abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Әкімшілік

Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Алишева Жанар Ақылжанқызы.

Алишева Жанар Ақылжанқызы 1972 жылдың шілде айының 21 жұлдызында дүниеге келген.
1989 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөліміне оқуға түсіп, 1991 жылы қарашаның 15-де Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Абай атындағы аудандық орталық кітапхананың «Жасөспірімдер секторының» кітапханашысы болып жұмысқа қабылданды.
1993-1999 жылдары №3 кітапхана филиалында кітапхана меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
Еңбектен қол үзбей жүріп 1999-2004 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, «Филология» факультетін бітірді.
2000-2016 жылдары А.Гайдар атындағы аудандық орталық балалар кітапханасында меңгеруші болып қызмет жасады.
Облыс, аудан көлемінде өткізілген кәсіби сайыстарға қатысып, бірнеше қайтара аудан көлемінде өткен кітапханашылар сайысының жүлдегері атанды.
2000 жылы Облыстық мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылында ауданның «Үздік кітапханашысы» атанды.
2003 жылы Облыс көлемінде өткен «Балалар кітап әлемінде» атты сайысқа қатысып «Мәдени шараның үйлесімді ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
2005 жылы С.Бегалин атындағы мемлекеттің республикалық балалар кітапханасында өткен семинар кеңеске қатысты.
2008 жылы Облыстық компьютерлік сауаттылықтың толық оқу қурсын бітіріп сертификат алды.
2008 жылы Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Алғыс хатымен»
2009 жылы жыл қорытындысы бойынша Облыс әкімінің «Алғыс хатымен»
2011 жылы Республикалық кітапханалар семинарында Облыс әкімі орынбасарының «Алғыс хатымен» марапатталды.
2012 жылы Ауданда «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» атағына ие болды.
2018 жылы Министр А. Мұхамедиұлының «Құрмет гамотасымен» марапатталды.
2016-қазіргі күнге дейін Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарады.
Бірнеше рет біліктілікті көтеру сатысынан өтті. 2010 жылы «Кітапхана жүйесіндегі кітапханалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа процестері» тақырыбында және 2018 жылы «Қазіргі кезеңдегі кітапханалардың дамуы: жаңа технологиялар мен ақпараттық ресурстар» тақырыбында сертификат алды. Кітапхана саласында еңбек стажы 27 жыл. Жанұялы.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін36
Кеше216
Осы аптада1044
Осы айда2407
Барлығы92237

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн