abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Кітапхана құрылымы

Аудандық орталық кітапхана іргетасы 1940 жылы құрылған. 1976 жылы қазіргі пайдаланып отырылған ғимараты күрделі жөндеу есебінен салынып пайдалануға берілген. Кітапхана құрылысының жалпы алаңы 561,4 шаршы метр. Орталық кітапханада оқырмандарға қызмет көрсететін 3 бөлім, 1 сектор: әдістемелік және библиографиялық бөлім, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және кітап қорын сақтау секторы. Барлық бөлім компьютермен жабдықталған.Жаңа ақпараттық технолгияларды енгізу дамыту жолында жұмыстар атқарады.Кітап қоры электронды каталогқа көшірілуде.Өлкетану әдебиеттерін сақтауда 10 кітап сандық форматқа көшірілді.

Әдістемелік және библиографиялық бөлім


Бөлім аудандағы 1 аудандық орталық, 1 аудандық орталық балалар,1 қалалық балалар,3 қалалық, 33 ауылдық кітапхана филиалдарына жұмыс бағыттарын үйлестіруші және бағыт беруші орталық болып табылады.

Бөлімнің жұмысының негізгі бағыттары:
*Бөлімдегі жұмыстарды ұйымдастыруға;
* жоспар бойынша есеп және мониторинг жүргізу;
* әдістемелік зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуге;
* Кітапханалық кеңестер, әдістемелік құралдар, озат тәжірибелерді насихаттау;
* іс-қағаздарын жүргізуге басшылық жасау;
* кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында семинар-кеңестер, тренингтер,
конференциялар өткізу;
* кітапхана қызметін жарнамалау, жұмыс процесстерін ұйымдастыру;

Кітап қорын толықтыру және әдебиеттерді өңдеу бөлімі

Аудан кітапханаларының кітап қорын кітаптар, ноталы басылымдар және аудио басылымдармен жүйелі толықтыру жұмыстарын жүргізеді. Келіп түскен жаңа әдебиеттердің есебін жүргізеді, өңдеуден өткізіп кітапханаларға таратады, каталогтау жұмыстарын жүргізеді. РАБИС бағдарламасы бойынша кітаптарды электронды каталогқа енгізеді. Кітап қорынан шыққан кітаптардың есебін шығыстау.Аудан кітапханаларына әдістемелік көмек көрсетеді.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі

Бөлім оқырмандарға абонемент және оқу залы арқылы қызмет көрсетеді. Бөлімнің кітап қоры - 78115 дана, оның мемлекеттік тілдегісі – 37099 дана. Бөлім жыл ішінде жалпы 4632 оқырман қамтып, оларға жыл ішінде 95008 дана кітап береді.Бөлімде 2004 жылдан бастап «Өнерпаз», « Зерек » клубтары жұмыс жасайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында аясында «Тағылымы терең, байлығы ерен өлке» ,«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Асыл ұрпақ», «Жүз сұраққа –жүз жауап», «Туған өлке - тұнған шежіре» жобаларымен жұмыстар жүргізілуде.

Абонемент

Оқырмандар абонемент арқылы үйге кітап алып оқиды. Қор құрамын 8 білім саласы құрайды: Абонементте оқырман құрамы түрлі топқа бөлінеді. Мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, денсаулық сақтау қызметкерлері, студенттер, жұмысшылар, зейнеткерлер мен мектеп оқушылары. Жыл ішінде 1954 оқырман қамтып, оларға 44900 дана кітап беріледі.Мүмкіндігі шектеулі оқырмандар үшін арнайы қызмет көрсетіп отырады.

Оқу залы

Оқырмандар құнды кітаптар мен мерзімді басылымдарды оқу залында отырып пайдаланады. Оқу залының кітап қорын негізінен энциклопедия, анықтамалықтар, сөздіктер құрайды.Оқу залы оқырман сұранысы бойынша түрлі анықтамаларды орындап отырады. Жыл ішінде 2678 оқырман оқу залын пайдаланып, оларға 50108 дана кітап берілген. Оқырмандар сұранысын Интернет қызметін пайдалана отырып түрлі тақырыпта мәліметтер ала алады.Мәдени шаралар, оқырман сұранысына орай түрлі тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырылады.

«Өнерпаз» клубының мақсаты:

Қазақ халқының өнер жолындағы таланттар туралы жазылған әдебиеттерді насихаттау, олардың өнері мен шығармашылық жолдарын таныстыру.Өнер адамды –асқасқ сезімге бөлейтінін,адамның жан-дүниесін нұрландырып,байыта түсуге ал өмірдің өзін кемелдендіріп игілікті етуге бастайтын жол екендігін насихаттай отырып, оқырмандарға арасында өнерге құштар жастарды өнерге баулу.

«Зеректер» клубының мақсаты:

Білім мен ғылым жолы көп ізденіспен, талпынысты қажет ететін ұзақ жол. Жастарды кітап оқуға, көп білуге, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, осы мақсатта ғылым, техника т.б. салаларға қызығушылғы бар жастар арасында түрлі сайыстар, викториналық ойындар ұйымдастырылып,олардың белсенділік танытып, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.

«Тағылымы терең, байлығы ерен өлке» атты жоба


Жобаның мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу,шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп көрсетілген. Сондықтан жоба негізінде тарихы терең, қойнауы кең өлкеміздің тарихын, өркендеген өңірдегі өрелі істерін таныстыра отырып, жастарды өлкетану әдебиеттерін оқуға, туған жердің табиғатын, тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуге үйрету,өз елінің патриоты болуға, бойында отаншылдық сезімі мен еліне деген сүйіспеншілігі мол, салауатты да сауатты иманжүзді жастарды тәрбиелеп, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
«Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында «Асыл ұрпақ» жобасын іске асыру мақсатында оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту,кітап оқу белсенділігін арттыру.Жастардың дүниетанымын,ой-өрісін дамытып,білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жылдың үздік оқырманы», «Жүз сұраққа –жүз жауап», «Туған өлке - тұнған шежіре» жоба жұмыстары жүргізілуде.

Кітап қорын сақтау секторы

Кітап қорын сақтау – кітапханалар қызметін-дегі басты бағыттардың бірі. Кітапханаларда кітап қорларының сақталымын қамтамасыз етуге тиісті шаралар мүмкіндігінше толық қарастырылған. Бөлім «Өлке тану» әдебиеттерін жинақтау бағытында жұмыстар жүргізеді. Аудан кітапханаларындағы және жеке тұлғалардың меншігіндегі қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптарды іздестіру, жинақтау бағытында жұмыс атқарады.Кітап қорындағы электронды нұсқаға көшірлген кітаптар саны 246 дана

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін34
Кеше216
Осы аптада1042
Осы айда2405
Барлығы92235

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн