abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Жергілікті ақын, жазушылар

Ақын Толыбай Абылаев.
(1952)

Толыбай Абылаев 1952 жылы Арал ауданындағы Ескібөген елді мекенінде туған.
Өлеңдері облыстық,республикалық баспасөзде жарияланып келеді. 1974-1977 жылдары Кентау,Алматы қалаларында өткен Қазақстан жас ақын-жазушыларының кеңестеріне қатысты.
1986 жылы «Шағала» атты балаларға арналған тұңғыш жинағы жарық көрді.
«Тұмар» баспасынан «Арал көшіп келеді» атты жыр кітабы жарық көрді. Т.Абылаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Арал аудандық «Толқын» газетінің бөлім меңгерушісі. Ақын Толыбай Абылаев қаламынан туындаған жырлары үшін Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты атанған.

Подробнее...

Мемлекет және қоғам қайраткерлері

 

Жасекенов Құдайберген.
(1924-2000)

Жасекенов Құдайберген 1924 жылы Арал ауданы, Құланды ауылында туған. Бұл жылдары 1932-1938 жылдары Ауан жетіжылдық мектебінде, 1939-1941 жылдары Шалқар қалалық орта мектепте оқиды.1942-1944 жылдары Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1944 жылы ауыр жарақаттанып елге оралады. 1944 -1949 жылдары Ауан балық зауытында , балықшылар кооперациясында еңбек етеді. 1949-1960 жылдары Арал аудандық комсомол, партия комитеттерінде нұсқаушы , үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып, абыройлы қызметтер атқарады. 1960-1986 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1986-1995 жылдары аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, ақылшы-ұстаз болды. Ол 1953-1958 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, тарих факультетін бітірді.
Отыз бес жылдан астам мәдениет саласын басқарып, халықтың рухани-мәдени көтеруге өзінің бар ұйымдастырушылық қабілетін, білімін жұмсады. Осы кезеңдерде кітапхана, клубтық мекемелердің материалдық-техникалық базасы недәуір нығайып, олардың жұртшылыққа қызметі арта түсті.
Қ.Жасекенов халықтық өнердің дамуына, әсіресе, жас таланттарды тәрбиелеп өсіруге көп еңбек сіңірді. Оның осындай игілікті атқарған еңбегінің нәтижесінде аудандық мәдениет үйінің домбыра оркестріне Қазанғап (1967ж.) драма ұжымына «Халықтық» деген құрметті атақтар берілді.

Подробнее...

Арал ауданындағы 16 Социалистік Еңбек Ерлері

Арал аудандағы 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің
өмірдерегі мен еңбек жолы туралы мәлімет

Әлімбетов Төлеген (1926-2002)
Әлімбетов Төлеген 1926 жылы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан ата жолын қуып балық аулауды кәсіп еткен. Аралдың асау толқынында шыныққан қажырлы қайратиесі,ол өзі еңбек ете бастаған жылдарда жоғарғы көрсеткіштерге жетіп,өз ұжымының,өз ауылының,қала берді бүкіл ауданның мақтанышына айналған абзал азамат болатын. Ол басқаратын «Калининград» кемесінің ұжымы жыл сайын жоғары көрсеткішке жетіп,биік белестен көрініп,аудан,облыс,республикаға танымал болған. Төлеген 1959 жылы «Ленинград» балық кемесімен ашық теңіз бетіне шығып,Қасқақұлан,Көзжетпес,Ұялы сияқты терең аймақтарда балық аулап сол жылы мемлекетке 794 центнер балық тапсырған. Ал одан кейінгі жылдары кеме балықшылары 1,5 центнерден асыра балық аулады. Төлеген Әлімбетов ерен еңбегі үшін 1966 жылы Ленин орденімен наградталды. «Бір хаттың ізімен» атты дерекуті кинофильмге түсірілді. СОКП ХХІҮ сьезіне делегат болып қатысуы Төлегеннің өміріндегі үлкен бір кезең болды. Әлімбетов өз еңбек еткен Бөген балық аулау базасының қоғамдық өміріне белсене қатысқан ардақты жан,үлгілі жанұя басшысы болатын. Әлімбетов Төлеген еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі президиумының 1971 жылғы 26 сәуірдегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Социалистік Еңбек Ері,қос Ленин орденінің иегері,СОКП ХХІҮ сьезінің делегаты,дербес зейнеткер Төлеген Әлімбетов 2002 жылдың 19 шілде айында қайтыс болды.

Подробнее...

Өлкедегі тарихи тұлғалар

Александр Мин
\ 1915-1944 ж /

Александр Павлович Мин 1915 жылы Владивосток қаласында туған. Соғысқа дейін Арал қаласында кәріс бастауыш мектебінде мұғалім болды. 1943 жылдың мамыр айында Қызыл Армия қатарына алынды. Рязаньдағы жаяу әскерлер училищесін бітірген соң Батыс,Орталық,І-Украина,І-Белорусс майдандарында ұрысқа қатысты. Атқыштар взводы,ротасы мен батальонның командирі болды.
Волынск облысындағы Ковель қаласы үшін болған шайқаста ол басқарған батальон жауынгерлері қаһармандық ерлік көрсетті. 1944 жылдың 9 шілдесінде дұшпанның ту сыртынан шабуыл жасады. Гитлершілер ұрыс даласында өліктері мен соғыс техникасын тастап, бет-бетіне қашты. Породубы қыстағында немістермен бетпе-бет айқастарға түсті. Бұл жерде де дұшпандар жеңіліс тапты. Осы жерде А.Мин өлімші болып ауыр жараланды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1945 жылдың 25 наурыздағы Жарлығымен Александр Павлович Минге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Подробнее...

Арал өңірінен шыққан тарихи тұлғалар

Сыр өңірі тарихи тұлғалардан-би,батыр,ақын,жыраулардан кенде емес. Оның ішінде өзіміздің туған жеріміз де Арал өңірі де тарихи тұлғалармен кеңінен танымал. Осындай тұлғаларымызды ұлықтау бүгінгі күндері біздің перзенттік парызымыз болып саналады.Біз бұған дейін үш жүзге аты мәлім Жетес би,сондай-ақ Бекмырза хан,аяулы ақынымыз Зейнолланы ұлықтап,ескерткіштері ашылып,кітаптар шығарылып ауданымызда оларға деген өшпестей өнегелі іс тындырдық.
Бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің тарихи маңызын ұрпақтарымыз қадірлеп, қастерлеуі үшін «Тәуелсіздік» алаңында ескерткіші орнатылып,оғанАрал тарихына қатысты Әйтеке би бастаған10 билер,Сартай батыр бастаған 10 батырлар,Нұртуған ақын бастаған 10 ақын-жырауларымыздың скульптуралық ансамблі тұрғызылған.
Еліміздің бірлігін,ынтымағын,салт-дәстүрін,намысын сақтауда зор еңбек сіңірген ұлттық мақтаныштарымыздың ерлігі мен өрлігі танытатын тарихи мемориалдық кешені орналасқан «Тәуелсіздік» алаңының ашылуы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, тәрбие берері ақиқат.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін39
Кеше216
Осы аптада1047
Осы айда2410
Барлығы92240

Қазіргі оқырмандар саны

2
Онлайн