abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Қайдасың Қасқақұланым...

kaidasyn kaskakulanymШынтемір Әмишаұлының бұл кітабына лирикалык өлендері, ата-ана, балалық шақ туралы балладалары, танымдық термелері, туған жер, торқалы топырағы — қасиетті Қасқақұланы жайлы, замандас келбеті, адам болмысы хақындағы толғаныстары топтастырылды.
Ақын әлем халқы назарындағы Аралдың айбынды шағын, бала күнінде көріп, жүрек төрінен мәңгі жай алған қасіретті Теңіздің кемерлі кезін, бүгінгі адам айтса нанғысыз келбетін, «сөнбес сағым, сембес самал, суалмайтын сағынышқа айналған» аянышты халін жыр тілімен әсерлі бейнелейді. Қасқақұланда туған қарапайым қазақтың, «зымыран мінген заманда шекпені шұрық жаяудың» поэзия патшалығына қосқан өзіндік өрнек, жылт еткен жаңалығы қара өлеңнің қадірін білетін оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.
Жыр жинағы мәртебелі поэзияның қанатты пырағын кие тұтатын оқырманға арналады.

Жауапты редакторы: «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, филалогия ғылымдарының кандидаты, доцент Берік ЖҮСІПОВ
Пікір жазған: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Маралтай Райымбекұлы,
Әмишаұлы Ш. Қайдасың Қасқақұланым...: Өлеңдер/ — Алматы: 2013- 204 бет

 

КІТАПТЫ ЖҮКТЕУ

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін199
Кеше213
Осы аптада199
Осы айда1562
Барлығы91392

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн