abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік

TauelsizdikАудандық орталық кітапхана Аудандық мәдениет үйінде 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай өткізілген «Елімнің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» атты салтанатты шара аясында «Айбыны асқақ,тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан !» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесін ұйымдастырып,көпшілік назарына ұсынды.
Кітап көрмесінің мақсаты: Еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері мен қарқынды дамуы туралы әдебиеттермен кеңінен таныстырып, мәні мен маңызын түсіндіру,оқырмандардың еліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру.
Көрме 4 бөлімнен тұрады;
1. «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»
2. «Еліміздің еркіндігі-Тәуелсіздік»
3. «Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры»
4. «Тәуелсіздік шежіресі»

Елін сүйген Елбасы

ElbasyАбай атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Оқырмандарға Елбасының өнегелі өмірі мен сарабдал саясаткерлігін,іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау,Тәуелсіз мемлекет қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлі мен ел үшін жасаған өнегелі істері туралы әдебиеттермен таныстыру,өз Отанын ,елін сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу.
Көрме: «Елбасы өмірінің жарқын беттері», «Көшбасшысы қазақтың дара тұлға», «Береке- бірліктің кемеңгері Елбасы», «Әлемге елі танылды» атты төрт бөлімнен тұрады.Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Елбасы», «Үшқоңыр», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік дәуірі», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Елбасы сыныптастары». М.Қасымбековтың Елін сүйген,Елі сүйген Елбасы», М.Қасымбеков «Нұрсұлтан деп ат қойдым», Қ.Сұлтанов «Елбасы және қазақ мемлекеттігі», А.Ғафоров «Еліне елеулі Елбасы», Сәулебек Айтбай «Елбасының алтын бесігі», «Елбасы және мәдениет»,Н.Онжанов «Бітімгер», «Елбасы» фотоальбомы,сонымен қатар Елбасының балалық шағынан бастап,ерен еңбектерін жан-жақты қамтыған әдебиеттер қойылды.

"Еңбек ері атағын алды"

EnbekEri          Қалалық балалар кітапханасында,белгілі қаламгер , жерлес жазушы Ә.Нұрпейісовтің 95 жасқа толу мерей тойы және « Қазақстанның еңбек ері» атануын оқырмандарға таныту барысында «Еңбек ері атанған -Әбдіжәміл» атты көрме жанындағы әңгіме ұйымдастырылды. Әңгіме аясында, оқырмандарға Ұлттық әдебиетті дамытудағы айрықша еңбегі үшін жазушы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтың жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атанғаны кеңінен танытылып , қаламгердің шығармашылығына шолу берілді.

Жұмыс істеу тәртібі

Кітапхана күнделікті сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.
Үзіліс : үзіліссіз
Әр айдың соңғы жұмыс күні – тазалық күні.
Демалыс күні - жексенбі.

Кітапхана бөлімшелері

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін187
Кеше213
Осы аптада187
Осы айда1550
Барлығы91380

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн