Жетес би

Категория: Танымал есімдер Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 699

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында жергілікті жердегі тарихи маңызы бар киелі орындарға арналған жастар керуені.
«Кітапхана және жергілікті тарихи мекендер шежіресі»
Мақсаты: Алты алашқа аты мәлім, аузы дуалы би Жетес би кесенесі мен Ақшоқы төбесіндегі баба белгісі, Қарабас әулиенің жары Аппақ ана тілеуханасына оқырман жастарды апару арқылы киелі орындардың тарихы мен аңыз әңгімелерін сырына қанықтыру.

1. Тарихи тұлға, тілді би Жетес.

Жоспары:
1. Жетес бидің - өмір жолы
2. Жетес бидің өсиет- нақыл сөздері
3. Жетес бидің ата-тегі мен ұрпақтары
4. Қорытынды

Кіші жүзде билік – шешендік дәстүр Әйтеке бимен шектеліп қалмаған. Осындай даналық дәстүр Кеңес үкіметі құрылғанға дейін де дамып қалыптасты. Оныңнақты мысалын Сыр өңірінен де саралап айқын айта аламыз. Соныңбірі 1828-1914 жылдары Сыр бойында өмір сүрген Жақайым Жетес би Қыстаубайұлы.
Жетес Қыстаубайұлы (1828-1914жж) — бұрынғы Райым фротына жақын «Ескіұра» деген жерде туып, өмір сүрді. Ескіұра елді мекені Райым көлінің жағасында. Зерділі қарттардың айтуынша, Жетес әкесі Қыстаубайдан жастай қалады. Балалық шағы ауыл балаларымен бірдей мал бағумен өтеді. Дегенмен, оның зеректігі, алғырлығы, шешендігі мен сөзшеңдігімен қатарларынан ол ерте ерекше дараланды.

Жетес бидің өсиет, нақыл сөздері

Жетес бабамыздың өсиет, нақыл сөздері-ұрпаққа үлгі. Жетес айтқан зерделі сөздері – ұрпаққа өсиет. Ал оны өнеге тұтқан адам ешқашан кем болмайды. Оның айтқан әрбір сөздеріне әлеуметтік тұрғыдан қарай білу керек.
Жетес би сөз зергері. Оның өзіндік сыры бар екен. Баба елге билік жасай жүріп, беренесінсақтай білген. Сол зерделі сөздеріне тоқталсақ. Кезінде қара қылды кақ жара әділ билік айтып, ел намасын қорғаған, "кімсің, Жетес би" атанған жақайым Жетес би әуелі өзін ел-жұртқа таныстырарда:

Арты атам ұлы Шекті, Жібек апам,
Сонан соң Тілеу, Қабақ, ол да бабам.
Бергі атам қойлы Дәкен, Жетес бимін,
Мекенім - Арал, Шалқар, құмды далам... -

деп термелеп алады екен. Атағы бүткіл елге жайылып кеткен, қыз біткеннің сұлуы Қыз Жібектей арудың атын есіткен жұрт "ә, Шекті елінен шыққан атақты Қыз Жібектің ұрпағы екенсіз ғой" деп, Жетес биге айрықша құрмет көрсетіпті.

* * *
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы.
Сөздің сәні – өнегелі, өткір нақылы,
Пікірдің сәні – ең пайдалы, мақұлы.
* * *
Түлік асылы – жылқы ғой,
Асылыңды жақын етер.
Баланың жақсысы – қыз ғой,
Дұшпаныңмен тату етер.
* * *
Қонақ келсе, құт келер,
Азбайды қонақ күткен ер.
* * *
Сөз асылы – елде,
Кен асылы – жерде.
* * *
Қасқыр қандыауыз болғандықтан,
Қас дұшпаны көп.
Қой момын болғандықтан,
Қамқоршысы көп.

