Елін сүйген Елбасы

Категория: Кітапхана туралы Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 1548

ElbasyАбай атындағы орталық кітапханада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Оқырмандарға Елбасының өнегелі өмірі мен сарабдал саясаткерлігін,іскерлік қабілетін кеңінен насихаттау,Тәуелсіз мемлекет қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлі мен ел үшін жасаған өнегелі істері туралы әдебиеттермен таныстыру,өз Отанын ,елін сүйетін патриот тұлға тәрбиелеу.
Көрме: «Елбасы өмірінің жарқын беттері», «Көшбасшысы қазақтың дара тұлға», «Береке- бірліктің кемеңгері Елбасы», «Әлемге елі танылды» атты төрт бөлімнен тұрады.Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Елбасы», «Үшқоңыр», «Ғасырлар тоғысында», «Тәуелсіздік дәуірі», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Елбасы сыныптастары». М.Қасымбековтың Елін сүйген,Елі сүйген Елбасы», М.Қасымбеков «Нұрсұлтан деп ат қойдым», Қ.Сұлтанов «Елбасы және қазақ мемлекеттігі», А.Ғафоров «Еліне елеулі Елбасы», Сәулебек Айтбай «Елбасының алтын бесігі», «Елбасы және мәдениет»,Н.Онжанов «Бітімгер», «Елбасы» фотоальбомы,сонымен қатар Елбасының балалық шағынан бастап,ерен еңбектерін жан-жақты қамтыған әдебиеттер қойылды.