Тіркелу, пайдалану ережесі

Категория: Оқырмандарға Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 604

- Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.
- Кітапханалар кітап қорындағы барлық басылымдармен пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады.
- Кітапхана Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.
- Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың құқы бар. Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері жүзеге асырады.
- Кітапхана өңір тұрғындарына, олардың кәсіби қызметі, діни және саяси көзқарастарына қарамастан және қандай да болса меншік құқығындағы заң тұлғаларына шектеусіз қызмет көрсетеді.
- Кітапханаға жазылу үшін пайдаланушының жеке куәлігі болу керек. Пайдаланушының кітапханаға жазылу барысында кітапханашы оған арналған жеке формуляр толтырады.
- Әр пайдаланушы кітапханаға жазылу кезінде міндетті түрде кітапхананы пайдалану Ережелерімен таныстырылады. Ережелерде көрсетілген міндеттемелермен және оларды орындауға жауапкершілікпен келісетінін растап өзінің қолын қояды.
- Пайдаланушы өзінің қолын қою арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қызметіне жүгінетін тұрғындар әлеуетін зерттеуге, кітапхананың статистикалық есебін жүргізуге, мекен-жайлық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін пайдаланушылардың дербес деректерін өндеуге келісім береді.
- Әр жыл сайын кітапханада міндетті түрде қайта тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Қайта тіркеу барысында пайдаланушылар өздерінің жеке куәліктерін ұсынады. Сонымен қатар, пайдаланушылар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген өздері жайлы қандай да болса мәлімет: мекен-жайы ауысып, аты-жөні немесе тегі өзгерген жағдайда, ол жайлы кітапханашыларды ақпараттандыруға міндетті.
- ОКЖ қызметтері мен оның жұмыс уақыты туралы ақпаратты 2-24-96 телефоны арқылы білуге болады.