Кітапхана тарихы

Категория: Кітапхана туралы Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 962

Арал ауданында 1940 жылдары-9, 1950 жылдары-13, 1960 жылдары-21, 1970 жылдары-33, 1980 жылдары-46, 1990 жылдары-52 кітапхана жұмыс жасады.
1995-1996 жылдары нарықтық қатынастарға байланысты 17 кітапхана жабылып, өз жұмысын тоқтатты.

Аудан кітапханалары саны-39, оның 33-і ауылдық жерде. Кітапханалар қоры-596294 дана, оның мемлекеттік тілдегісі-355318.
2000 жылы «Мәдениетті қолдау» жылы болып жариялануына орай, аудан әкімінің өкімімен Сексеуіл ауылдық балалар, Қарашалаң ауылдық кітапханасы қайта ашылды.
2002 жылы облыс әкімінің «Сыр мәдениет-жаңа ғасырда» бағдарламасымен Сапақ ауылдық кітапханасы қайта ашылды.
2009 жылы Арал аудандық маслихаттың шешіміне сәйкес, аудан әкімдігінің қаулысымен Аққұлақ ауылдық кітапханасы қайта ашылды.
1980 жылдары аудан кітапханалары «Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» болып қайта құрылды. ОКЖ-нің мақсаты бір орталықтан кітапханалар жұмысына басшылық жасау, кітап қорын жүйелі толықтыру, осы бағытта аудан кітапханалар жүйесін тарихында біршама жұмыстар атқарылды.
1989 жылы аудандық орталық кітапханада облыстық зерделі-кеңес «Республикадағы кітапхана ісін одан әрі дамыту» бағытында «Қайта құру және кітапхана ісі: проблемалар, әзденістер, шешімдер» атты дөңгелек стол өтті.
1991 жылы Аудандық орталық А.Гайдар атындағы балалар кітапханасы базасында «Балалар кітапханасының жұмысы, кітап қорын пайдалануды зерттеу» тақырыбында облыстық зерделі-кеңес өткізілген.