Жетес бидің ата-тегі мен ұрпақтары

Жетес бидің шыққан ата-тегі туралы жоғарыда өзі айта беретін бір шумақ өлеңді толықтыра айтсақ, былай болып шығады: Кіші жүз Бекарыс - Ордаш - Мөңке - Шаншар - Тұлпар - Тоқпан - Алау - Алшын - Құдияр - Қайырбай, Қайырбайдан Байсары, Әлім, Шөмен. Әлімнен Байсары (Кете), Айқын, Ұланақ, Жаманақ (Шекті), Тайқожа, Тегенболат. Қараманақ аталары шығады. Жаманақтан - Шыңғыс, Әріс, Баубек, Мөку. Мөкуден - Айт, Бұжыр, Назар, Жәкей - Шүрек, Айттан - Тілеу, Қабақ. Тілеуден - Әлдеберді, Есіркемес, Мөңке, Өтембек, Жақсымбет. Әлдебердіден, Қозыбай. Қозыбайдан - Қырмаңдай, Бейіс, Сүйіндік, Сәдібек. Сәдібектен - Жоңлыбай, Қуат, Қуаныш, Дәкен. Дәкеннен - Жүзбай, Мыңбай, Мыңбайдан - Таңқай, Таубай, Назарбай, Жүндібай, Жаный... (үш баласының аты белгісіз) одан соң Жетес екен. Демек, Жетес би Мыңбайдың тоғызыншы ұлы - ең кенжесі, болғанын аңғарамыз. Жетестен Сүлеймен, одан Тұраш, Сәнтай, Аскар, Абылай, Болат, Марат және үш қыз туған. Бізге осы шежіре-деректі жіберіп отырған Жетес бидің немересі - Сәнтай Жетесов. Бүгінде техника ғылымының докторы, Карағанды политехникалық институтында істейді. 

Жетес бидің ғүмырнамасы жәнінде дәйекті деректеме жеткіліксіздеу. Архивте, жазба әдебиеттерде кездесе бермейді. Тек қана қазақ билері жәніндегі ел аузында кездесетін аңыздарда есімімен бірге бірер тапқыр сөздері айтылады. Жетестің шешендік атағы ең алдымен сыр Шектісі, Қыр Шектісі деп аталатын елдер арасында мәлім бола бастаған. Орта жасқа келгенде оның билік даңқы бір жаты Орынбор, бір жаты Қаракалпақ халқы арасына жайылады. Әділ төрелігі, шешендік алғырлығы үшін ел-жұрт оны құрметтеп, арнайы ат жіберіп алдырған.

ЖЕТЕС БИДІҢ ТОҚТАМЫ

Төле би тоғыз жасында сексенге келіп отырған Жетес биді іздеп келеді. Екі-үш күн қонақ болған соң, Төле би қайта еліне жүрмек болғанда, Жетес би оған бата береді.

Сөзінің соңында:

-Балам, басқа бұйымтайыңды айта отыр. Бата басқа бітер, қына тасқа бітер. Жолға шығып өкінбе, ақылың болса төгілме, атамда бір сөз қалды деп түкірме. Тағы немді қаладың? – дейді. Сонда Төле би:

– О, қасиетті ата! Ат берсеңіз – өліп қалады, тон берсеңіз – тозып қалады. Онан да өлмейтін, тозбайтын тағы бір бұйымтайымды айтайын, – дейді.
Жетес би:

– Әп, бәрекелде!.. Айта бер! – дейді.

Сонда Төле би:
– Әр он жастың арасын бір белес десек, соны неге ұйғарып, неге баладыңыз?

Жетес би:
– Онға келдім, – ойнадым, қызығына тоймадым. Жиырмаға жеттім – бойладым, онда да балалықты қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, жаман сөзге күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншектерге шүйілдім, жауларыма түйілдім. Отызға келдім – алтайы қызыл түлкі болдым: қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбының көңілін қалдырмадым. Қырыққа келдім – арғымақтай аңқылдадым, тау тағысындай саңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, құз қыранындай шаңқылдадым, барымды жоқ деп сарқылмадым. Елуге келдім – биік қырға шықтым, арғы жағының алыс-жақынын байқамадым, дәулетімді шайқамадым. Алпысқа келдім – алты тарау жолға түстім; қайсысының алыс-жақынын білмедім. Жетпіске келдім – жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім. Сексенге келдім – оң жағым от, сол жағым су, алдым жар, артым құз; қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым, – депті.

Қорытынды

Биыл Жетес би бабамыздың туғанына 190 жыл толып отыр. Дүйім елге әділ билігі, тілге шебер, сөзге шешендігімен танылған Сыр елінің саңлақ перзенті, аты үш жүзге мәлім Жетес би Қыстаубайұлын ұлықтау мұнан бұрында айтылып жүрген болатын. 

Аудан әкімінің өкімімен 2005 жылы Жетес би жылы болып белгіленді. Сонымен қатар Райым елді мекені Жетес би ауылдық округі болып аталды.
Ауқымды жұмыс аталмыш қордың өз қаржысымен салынған Ескіұра елді мекеніндегі Жетес бидің мазары болды. Қоғамдық қордың президенті Ә. Садықбаевтың ұйымдастыруымен құрылысшы Аралбай Қаппаровтың бригадасы Жетес бидің жермен жексен болған сұлба бейітінің үстінен архитектуралық жаңа үлгіде алып мазарды салды.

Біздің мақсатымыз: Алты алашқа аты мәлім, аузы дуалы би Жетес би кесенесі мен Ақшоқы төбесіндегі баба белгісі, Қарабас әулиенің жары Аппақ ана тілеуханасына оқырман жастарды апару арқылы киелі орындардың тарихы мен аңыз әңгімелерін сырына қанықтыру болатын,ендеше Айтуар ата, Аппақ ана жайында бірер ақпарат бере кетейік.

Жұмыр деген атамыз болған. Оның төрт ұлы болған. Бірінші баласы Күшікүй, екінші баласы Өтеген, үшінші баласы Қарабас, төртінші баласы Сарыбас деген балалары болған. Соның үшінде Қарабас атамызды асы кретін болған, Жұмыр атамыз үлкейген кезінде Қазалыға сауға қой айдап бара жатып, бір керуенге кез болады. Сол керуеннен түстеніп шәй ішіп жүруге қарағанда керуен басымен аманат деп қой қосады. Сөйтіп сол қойды сатып келсе, керуен көшіп кетіпті. Оның аманаты былғары әкеліп бер деген екен. Сол кісі бірінің – бірі аты – жөнін сұраспай бірнеше жыл аманатын Жұмыр ата сақтап жүріпті.

Бір күндерде көшіп жүріп бір тойда кездесіп сөзден – сөз шығып, жөн сұрасып қалса баяғы аманат қой берген кісі екен. Екеуі сұрасып сол арада танысады. Сонда Жұмыр ата аманатыңды сақтадым енді өлес дейді. Ол кісі Қаразым жақтан көшіп келіп жүрген кісі екен. Екеуміз дос болайық дейді Жұмыр атаға. Жұмыр атадан сұрайды, сенің балаң барма деп. Бар дейді ата. Балдарың болса соның ішінде қайсысын жақсы көресің дейді. Сол уақытта Қарабасты жақсы көрем деп, атына мінгізіп жүреді екен. Тоғай қожа сенің балаңды мен бала қылайын дейді. Менің балам бар менің баламды сен бала қыл дейді. Екеуміз дос болайық. Екеуі сол арада бата істеп дос болады. Тоғай қожа Қарабасты көреді. Жұмыр ата Тоғай қожаның баласын көрмейді. Сөйтіп екеуі бата істеп жүре береді. Бірнеше жылдар өткеннен кейін Қарабас ата ер жетіп жазғытұрғы уақытта қой боғып қыстаудың шетінде тұрса, күн сіркереп жауып тұр екен.

Тамның ығында ықтап бір нашар бала тұр екен.

Қой боғып жүрген Қарабас атаны қыз шақырады. Әй бала әкең бар ма, шешең бар ма, болса шақырып кел дейді. Барып әкесін шақырып келсе қыз ата мен қайдан келіп,қайда тұрғанымды білмей қалдым. Мен Тоғай қожа дейтін қожаның баласымен мені қалай апарып әке шешесіне қосасың дейді. Әй шырағым сенің атаңның жері қашық, мен сені оған апара алмаймын. Сен маған бала боласың. Қыздың ата Аппақ әже. Аппақ әжеден Айтуар ата туады. Аппақ әже әулие болған. Қарабас атада әулие болған. Айтуар атаның екі иығында шам жанып жүреді екен. Жаңқожа ата жорыққа бара жатқанда Айтуар атаға сілем бермей өтіп, сол сапардан жолы болмай қайтып келіпті.
Айтуар ата Жанқожа атаның түсіне еніп, қайтадан келіп. Айтуар атадан кешірім сұрап, бата алады. Айтуар ата керемен ұста болған екен. Сол батасын беріп,қылыш соғып береді. Осы сапарда жолы болып, абырой алып келесің. Бұл әулие аталардың әулиелігі осылай болған. Адам түнесе аян беріп, түсіне еніп көрінеді. Содан бері адам түнеп басына шырақ жағады.