Арал өңірінен шыққан тарихи тұлғалар

Категория: Танымал есімдер Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 1227

Сыр өңірі тарихи тұлғалардан-би,батыр,ақын,жыраулардан кенде емес. Оның ішінде өзіміздің туған жеріміз де Арал өңірі де тарихи тұлғалармен кеңінен танымал. Осындай тұлғаларымызды ұлықтау бүгінгі күндері біздің перзенттік парызымыз болып саналады.Біз бұған дейін үш жүзге аты мәлім Жетес би,сондай-ақ Бекмырза хан,аяулы ақынымыз Зейнолланы ұлықтап,ескерткіштері ашылып,кітаптар шығарылып ауданымызда оларға деген өшпестей өнегелі іс тындырдық.
Бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің тарихи маңызын ұрпақтарымыз қадірлеп, қастерлеуі үшін «Тәуелсіздік» алаңында ескерткіші орнатылып,оғанАрал тарихына қатысты Әйтеке би бастаған10 билер,Сартай батыр бастаған 10 батырлар,Нұртуған ақын бастаған 10 ақын-жырауларымыздың скульптуралық ансамблі тұрғызылған.
Еліміздің бірлігін,ынтымағын,салт-дәстүрін,намысын сақтауда зор еңбек сіңірген ұлттық мақтаныштарымыздың ерлігі мен өрлігі танытатын тарихи мемориалдық кешені орналасқан «Тәуелсіздік» алаңының ашылуы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, тәрбие берері ақиқат.

Билер:
Әйтеке би(1644-1700)
1.Байжан би-1689-1757.
2.Басықара би-1720-1798.
3.Тәбекенби-1740-1830.
4.Көбек би-1760-1825.
5.Пұсырман би-1774-1864.
6.Сапақ би.-1774-1859.
7.МатайҮмбет би-1818-1888.
8.Құлбарақ би.-1822-1898.
9.Бекетай би-1826-1876
10.Жетес би-1828-1914.
Батырлар:
Сартай батыр(1711-1785).
1.Құлбатыр-1673-1742.
2.Бақтыбай батыр-1673-1780.
3.Байғара батыр-1701-1731.
4.Жылқайдар батыр-1711-1786.
5.Жылқаман батыр-1712-1796.
6.Ақтан батыр-1770-1854.
7.Жанқожа батыр-1774-1860.
8. Толыбай батыр-1780-1869.
9.Бекбауыл батыр-1788-1874.
10.Есет батыр-1807-1888.
Ақын-жыраулар:
Нұртуған ақын(1887-1930).
1.Есмембет ақын-1827-1870.
2.Қарасақал Ерімбет ақын-1844-1916.
3.Бітімбай ақын-1850-1908.
4.Молда Бәйім ақын-1861-1887.
5.Жаңаберген жырау-1886-1946.
6.Кәрібоз жырау-1892-1937.
7.Жәмет жырау-1894-1970.
8.Жаппарберді жырау-1895-1936.
9.Нұрмағанбет ақын-1897-1937.
10.Дәріқұл жырау-1904-1957.
Әйтеке би.

Әйтеке айтық Байбекұлы 1644 жылы Өзбекстан Қазбибі тауы,Қызылша мекенінде дүниеге келген.1766 жылы –қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,мемлекет қайраткері-Әйтеке би. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Әйтеке Қоқанға 1622-35 хан болған Ақшаның немересі,самарқан әмірі 1622-56 Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Шешендік қасиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді.Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады.Ол әуелі самарқандағы Ұлықбек медресесінде кейінЖалаңтөс баһадүр салдырған сән-сәулетімен әйгілі «Тіллә-кари», «Шердор» медресесінде оқиды. Дін,құқық,аспан әлемі,жағырапия,тарих,араб,пәндерін және парсы,өзбек,шағатай тілдерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару,елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе,Жалаңтөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Әйтекенің он екі жасында Жалаңтөс атасы,он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады.Ол медресесені бітірісімен туған ауылына оралып,әкесі Байбекпен ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару істеріне араласады.Жиырма бір жасында бүкіл Бұхара менСамарқан төңірегіндегі қазақ,өзбек,қарақалпақ, құрама жұртының бас биі болды. «Жеті жарғыға» Әйтекенің ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол- «Сүйек құны», «Өнер құны»,атты шешендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. Қазақ халқының Әйтеке биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де,билер кеңесі кезінде де,ел жиналған айт,ас той тұсында да,жер дауы,жесір дауы, құн дауы көтерілген жерде де, бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешісіп келген.Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар баталар көп сақталған. Ол туралы аңыз әңгімелер мен жырлар да жеткілікті.Биді халық «айыр тілді Әйтеке»деп атаған.Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауы маңын мекендеген төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Әйтекенің тікелей өзінен тарайтын алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда,Ақтөбе облыстарында,бірқатары Өзбекстан Республикасының Науаи облысындағы Нұрата ауданында тұрады.Қазір Әйтеке ауданы,бұрынғы Жаңа Қазалы Әйтеке кенті деп аталады.

 

Басықара би.
Басықара-Қазалы ауданындағы жер.Оны Қазалы ауданындағы каналды Басықара каналы 1928 жылы салынған.
Әйтекенің тұқымдары Тоғанның,Өтебастың,Қосыбайдың,Жалтырдың,Құрмыстың бейіттері Қазалы өңірінде.Өзгені өтірік десек те,бабалардың сүйегі жатқан моланың орнын жалған деуге иманы бар адамның аузы бара қоймас.Қазалы ауданында Әйтеке бидің бел баласы Өтебастың атында үлкен көл бар.Әйтекеніңи шөбересі Көбек ханның атында теміржол бекеті бар,бейіті де сол маңда.Өтебастан тараған Қазанғаптың,Әйтекенің немере інісі Басықара бидің (шын аты Өтесін).негізінен көп ұлыстар тұратын,беделді,атақты адамдардың есімін әдейі, жергілікті халықтың көңілінен шығу үшін қойған.Басықара-әрі әулие,әрі би болған кісі. Сырдария өзені бойындағы ең соңғы су тоспасының осы жерден салынуының да ерекше маңызы бар
Бұл жер біріншіден,өзеннің теңізге қарай бұрылып ағатын иіні,екіншіден жердің биігі. Бұны бұрынғы өткен бабаларымыз да білген.Әйтекеден кейін Сырдарияның төменгі саласында-Қазалы,Арал өңірінде билік құрған үрім-бұтақтары Өтебас,оның немерелері Көбек хан мен Басықара болған. Басықараның немересі Бәймен Жанқожамен қатар өмір сүрген. Бәймен би Арыстан правитель басқарған 1864 жылдарда осы өңірдегі халықты қайтадан жерге орналастыру және жер бөлу жөніндегі комиссияға мүше болған.

Тәбекен би.
Ұрпақтарының зерттеуі бойынша Тәбекен би 1740-1830 жылдар аралығында өмір сүрген.Заманында от ауызды,орақ тілді би атанған бабамыз халқының құрметьіне бөленген. Атамыз өмірінің соңына дейін Жаңақұрылыс кеңшарында тұрған
Тәбекеннен Тыныбек,Айтбай,Мыңбай,Шонан,Қаражан,Көзайдар,Тоғанас тарайды Бұрынғы Жаманқала,қазіргі Ор қаласының маңынан Орынбор губернаторы өз алдына жер бөлген Тәбекен деген көл бар.Ұрпақтары жылқының сүтіне қыл қосып илеп,мавзолей тұрғызған.
2006 жылы баба ұрпақтары Жаңақұрылыс елді мекені жанындағы ескірген бейітін қайта жаңғыртып, жаңа кесене тұрғызды. Бұл кесенені қара таспен безендірген Жетесов Ниязбек,Таяубаев Сапарғали ,Дауылбаев Тоқсанбай сияқты ұсталар. Ата әруағын ардақтап,басына зәулім кесене тұрғызуға қаржылай көмек ұсынған Қазалы аудандық аурухананың бас дәрігері Жарылқаған Мырзалиев, аудандық перзентхана дәрігері Алдақияр Махамбетжанов, марқұм кәсіпкер Талас Үмбетәлиев,Қызылордадағы жол жөндеу мекемесінің бастығының орынбасары Ұзақ Жәкенов,атты кісілер атсалысқан.Тәбекен би дің ел ішінде халық арасында көптеген әңгімелері бар. Бірде ел аралап жүріп жолдастарымен бай адамның үйіне түсіпті.Мұның алдында бұл үйден бір топ ел жуандары сый-құрметпен аттаныпты.
Үй иесі бәйбішесіне: «мал алдыр, тағы да қонақ келді»деп бұйырады.Сонда бәйбішесі: «Әй, сорлы малың не,бір күнде екі мал сойсаң нең қалады? Ана бір лақ бүгін өріске кетпей қалыпты, сол да жетер бұларға»,дейді.
-«Жә, сүйтсең, сүйте ғой»,-дей салады. Бұл әңгімені естіп отырған Тәбекен бата сұраған жаққа: -Кеңесіп сойған лақтан,
Көсіліп ішкен көже артық.
Тоқты сойған қонақтан,
Бұл қонақтың несі артық.
Семіз болса, соя бер,
Арық болса қоя бер,-деп бата еткен екен.

 

Көбей би
Көбей 1710-1785 жылдар аралығында өмір сүрген,халқына белгілі шешен,би атанған.
1779-1780 жылдардағы «Еңлік-Кебек»оқиғасының ішінде болып, жолсыз жазаға ұшыраған екі жастың өліміне қатты қайғырып, тебіренген.Көбей би туралы ұлы жазушы Мұхтар әуезов шығармасында Шәкәрімнің Еңлік-Кебек дастанында айтылған.

Пұсырман би.
Пұсырман би 1774 жылы Сырдария өзенінің аяқ жағындағы Жаңақұрылыс елді мекенінде туылған. Ол бай да,би де болған,оның үстіне замандастарына үлкен ақыл иесі, кесек тұлға ретінде де танылған, мойындалған,көрегендігімен де көзге түскен.Оған дәлел артында қалған сөзі,ісі,ізі.Пұсырман ата өлгенше басынан бақ кетпеген,қазаынан ас кетпеген,белдеуінен ат кетпеген тұлға болған.Бабамыз мал байлығын қоса елді егіншілікке бастаған.арал ауданының Жаңақұрылыс елді мекенінде ол кісі бастап қаздырған арық, егістік алқап бүгінде ел игіліне қызмет етуде. Ел аузында Пұсырман мініс көлігі азық-түлік,киіммен Жанқожа сарбаздарына көмектесті деген әңгіме бар.Пұсырман іскер адам,ірі ұйымдастырушы болған. Ақтөбеден бастап сонау Хиуа хандығына дейінгі аралықтағы жалпақ даладағы қазақ халқының біртуар ұлының бірі болған.Пұсырман би рулар достығы саясатын берік ұстанған. Жақайым,Айдарбек руларын өздерінің ішіне тарту мақсатында сол рулардың шекаралас жеріне қоныс теуіп араласуды мақсат еткен.Әрі ағайын араласады,іргеміз бекиді,әрі егіншілікпен айналысуға қолайлы жағдай туар екен. Осылай рулар достығы саясатын іске асырған. Сырдария өзенінің Арал теңізіне құяр сағасындағы көшпелі руларды отырықшылыққа үйретіп,жерге еге болуға мұрындық болған.Қазіргі Арал ауданына қарасты Жаңақұрылыс ауылы жерін,Ақбөгет арығын,Бекарыстан би ауылының солтүстігінен ішкі арықты дариядан саға алып қаздырып,егін салуға үйреткен.Қазіргі Жаңақұрылыс,Бекарыстан би,Майдакөл,Түктібаев ауылдары сол кезде Пұсырман би қаздырған арықты әлі күнге егіншілікке пайдаланып келеді,халықтың қолданысында. Пұсырман би ұрпақтарының болашағы үшін үлкен алаңдаушылыққа болған. Көшіп-қонып малдың жағдайы жасаған қазақ қысы қатты жылдары таяқ ұстап қалған. «Малбайлық емес, бір жұттық» деп бекер айтылмаған.Сондықтан халықты өмір сүру үшін егіншілікпен айналысуды мақсат тұтып,соңы жүзеге асырған. Келе-келе егіншіліктің қыры мен сырын үйреніп, егіндік жерді аумастырып, тың жерлерді игерген.Бір жылы егін кебір жерге түсіпті. Басқа жерге су жарамайды. Шарасы таусылған егіншілер Пұсырман биге келіп, барлық жағдайды айтады.Сонда би баба егіншілерді ертіп алып,»Иә Алла кебір жерге еккенді кеңірдіктен қыл» деп дәнді уыстан алып,өзібас болып сепкен екен. Пұсырман бидің сол тілегі қабыл болып,күзде өнім мол болып,аузы дуалы атанын тағы бір кереметіне халық тәнті болған.Қотанкөл маңынан егіншілікпен айналысып отырған рулас ағайындар арсында егістік жерге таласып,арты жанжалға ұласады.Жанқожа батыр елдің қадірмен адамдарын қатыстыра отырып дауды қантөгіссіз шешіп береді. Қотанкөлдің ұлтанын жағалай отырып орта тұсынан бөліп беріп,елді бірлікке,бір-біріне алакөз болмауға шақырады. Жанқожа баба соңғы рет Пұсырман би Әулие төбеде отырғанда келген. Екі көреген адамның арасында талай-талай әңгіме-дүкен құрылып сырдың да тиегі ағытылады. Елді,жерді ашкөзденіп анталанған сыртқы жаулардан қорғау жөнінде әңгіме қозғалады. Жанқожа батыр бидің үйіне қонып,қоштасарда: «Қызылқұмда Тықы батырды өлтірген жерге бара жатырмын. Менің ендігі мекенім,Қызылқұм болады.Түнде түс көрдім. Қыдырды үш рет көрген адамсың,сенде жаман болмассың. Ұрпақтарын көп,несібесі жақсы болады»-деп аттанып кетеді.Пұсырман би 1864 жылы қайтыс болған. Бабамызға салынған бұрынғы кесене сол өңірдегі белгілі, есептегі ескерткіш болатын.

Сапақ би
Сапақ би ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген. Патшалық Ресей орта Азияға темір жол құрылысын бастаған кез. Жаз қырға,қыс Сырға жайлап қоныстаған Сапақ бай Қарабұтақ,Ырғыз,Сыр ортасын шарлаған. Сапақ бекетінен 20 шақырымдай Шөмішкөл деген жерде үстіртте көне жолдар ізі жатыр.Сол үстіртте ата-бабаларымыздың тас қазған орны бар. Сол 20 шақырым жерден станцияны салуға тасты тасуға Сапақ түйелерін жалдаған. Түйе үстіне ашамай салынып,екі жағына қоржындап тас тасыған. Тас қашалып,нөмірленіп жіберілген. Үстірт «Тасқұдық» аталады. Сапақ аты теміржол картасында қалды,есімімен елді мекені аталды. Тасбөгет бекетін салуға да Сапақ өз көліктерін берген. Арал теңізі Қамбаш көлімен байланысты болған. «Тасбөгетті» бөгеген өзектің ізі сайрап жатыр. Жан-жағындағы теңіз бақалшағы бір заманда судың табаны болғанын көрсетеді.Сапақ тұсындағы төбе құм «Шықыманда» жаугершілік заманда талайлар жерленген деген жорамал бар.тама Есет батыр осы жерлермен жүріп.құм етегімен өткен.

 

Үмбет би.

Көзі тірісінде-ақ «пірлі би» атанған Үмбет молда Ғалиевтің діни имандылық жолында біраз еңбек еткені оның молда аталуынан-ақ көрініп тұр.Діни оқуды әжептәуір оқыған Үмбет Ғалиұлы заман ағымына қарай ел басқару ісіне бет бұрыпты.Үмбет би ағайынның бірлігі мен тірлігі жолында қажыр-қайратын,ақыл-ойын жұмасаған кісі болыпты,Арал бойының халқы Үмбет биді өле-өлгенше «пірлі би» атап кеткен көрінеді. Үмбет би 1818 жылы туып,1888 жылы өмірден озған.
1864 жылы 11 желтоқсанындағы Арал флотилиясына жолданған құжаттардың бірінде флотилияға сексеуіл дайындаған адамдардың арасынан молда Үмбет Ғалиұлының атын кездестірдік. Үмбет бидің есімі 1849 жылдың 11 қыркүйегінде жазылып, 27 қыркүйекте есепке алынғанТөртқара мен Шөмекей билерінің Орынбор генерал-губернаторына өздерін басқаратын Ғали Тұнғашиннің сорақы істері туралы жазып, қол қойфған 26 бидің ішінде Үмбет би есімі кездеспеді.1868 жылы алғашқы Ақтоғай болысын Үмбет Ғалиұлы басқарған. Болыстыққа негізінен Төртқара руының адамдары құрған.Болыстыққа 1543 шаңырақ, сырттан келгендері93 түтін, көшпенділері 247,жатақтары 1296 шаңырақ. Төртқара зауряд-хорунжий молда Үмбет Ғалиев, ол ертеден қызмет етіп келе жатқан орыс туының астында Ақмешіт қорғанын алумен,Хиуаны жеңуге дейінгі аралықта қызмет жасаған би адам болған.Үмбет бидің арғы тегін шежіре үлгісімен тарқатсақ былайша түзіледі. Әлім одан Төртқара-одан Қараш,Қараштан Сейітқұл би қажы туады.Сейітқұлдың бір баласы Матай.Осы Матайдан тараған ұрпақтары келе-келе аталық дәрежеге жетіп,оның Үмбет сияқты белгілі ұрпақтары баба есімімен Матай Үмбет болып аталған. Үмбет би ел қадірмені болған.

 

Құлбарақ би

Сыр шайырларының ішіндешоқтығы биік,есімі елімгееңінен танымал болған Тұрмағамбет ақын Ізтілеуұлы «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында:
..Құлбарақтың даңқына,
Халық құлағы қанықты.
Өлімнің болды айбыны,-деп бүкіл Алты ата Әлімнің басшысы,қамқоры болғанын айғақтай түсетін жыр жазды. Олай болса-Құлбарақ,Бекбауылұлы өз заманында әділ би,әрі елін, жерін қорғаған батыр.Ал Өтегеннен туған Бекбауыл ел билеген кісі. Оның тірі кезінде-ақ ол тұрған жер Бекбауыл аталыпты.Бекбауылдан-Құлбарақ,Құлбарақ биден-Сердалы туған. Сердалыдан-Әнес тараған. Сердалы да Қазалы уезінде болыс болған. Құлбарақ 1815-1816 жылы туылған.Құлбарақ есімі Ресей құжаттарында ХІХ ғасырдың 50 жылдарының басында Райым бекінісне түйе көлігімен көмектесу кезінде көрініс берсе,1853 жылғы орыс әскерлерінің Ақмешіт бекінісін алуға көмектеседі.Осы қызметі үшін генерал-губернаторлардың ұсынысымен сыйлықпен 1858 жылы марапатталды.Құрманай-Құттықтан тараған қарамағындағы 1200 үйден түтін пұл жинау үшін ояз бастығының 1200 түбіршегін алғандығы жөніндегі қол қойып,8 мамыр 1880 жылы мөрін басқан. Демек,Құлбарақ би ел билігіне 1850 жылдардан бастап араласқан.1863-64 жылдарда Қазалыда ашылған қазақ мектебінде Құлбарақ би немересі Үсенді оқуға берген.Бұл кещде мектеп жетекшісі момын Байдасов болатын. «Ынталы қызметтері үшін» сырдария өлкесіне қарасты билер мен ақсақалдарды марапатталған1865 жылы құжатта 3 болып Құлбарақ Бекбауов зауряд хорунжий атағымен,күміс медаль және қылышпен марапатталған.1870 жылы 11 қазан айындағы Қазалы уездік басқару құжатының бірінде 1868 жылы қараша айында Қаракөл болыс басқарушысы Құлбарақ Бекбауов болған.1874 жылы Құлбарақ тағы да «құрметті қазақ» атағын алды.1873 жылы 16 сәуірде Қаракөл болысының уақытша басқарушысы Боранбай Құлыбаев болды. Құлбарақтан Сердалы,Бердалы,Шындалы,Ердалы тарайды. Сердалының бір баласының аты Әнес одан Мәлік, Нағымжан.

 

Бекетай би.

Бекетай Қатпаұлы 1813 жылдары Арал ауданы Бөген елді мекенінде дүниеге келіп,1870 жылдры осы өңірде қайтыс болған. Бекетай кесенесі Арал ауданының Аққұлақ елді мекенінде Қосаралдың ортасында Бекетай қайтыс болғаннан кейін Ақжарқын деген үлкен қызының ұйымдастыруымен осы Аққұлақ елді мекеніндегі төрт құлақты күмбезделген кесене тұрғызылған. Ал,енді Бекетай атамызға келсек,руы-Күліктің Жаманкөзі,әкесінің аты-Қатпа,заманында бай болған,сонымен бірге ақылды,ойға жүйрік адам болыпты. Қатпаның әкесі,яғни Бекетай бидің туған атасы-Жәңке-үш жүздің ханы Абылайдың қабырғалы алты биінің биі, әрі батыры болған деседі. Бекетай би заманында Қазалы уезі бастығының бірінші көмекшісі болған. Орысша сауатты,халық арасында «мөрлі би»атанған.
Бекетай атамыздың кесенесін қызы,Қазалы өңіріндегі Найзағұл байдың би келіні Ақжарқын анамыз Қазалыдан әдейі тасыттырып салдырған көрінеді. Бүгінгідей техникасы жетілмеген заманда мұндай жұм ысты атқарған Ақжарқын анамызды қайтіп қажырлы,қайратты демессің. Ауылмыздың көнекөз ақсақалымыз,шежіреші Абылай атамыздың айтуы бойынша,Ақжарқын анамыз асқан сұлу,көркіне келбеті сай адами болған екен. Сұлуға кімнің көзі түспеген. Өкінішке орай, бұл жағдай анамыздың да басынан өткен екен. «Ұлы сөзде ұят жоқ» демекші, шындық нәрсені айтқан дұрыс қой. Қалай болғанда Ақжарқын анамыздың еңбегі ерен екені даусыз. Бекетай атамыздың ұрпақтары Алматы,Қызылорда қалаларында тұратын көрінеді.
Жетес би.

Жақайым Жетес би 1828 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Райым форты маңындағы Ескіұра ауылында туған.Шекті руы одан Жақайым атасынан шыққан айтулы Жетес би шешені болған.Жетестің шешендік атағы әуелі сыр шектісі Қыр шектісі деп аталатын елдер арасына таралады.Орта жасқа келгенде оның даңқы бір жағы Орынборбір жағы Қарақалпақ халқы арасына жайылады. Әділ төрелігі, шешендік алғырлығы үшін ел-жұрт құрметтеп ат жіберіп алдырар екен.Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен,әділдігімен көзге түскен.Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген.Жетес бидің Райым,Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер сақталған.Жетес би кезінде украинаның ұлы кобзары Тарас Шевченкомен де кездесіп,сырлас,мұндас болған тәрізді. Өйткені Тарас Жетестің аулы Райым фортында біраз уақыт болған.Халықтың қамын ойлайтын ел қамқоры Жетес би Сыр елінің бірлігін,ынтымағын сақтауда елеулі еңбек еткен Ескіұра елді мекені райым көлінің жағасында,Сырдария жақын орналасқан. Кезінде осы өңір халқы Райым көлінің жағасына шығыр салып егін еккен Артық астықтарын көзден таса, су шаймайтын биік нұраға ұра қазып,соған көмген. Сөйтіп мұндай әркімнің бір-бір ұрасы,жасырын көмбеде астығы болған. Содан бұл жер ескі ұраға айналып, келе-келе Ескіұра атанып кеткен Ескіұраның алдындағы алақандай Райым көлінің дария жақ шетінде үлкен арал бар,оны Жетес аралы деп атайды.Жетес би болумен бірге сөзге шешен адам болған. Сыр өңірінде халық матай Үмбетті пірлі би,Құлбарақты төбе би,Қатпа баласы Бекетайды мөрлі би,ал жақайым Жетесті тілді би деп атанған.Жетес қазақтың тілін жетік меңгерген және оны шебер пайдалана білген адам. Тіл-сарқылмас байлық болса,Жетес сол байлықты халқының дәулетіне арнады,тіл-қуатты құрал болса,Жетес оны елдің бірлігіне бағыштады.Өз тұсында талай менмін деген би-шешендерге тілдің құдіретін танытып,оған табындыра білген. Жетес өле-өлгенше сөйлеп өткен,сөз байлығы сарқылмаған,айтқан сайын көзі ашылған қайнардай ақтарыла түскен. Сөйтіп тілге шешен,елге көсем болған. Жетестің бір қызық әдеті болыпты. Қоржынынан үнемі ет салатын тері шанашы мен дастарханы қалмайды екен. Барған жерден қонақасыға тартқан еттен туралмаған ет,бауырсақтан әлгі шанашқа салып алады екен. Жолында кездескен жолаушыны тоқтатып,дастарқанын жайып, тойғызып жібереді екен. Замандастары одан:-Жентеке,өміріңізде сөзден жеңіліп көрдіңіз бе?деп сұрайды екен.Бір басты екі аяқты пендеден сөзден жеңілмедің деу бекер. Мен де өмірімізде екі рет сүріндім.Бірінде Қадиша қыздан сүріндім.Екіншісінде қабақ Есеттен сүріндім,-деген екен.Жетес би болды, ел басқаруда Байсалбайдың мектебінен өтті дедік. Сол Байсалбай әрі ағасы,әрі қамқоршысы болып жүріп,дүниеден өтерінде «Енді елдің тізгінін саған бердім. Біздің қорадан да бір күшік үрер,соған көзінді саларсың. Атың ұрпақтан ұрпаққа қалар»деп батасын берген екен. Жетес те өз дәуірінде би де болды,болыс та болды.Жастар өсіп,жасы келген соң 71 жасында болыстықтан бас тартады. Орына Байсалбайдың баласы Дәрменқұлды сайлап,ағасының аманатын орындайды.Жетес бидің тәрбиесінен өткен Дәрменқұл да билік тізгінін түзу ұстап,елге сыйлы,қадірменді азамат болып танылады.Жетес Қыстаубайұлы болыстықты тастағаннан кейін Қазалы уезінде жер-су бөлімінде мұрап болып қызмет етеді. Елдің егіншілікке бет бұрған шағында Жетес Қыстаубайұлы мұрап қызметінде жүріп,Сырдариядан Кәпір арығын қаздырады.Оны Құмбазарға,Мақпалға,Жаркөлге жеткізіп,бүгінгі Ақбай алқабының ұлтанына алғаш су әкеліп,осы игілікті іске басшылық жасаған да Жетес атамыз болған.Жасы ұлғайған Жетес Қыстаубайұлы 76-ға келген шағында билік,басшылық қызметтерден бас тартып,сұпылық жолға түседі. Ондағы мақсаты бұл дүниеде адал қызмет еткен Жетес о дүниеге барғанда құдайалдында да адал болайын дегені екен.Бүгінде Жетес биден өрбіген 40-қа жуық шаңырақ бар десек,олардан 100-ден астам ұрпақ тарап отыр.Олар негізінен Алматы,Жамбыл,Шымкент,Ақтөбе,Қызылорда қалалары мен Арал,Қазалы аудандарында қоныс тепкен.Жетес би 1914 жылы қайтыс болған. Оның қабірі Райым ауылының Ескіұра қорымында жерленген.

Батырлар

Сартай батыр.

Сартай Байжанұлы 1711 жылы Кіші жүз Әлім ішінде Жақайым атасынан шыққан. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» жылдарында мың жасөспірім балалардан жеке жасақ құрып соғысқа аттанған.Сартай батыр жасақтаған мың баланың бірі,кейін қазақ-жоңғар соғысында, түрікпендермен,хиуалықтармен қақтығыстарда аты шыққан.Н.Қосжанұлының «Сартай батыр»жыры тарихи оқиғалар желісін арқау еткен көркемдігі мықты шығарма.Осы дастанүшін Қосжанұлы 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, шығармаға тыйым салынды. Жырда мың баланы ң жасаған басқарған 15 жасар Сартайдың Әбілхайыр хан басқарғансарбаздар құрамында болғаны айтылады. Сартайдың Шұбартеңіз,Қалмаққырылған және Аңырақай шайқастарына қатысқандығы туралы тарихи деректер бар. Ел ішіндегі аңыз әңгімелерге қарағанда Сартай тек батыр ғана емес,би де болған. Оның Әбілхайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу счәтіндегі талас-тартыста хан саясатын қолдағаны туралы Тевкелев,Мейер жазбаларында дерек тер бар.Батырдың өз өсеті бойынша денесі Қазалы қаланың оңтүстігіндегі Қызылдың құмындағы Қосым қожа қорымына жерленген.

 

 

Бақтыбай батыр.
Алтын Орданы билеген,үлкен Ноғай ордасының негізін қалаған Едігеден тарайды.Қазақ-қалмақ соғысында Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Шекті руынан шыққан. Әкесі-Төлес би. Бақытбай батыр 15 жасында Әбілхайыр жасағының құрамында шайқасқа қатысып,ерлігімен көзге түскен. Есет батырдың қолдауымен Шекті жасақтарына қолбасшы болып тағайындалған.Есімі сарбаздардың жауынгерлік ұранына айналған. Ол бастаған жасақтар Бұланты және Аңырақай шайқастарында жауды жеңуге үлкен үлес қосқан.Гарбердің басшылығымен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенін Бақытбай батыр басып алып,дүние-мүлкін жергілікті елге таратып бергені баяндалады. Бақытбай батырды жергілікті халық «Әлім Қарасақал әулие»деп те атайды. Бақытбай батыр майдан алаңында қаза тапты. Жем өз бойындағыч «Қарасақал әулие» зиратына қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылында жерленген.

Байғара батыр.

Арал теңізінің шыққан батыр Байғара батыр Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрескен.Әбілқайыр ханның Ресей қол астына ену туралы шешіміне бір-қатар ру басылары келіспей,хан ордасы мен М.Тевкелев бастаған Ресей елшілігіне қарулы қарсылық көрсеткен. Баймұрат батыр бастаған қол 1731 жылы 22қазанда елшілік пен хан ордасын қоршап,15 жылқы барымталады. Сырлыбай Қожасұлы бастаған топтың хан ордасына қарсы күресі бір жылдан астам уақытқа созылды. Хан ордасы мен елшілік күзетінің осы топпен 1731 жылы 3 қарашада өткен қақтығысы кезінде Байғара батыр оққа ұшқан. Байғара батыр қазасының арты үлкен дауға айналып,қарсылық күшейе түсті. Байғара батырдың балалары Атабай,Жангелді,Сарт есімді үш ұлы болған.

 

Жылқайдар батыр.

Жылқайдар 18 ғасырда өмір сүрген батыр.Кіші жүз Әлім тайпасының Жақайым руынан. «Қалмақ-қырылған» шайқасында Әбілқайырдың қосынындағы әлім қолын басқарған мыңбасы Сартай батырдың қол астында 13 жасында ұрысқа кіріп,көзге түскен. Оның ерлігіне сүйсінген Нұрбай би баласы Амалдыққа Жылқайдардың қызын алып берген. Одан Бекарыстан би туады. Жылқайдарды өлтірген қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте 17 жасар Жанқожа батыр өлтірді.

 

Жылқаман батыр.
Сартай батыр жасақтаған мың баланың бірі,кейін Батыр сұлтанға қызмет көрсеткен,қазақ батырларының арасында отты қару-ақшұбарды алғаш қолданған батырлардың бірі. Қазақ елінің азаттығы жолында ол да он үш жасында атқа мініп жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы шайқасқа қатысып, шар болаттай қайнап шыққан халқымыздың қас батыры.
Халық арасында Жылқыаман ұрыс кезінде мылтықтың оғына екі ұртын толтырып алады екен деген аңыз бар,батырдың өзінің «мылтықтың түтінін түтініне қостым,бірақ оғын қоса алмадым»-деп армандағанына қарағанда мүмкін бұл да рас шығар. Жылқыаман отыншы ұлы да біздің батыр бабаларымыздың сапындағы, тарихымыздағы талай соғысқа қатысқан өмірінің көбін ат үстінде өткізген,елін жаудан қорғаған, әрі әділ, әрі әулие адам болған

Ақтан батыр.
Ақтан Ақайұлы шамамен 1770 жылы,қазіргі Қазалы ауданының Арықбалық ауыл,Түлкіқашқан қонысы-1854,Ақтөбе облысының батыры.Тегі Кіші жүз әлім тайпасы,Қаракесек руынан шыққан.Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі,оның Хиуа,Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан. 1842 жылдың қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы қазақтарынан ұшыр,зекет жинауға қойылған наибы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларында ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып,Бабажанды қолға түсіріп,Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған. Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысы Берсүгір бекетінің батысына қарай 30-35 км қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан есімі берілген.

Жанқожа батыр.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы Сыр бойы қазақтарының Хиуа,Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. ХІХ ғасырдың ХХ жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа,Қоқан хандықтары 1830-1840 жылы жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария,Қуаңдария,Қызылқұмнан өтіп,Қосқорған,Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап,малын барымталап,әйел,бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған,Қосқорған,Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандаған.Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жыл Қуандарияның батысында орналасқан.1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уәйіс-Нияздың әскері Атанбас,Ақирек,Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап,1400 үйді ойрандап,тонап кетті. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап,қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей(Ермұхамед)Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратты. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанды. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шықты. Жанқожа Ресейдің райым бекінісінің бастығы Ерофеев бастаған отряд келіп,хиуалықтарды талқандауға көмектесті. 1847 жылы Райымға келіп,бекініс сала бастағанРесей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді.Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса,1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті.Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып,қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады.Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен ел-ағаларына ренжіп,Дауқара жаққа,оданБұхар хандығы тжеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалды. Екі жылдан соң қайта оралды,Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған қазақ отряды келіп өлтіріп кетті.

Толыбай батыр.
Толыбай қол бастайтын әруақты батыр болған.Жылқаман баба екі батырға бата берген.Оның бірі Жанқожа болса,екіншісі Толыбай батыр. Жорықта Толыбай батырсыз ту көтерілмейді екен.Арғы беттің Асаны мен Жақайымдар Қотанкөлге егін салады. Дариядан арық қазып,су алып,жер суарады. Бір күні жерге таласта төбелес басталады. Осы егесте Толыбайдың екі інісі және екі адам барлығы төрт кісі қаза болады. Ол кезде Толыбай қырда екен.Қарақалпақтың Нартай деген батыры бәйге атына таласып,бір түнде 300 адаммен келіп Жаршағылда отырған Жылқайдардың ауылын шауып,батырдың өзін өлтіреді.Малын түгел айдап кетеді. Жылқайдарды жерлеп болғаннан кейінТолыбай батыр қол жинап,кек алу үшін Қарақалпақ еліне Әлімнің сарыала туын көтеріп жол тартады.18 жасар Жанқожа Толыбай кезегін беріп,абайла деп ескертеді.Ақбоз атты ойнатып Жанқожа ұрыс даласына шыға келеді. Ол Тықы батырдың жанынан шауып өтіп бара жатып,басын жерге шауып түсіреді.Толыбай жауып тұрған оққа қарамай бұзып кіреді.Ақбай алқабына Жанқожа батыр ауылы егін салады екен. Арасында Жақайымның бір баласы да егін егеді. Бір күні егін пісіп,қырманға түсіп,қызылдай бастағанда Жанқожаның жігіттері су біздікі,жер біздікі деп бермей қояды.Толыбайға барса,Жанқожаның өзіне барып айт деп жұмсапты. Әділігін айтар, болмаса қайтып кел дейді.Жанқожа о баста сұрап егуін керек еді деп тосылтады.Толыбайға әлгі адам қайтып келеді. Содан кейін Толыбай Орақсайға Жанқожаны жігіттерімен шақырады. Межелі күн де жетеді. Жанқожа көк ешкі атын ойнатып. Толыбайды қанша шанышпақ болса да шанша алмайды. Сол кезде 18 жасар Көтібар Жанқожаға найза салады.Жанқожа айбалтасыменшауып тастап,ауылына тартады. «Күлшыққыр Аймекен тоқалдың баласының қолының қаттысын-ай» дейді.Содан бес-алты ай өткенде көтібар күл шығып өлген екен. «Толыбайды неге шаншып тастамадың?»деп сұраған інілеріне Жанқожа «мен шанышпайын дедім бе,Толыбайдың қара бурасы көлденеңдеп жолатпады ғой» дейді. Кейін Толыбай кешірім сұрай Жанқожаға келеді. Қырын түсіп, теріс қарап жатқан Жанқожа ұшып тұрып,Толыбай ағам келген екен ғой деп қос қолын береді.Ол барлық батырмен араласып жорықтас болған. Батыр Хиуа ханының барымташыларынанелін,жерін қорғаған әруақты адам болған. Толыбай бас қолбасшы ретінде жауынгерлерін әскери өнерге баулып,жау жолында табандылық көрсетуге тәрбиеленген.

Бекбауыл батыр.

Бекбауыл Өтегенұлы Арал ауданында шамамен 1874 жылы Хиуа хандығында ел бірлігі мен татулығын сақтауға күш салған батыр биі.Ол өзінің ұлы құлбарақ батырмен бірге Жанқожа батыр бастаған Хиуа мен Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы күреске және ресей отаршылдығына қарсы көтеріліске қатысқан. Хиуа ханына барып,елдің талап-тілегін жеткізген.Бекбауылды Хиуа ханы у бергізіп өлтірткен.Арал ауданында Бекбауыл атына елді мекен бар.

 

Есет батыр.

Есет Көтібарұлы 1807 жылы Жем өзенінің бойының батыр,ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.1838 жыл Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып,Елек қорғанына шабуыл жасады.1847-78 жыл Жанқожа батырмен бірге Қоқан,Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-58 жыл Есет Арал теңізінің батыс жағалауын,Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын,Жем,Сағыз,Ырғыз,Елек,Ойыл,қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісне басшылық жасады.1853-54 жыл Есет басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.Көтерілісшілер орыс-казак әскерлеріне далада тұтқиылдан шабуылдар жасау,олардың аттарын айдап әкету,әскери бекіністер мен әскери шептерге шабуыл жасау әрекеттерін жалғастырды. 1854жыл 21 тамызда іштерінде Есеттің туған інілері Сатай мен матай бар 60 адамдық топ Орал бекінісіне шабуыл жасады. 1855 жыл жазда Көкпекті тоғайы деген жерде Ернезер Кенжалин бастаған көтерілісшілердің бір тобы Орал бекінісне келе жатқан 11 адамдық Ткачев тобындағы казактарға шабуыл жасап,6 адамын өлтіріп,қалғандарын қолға түсірді,ал Ткачевтің өзі әзер қашып құтылды. 1855 жыл маусымда Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып,Есетті қолға түсіруге қатаң тапсырма берді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен,өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар қазақ жүздігі және дистанция бастықтарымен Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып,Ор бекінінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өздерінің жоғары сағасындағы Суықсу Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөздер жүргізіліп,екі жақ нақты бір шешімге келе алмады. Осыдан кейін Есет өз адамдарымен кеңесіп,сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырды.1861 жыл қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жыл Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып бекітілді. 1873 жыл Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жыл ол қызметтен босатылды.1888 жылы қартайған шағында дүние салды. Есеттің Төрт күмбезді мазары Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Шолақжиде деген жерде.

Ақындар

Нұртуған ақын.

Нұртуған Кенжеғұлұлы Арал ауданы,Аманөткел аулына қарасты Мырзас қыстағында дүниеге келген. Ол он жасында анасынан,он үш жасында әкесінен айрылып ауыртпашылықты бастан өткізген. Жаратылысынан бақытына телегей терең ақындық орнаған Нұртуған талай-талай қиыншылықтарды жеңе жүріп,туып өскен елінде Бұқарадан оқып келген Мұхамеди Ишаннан діни дәріс алып,екі жылда арабша кітаптарды емін-еркін оқып және жазып,дүниетанымын кеңейте түсті. Ол ұлы абайдың шығармаларын зер сала оқиды. Сондай-ақ орыс ақындары А.С.Пушкин,М.Ю.Лерментов сияқты классиктердің шығармаларымен Абай аудармасы арқылы танысады. Нұртуған қысқа өмірінде екі жүзден астам өлең-толғаулар, «Едіге», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», «Тағаймұрат», «Қобыланды», сияқты жеті қисса-дастандары дүниеге келді.Нұртуған өлең-жырын жазбас бұрын алдындағы ойлы туыстарының, суырып салма ақын Есмембеттің,сыншы Сұлтанның ақыл-кеңесін алып отырған. Туған жері Мырзаста жыраулар мектебін ұйымдастырып,талапкер өнерлі жастарды тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген. «Аққудай аспандағы дауысын созған» аты шулы жыраулар Жаңаберген,Жаппарберді,Жәмет,Дәріқұлдар осы мектептің түлектері. 1980 жылдардан бері аудандық Мәдениет үйі жанында «Нұртуған» атты жыраулар мектебі бар.

Есмембет ақын.
Есмембет ақын сырдың арал теңізіне құяр сағасында 1827 жылы дүниеге келген.Ұлы ойшыл,күй мен жырдың алыбы Қорқыт баба жайлаған Сыр бойындағы өнер саңлақтарының көш басында Есмембеттің есімі аталады.Кемеңгер ақынның сауаты болмағандықтан кез-келген жерде телегей теңіз айтқан толғау,айтыс өлеңдерінің кейбіреулері ғана ауыздан ауызға көшіп келген,әдеби мұрасы толық сақталмаған.Туыстас інісі,ақын Нұртуған Кенжеғұлұлы Есмембетті пір тұтып,оны
Сыр өңіріндегі ақын-шайырлардың ұстазы ретінде былай толғайды:

Есмембет бұл Бітімбай суырып салма,
Сыр елінің өмірі мен жырын дүркіреткен.
Осындай Сыр елінде бізденбұрын,
Санаулы жыр күмбезі дүлдүл өткен
Кім күшті соған ерген әдет-ғұрып,
Шешектей бұл қазаққа бұрын жеткен.
Кәсібі бабамыздың бірден бірге,
Жатталып осылайша жыр боп келген.
Есмембеттің суырып салма шайырлығы туралы ел аузында аңыз,естеліктер баршылық. Айталық,кіші жүздің Жағалбайлы руындағы атақты әрі бай,әрі би Дербісалының лайық атты жас жігіті Сыр ауылын аралап жүріп бір қойшы жігіттің сұлу келіншегімен көңілдес болып,тартып алып кетіпті.Осы жесір дауына ел ағаларының ұйғаруымен Есмембет барады.Әй-шайға қарамай босағадан аттар-аттамастан-ақ былай деп төгіп-төгіп жіберген екен.
Біздің Әлім көк теңіз,
Ортасы жылым қатпайтын.
Сырттан келген қоңсыны
Сары майдай сақтайтын.
Нәсілі жаман болмаса
Қойшы мінген байталды
Қазанат келіп шаппайды.
Аталы сөзге тоқтаған Дербісалы жесірді қайтарыпты.Екеуінің жасы қатар екен,осы арада Есмембет өзінің тіл жүйріктігін танытқан көрінеді.Айтыскер ақын Айбарша қызбен жұмбақ айтыста ақыры жұмбақтың шешімін тауып жеміске жетеді. Есмембет Дәулетиярұлының жыраулық өнері ешкімнен кем түспеген деседі. Есмембет 1870 жылы қайтыс болған.

 

Қарасақал Ерімбет Көлдейбекұлы.

Ақын Ерімбет Көлдейбекұлы 1850 жылы бұрынғы Қазалы уезінде дүниеге келіп,1911 жылы қайтыс болған. Есімі Қырға,Сырға шет аймақтарға танылған,артына баға жетпес өлеңдер мен арнау, толғауларды мұрат етіп қалдырған биік тұлғалы ақын Хиуадағы «Шектті Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы,Қашқынбай Қожамбетұлы,т.б. ақындар ықпал еткен. 1877-1879 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық,әншілік,ақындық салсерілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы :базар Оңдасұлы,ОмарШораяқұлы
Тұрмағамбет Ізтілеуов,Әзілкеш Шымырұлы,Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы т.б. шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.Оның насихаттық өлеңдеріне «Әй балам,саған насихат», «Сыйлап қал бір-біріңді соқпай саның», «Жадыңа,ислам халқым,неге алмайсың?», «Халықтың қалсын сөзі құлағында», «Ақтам сақаба»,Құран кітабындағы хикаялар,Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалаларына байланысты аңыз әңгімелер өзек болған.Ерімбет тарихшы ретінде ел-жұртының арғы-бергі тегін зерттеген шежіреші,күні бүгінгі дейін «Ерімбеттің шежіресі» ауыздан ауызға айтылып келеді.Ақынның өмір жолы,шайырлық мұрасы 1995 жылы жарық көрген зерттеуші-ақын Ә,Оспановтың «Ұлағат сөзім-ұрпаққа» атты кітабында жан-жақты қамтылған.Ақын шығармалары «Айтыс», «Қазақ поэзиясының антологиясы» жинақтарында жарияланды.

Бітімбай ақын.

Аманөткел өңіріндегі Бәйімбет аталығынан тарайтын жарасқан сырғабектен Қоңдыдан-Бітімбай туады.
Сыр бойындағы ақын,жыршы,өнер саңлақтарының арасында Қоңдыұлы Бітімбай жырау ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Себебі,өзі әрі ақын, әрі майталман жыршы ретінде даңқы қыр,сыр жұртының арасына кең тарағанқадірменді «Бітімбай» жырау атанған ақын Бітімбай атамыз. «Кенесары-Наурызбай», «Қарабек батыр» жырларын өзі жазған,ал «Орақ-Ммай» дастанының алғашқы нұсқасын да өзі жазған.
Ойы терең,қаламы жүйрік ақын көптеген ертегі, толғау өлеңдер де жазған,одан сақталғандары бірен-саран ғана.Ақынның Қарабек батыр жыры 1987 жылы шыққан «Ақсауыт» батырлар жыры жинағына енгізілген. Ал «Кенесары-Наурызбай» жыры қолжазба күйінде Ғылым Академиясына 1940 жылы тапсырылған,әлі еш жерде жарияланған жоқ. «Бітімбай жырауды тыңдауға барсаң алдымен өзін дайындалып бар» дейді екен көненің көзін көргендер.

Молда Бәйім ақын.
Бәйімбет Балапенұлы(Молда бәйім)1861 жылы Ескіұра қыстағында туған.Ол ХІХ ғасырда өмір сүрген,суырып салма шын жүйрік ақын деп танылған, кедей шаруа отбасынан шыққан, өмір бойы жоқшылықтың зарын шеккен деген халық сөзі бар.Молда БәйімСыр бойының кірейсалушыларына еріп,Орынбор,орск қалаларына бірнеше рет барып,сауда-саттыққа араласып күнелткен.

Бітімбаев Жаңаберген жырау.
Жаңаберген Бітімбаев 1886 жылы Арал ауданы,Аманөткел ауылдық Кеңесне қарасты Мырзас елді мекенінде туып,1946 жылы дүниеден қайтты. «Өрен жүйрік Еспенбетті,кенжеғұл күйші сынды өнер дүлдүлдерін дүниеге келтірген Мырзастың киелі топырағы Жаңабергенді де табиғатынан дарынды етті». Әкесі Бітімбай арқылы ақын,ділмар шешен болған. Жаңабергенді қаршадайынан ауылдың ас-тойларынан қалдырмай ертіп,саз өнеріне баулумен қатар,болашағына жол ашты. Жасы 14-15-терге келгенде әкесінің жазған «Қарабек», «Наурызбай» қиссаларын екі-үш тәулікке тапжылмай жырлайтын жырау атанды. Жаңаберген арабша өте сауатты,дауысы кең,үні қоңыр,жырды түсінікті,таратымды етіп айтатыны сонша,оның тыңдаушылары ұзақ таңға жалықпайтын деседі. Жаңаберген жырау ел басқару ісіне де белсене араласқан. Ол «Большевик», «Жаңаталап» ұжымшарларында төрағалық қызметтер атқарған. Көзі тірісінде Ғылым Академиясына «Қарабек» қиссасын жазып тапсырған. Жыраудың ақындық,күйшілік қыры хақында Б.Жүсіповтың «Мырзастағы жыр мектебі», «Жиделі Байсын күйлері» кітаптарында егжей-тегжейлі айтылды.

Әйімбетов Кәрібоз жырау.

Жырау Кәрібоз Әйімбетов 1892 жылы дүниеге келген. Суырып салма ақын. Оның жастайынан өлең-жырға бейім болып өсуіне әкесі Әйімбеттің шеберлігі ықпал еткен.Он екі жасында ұйықтап жатқанында түсінде аталары қолына шырпы ұстатыпты деген сөз бар. Аян беруден кейін-ақ Кәрібоздың ақындық аты шыға бастаған.
Жас шайырда Кәрібоз,
Тал шыбықтай бұралып.
Ойланбастан сөз айтқан..-деп,
Нұртуған оны жоғары бағаланған.
Кәрібоз өзіне туыстас жырауларға қарағанда қисса-дастандарды көп білетін,әрі суырап салма ақын болған.Ол Қарақалпақ еліне де атағы кеңінен тараған дара тұлға.
Жаңаберген арабша өте сауатты,дауысы кең,үні қоңыр,жырды түсінікті,тартымды етіп айтатыны сонша,оның тыңдаушылары ұзақ таңға жалықпайтын деседі. Оның әндерінің ішкі құрылысы,айтылу тәсілі ерекше.Әннен гөрі күймен сарындас,симфониялық шығармаларымен сабақтас болып келеді. Жаңаберген жырау ел басқару ісіне де белсене араласқан.
К. Әйімбетов 1936 жылы Жаңаберген Бітімбаев және Нартай Б екжановпен бірге ақын-жазушылардың республикалық ІІ слетіне қатысқан. Атышулы 1937 жылдың қызыл қырғынына кәрібоз жырауда ілігіп кете барған. Атақты жыраудың ел аузына тараған жырлары халық жадында жатталып қалған шығармалары сол күйінде жарық көрмей, сақталмай ел арасында қанша айтылғанымен жоғалып кеткен.Жаңабергеннің басқа жыраулардан өзгешелігі диапазоны кең,жырды шеберлікпен орындайтын жырау,мақам саздары ерекше болған екен.

Жәмет жырау
Сайымұлы Жәмет Қазалы ауданына қарасты Ақтоған деген жерде 1895 жылы туған.Әкесі сайым диқаншылық кәсіпенпен айналысқан. 1896 жылы бір жасқа толғанда дүние салған. Шешесі Үбіш суырып салма ақын болған деседі,одан төрт жасында айырылады. Жастайынан жетімдік тауқыметін тартса да жәмет өнерге бір табан жақын,ауылдағы той-думандарға қатысып,домбыра тартып,ән-өлең айтып,келешекжырау болуға ұмтылады.
Жәмет 1926 жылы Мырзастағы нағашысы нұртуған ақынға келіп,жыраулық өнеріне біржолата бетбұрыс жасайды. Нағашысының қамқорлығының арқасында,бас-аяғы бір айда сауат ашып,қолжазбаларды еркін оқитын дәрежеге жетеді. Ол алғашқы қадамын «Ақ Кете Шернияз» дастанын жаттаудан бастап жырлайды.
Жәмет жыраулық өнерді сол кездегі атақты Бітімбай,Сұлтан,Жаңаберген секілді ағаларының үлгі-өсиетін тыңдап,жадына сақтайды.
Зерделі жырау Нұртуғанның «Едіге», «орақ-Ммай», «Қобыланды» қиссаларын Бітімбай ақын-жыраудың «Қарабек», «наурызбай» т.б. дастандарын жаттап және, жырлап жұртшылықтың сый-құрметіне ие болды.
Жәмет жырау кезінде облыстық,аудандық ақындар айтысына қатысып,өзінің бойындағы суырып салма ақындық,жыраулық қасиетін көпшілікке паш етеді.
Жәмет бір қиссаны алуан түрлі мақаммен айтатын,оның жырды бір сазбен төгіп-төгіп келе жатып,кенеттен жалт бұрылып,екінші бір мақамға салып,тыңдаушысын өзіненг көз жаздырмай,ынтықтырып отыратын әртістік шеберлігі бар болатын.
Жаппарберді жырау.
/1895-1936 /

Жаппарберді Тілеубердіұлы 1895 жылы Сыр бойы Арал ауданында дүниеге келген Ол ақын НұртуғанКенжеғұлұлының «Мырзастағы» жыршылар мектебінде Жаңаберген,Жәмет,Дәріқұл сияқты жырауларымен бірге дәріс алған.
Жаппарбердінің қайталанбас мақамымен жыр жырлаған.Бір кездерде қатарындағы жырауларға қарағанда Жаппарберді даусынан таңбай таң атып,күн шыққанда бір қалыпты жырлаған тыңдаушыларын таңдандырған:жырау репертуарында Нұртуған ақынның бірнеше қисса-дастандарын «Едіге», «Қарасай-Қази», «Қобыланды» т.б. және Қарасақал Ерімбеттің,Кердері Әбубәкір сияқты ақындардың өлең,толғауларын нақышына келтіріп орындайтын. Жыраудың бойына құйма,құмалақшы қасиет дарыған деседі.кейінгі өнерпаз ұрпақтар Жапппарбердінің асыл мұрасын қастерлеп,орындап келеді.Қазір Құлшарат атты қызы Алматыда тұрады.Жаппарберді жастайынан өнерге бейім,домбыра тартып,ауыл арасында ән,терме айтып Жаппарберді жырау атанды.Жаппарберді Тілеубердіұлы 1936 жылы 41 жасында қайтыс болды. Бейіті Сексеуіл қыстағында.

Нұрмағамбет ақын.

Нұрмағамбет.Қосжанұлы Арал ауданы,Көкарал ауылында Бөлебай шаруаның отбасында дүниеге келген.ол жасында ауыл молдасынан оқып сауатын ашқан. 1920 жылдары Арал өңіріндегі «Қаракөл» деген жерде қыстап отырғанда үлкен ауырпашылыққа ұшырап,әке-шешесінен айырылады.панасыз қалған нұрмағамбет Сексеуіл темір жол станциясына келіп,жұмысқа орналасты. Әуелі кондуктор,кейін депода есепшілік қызмет атқарады. Орынборда білімін жетілдірудің үш айлық курсында оқыған. 1927 жылы оның қазақша-орысша сауаттылығын ескеріп,Сексеуіл ауылдық Кеңесіне хатшылық қызметке ауыстьырылды.
Жұртшылыққа танымал шығармалары қатарында «Сырдың даңғайыр ақыны Нұртуғанға хаты», «Молда Ашубай шайырмен айтысы», «Әйел сыны»(Ахметулла құрдасымы) және басқа да зерделі туындылары бар.
Ақын «Нәрікбайұлы Шора батыр» дастаны арқылы жұртына танылды. Дастанды Кәрібоз,Дәріғұл,жанұзақ секілді белгілі жыраулар насихаттады.
Нұртуған «сөзді қияннан қиыстырады екен,ешкімге ақысын жібермес»деп,Нұрмағамбеттің хатын оқып,осылай түйіпті.
Ақын 1930 жылдары Сексеуілде Кеңестің хатшылық қызметін атқарып жүргенде, «Сен конфискацияға жататын бай-молдалардың есебін жасырдың» деген жаламен бес жылға сотталды.Қарағандыда жазасын өтеп,елге келгеннен кейін Арал қаласындағы «Пятилетка» артеліне ағаш ұстасы болып орналасады. Одан әрі ақындық жолын жалғастырып, «Сартай батыр» дастанын қолға алады.Кезекке «Жанқожа батыр» жайлы ертегі-жыр жазуды мақсат етіп қояды. «Сорлының аты сорға жығылады» дегендей асыл азаматтың басына қуғын-сүргіннің қара бұлты қайта төнді. 1937 жылы туған жері «Көкаралдағы» туысқандарын аралап Аралға келген 2 мамыр күні «Халық жауы» атанып қамауға алынады,сотталады. Содан оралмады. «Сартай»» дастаны аяқталмай қалады.
Нұрмағамбет Қосжанұлы 1937 жылы тамыз айының 29-жұлдызында «бай-молдалардың сөзін уағыздадың,Кеңес үкіметін жамандап,қарсы үгіт-насихат жүргіздің» деп ату жазасына кесіледі,сол жылы қыркүйекте атылғандығын хабарлайды. 1989 жылы Қосжанов толық ақтаады.
Дәріқұл жырау

1908 жылы Арал ауданы Ақирек аулына қарасты Құмбазар елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Боранқұлұлы Өмірқұл ұсталық,зергерлік кәсіппен айналысады,шешесі Шарап-үйшаруасы,кіндіктен жалғыз бала болады.
Дәріғұл туасылы өнерге бір табан жақын,дене бітімі тұлғалы болғанымен домбыра тартуға,ән айтуға үйірсектігін сезінген әкесі Мырзас ауылында отырған халыққа қадірменді Рахметұлы Сұлтан мен Кенжеғұлұлы Нұртуғанның тәрбиесіне береді.
Өйткені Нұртуған Дәріғұлдың туған бөлесі. Нұрекең Дәріғұлдың әншілік даусы мен зейінінің алғырлығына тәнті болады. Ескіше хат танытып,сауатын ашып,қисса-жырларды үйретеді.Сөйтіп бас-аяғы үш-төрт жылда ақынның туындылары «Мәулімнияз-Едіге», «Қобыланды», «Тағаймұрат» жырларынүйретіп,еркін жырлайтын жырау атанады.
1941 жылы Дәріғұл «соғыстан қашты» деген жаламен оң төрт жылға бас бостандығынан,Ақтөбе,Мағадан қалаларында жазасын өтей жүріп,небір қиыншылықтарды басынан кешірді. Шайырдың жүрегінен жарып шыққан «Қошқарбайға», «Жеткіншегім», «жанқозым», «ауылыңның көрініп тұр қарасы» балаға деген жүрек сағынышын, ынтық зарын жырға қосады.
Дәріқұл Өмірқұлұлы 1954 жылы елге келіп,1956 жылдың сәуір айының 20-сы күні ұзаққа созылған науқастан дүние салды. Қорымы туған жері Құмбазарда..
Пайдаланған әдебиеттер:
Билер сөзі.Шешендік толғау арнау дау.-Алматы:Қазақ университеті,1992.-160 б.
Дайрабай Т. Сыр перзенттері : / Пірлі би атанған Үмбет туралы / -Алматы: 2010.-37-40 б.
Жасекенов Қ. Өнер мен дәулет қонған жер.-Алматы:2000.-112 б.
Жетес би-Қызылорда: Тұмар,2001.-160 б.
Жолдасбекұлы Елтұтқа: / Жанқожа батыр туралы / -Астана:2001.-179-191 б.
Жылқаман батыр –Қызылорда:Тұмар,2006.-216 б.
Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері.-Алматы: Жалын,1993.-400 б.
Қаназ М. Ел қорғаған ер Жәкем : /Жанқожа батыр туралы деректер / // Ана тілі.-2011.-17-30 наурыз.-12 б.
Қосжанұлы Н. Сартай батыр.-Алматы: Санат,1998.-125 б.
ҚылышбаевА.Қодаманов Б. Арал.-Алматы:Халықаралық «Дала» журналының кітапханасы,2003.-336 б.
Мұсабаев Н.Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны Қасиетті Қазалы.-Алматы: атамұра,1998.-200 б.
Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы,2005.-544 б.
Сыр саңлақтары: /Нұрмағамбет Қосжанұлы туралы / -Алматы: 2010.-65-70 б.
Үсенбаев Т. Арал өңірі сазгерлері.-Алматы:2005.-212 б.