проблемаларын тілге тиекеткен. Айтыстың өз ерекшелігі, әрбір айтыскер ақынның өзіндік сөз саптауы бар десек, бұл ретте Ниятолла да оқырманын бейтарап қалдыра алмайды.

Кітаптың екінші бөліміндегі бір топ өлеңдерде туған жер, жастық шақ туралы ой толғап, ақын тебіренісі тіршілік иірімдерімен терең қабысып жатқанын байқайсыз. Осы бөлімдегі «Жұлдыздың сөнбес жарығы" толғауы Ғани Мұратбаев туралы сыр шертсе, «Жүрек әмірі» атты шағын поэма Ауғанстанжерінде өзінің азаматтық борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза болған жас жігіт Батыржан Шалғынбаев рухына бағышталады. Поэманың түпкі түйіні — ерлікке тағзым ету, батырлықты жалпақ әлемге паш ету...
Жас ақын жолдан бұра шапқан асау тұлпардай кейде артық та айтады: кейде кенересінен асқан көктемгі өзендей асып-төгіліп, енді бірде жасыл бояу шуаққа құндақталады. Бірақ мұның бәрі түгелдей кемшілік емесі анық. Шабыт стихиясы. Ойдың мазасыздығы. Өнер куған жігіттің жүрек лүпілі сезіледі.
Раманқұлов Н.

«Армысындар, ағайын»:(Айтыстар, өлеңдер, поэма) / Пікір айтқан жазушы Сұлтанәлі Балғабаев. — Алматы: «Журналист», шығармашылық бірлестігі 1992. — 77 б

 

КІТАПТЫ ЖҮКТЕУ

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін32
Кеше201
Осы аптада1153
Осы айда5198
Барлығы98838

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн