Өлкедегі тарихи тұлғалар

Категория: Танымал есімдер Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 461

Александр Мин
\ 1915-1944 ж /

Александр Павлович Мин 1915 жылы Владивосток қаласында туған. Соғысқа дейін Арал қаласында кәріс бастауыш мектебінде мұғалім болды. 1943 жылдың мамыр айында Қызыл Армия қатарына алынды. Рязаньдағы жаяу әскерлер училищесін бітірген соң Батыс,Орталық,І-Украина,І-Белорусс майдандарында ұрысқа қатысты. Атқыштар взводы,ротасы мен батальонның командирі болды.
Волынск облысындағы Ковель қаласы үшін болған шайқаста ол басқарған батальон жауынгерлері қаһармандық ерлік көрсетті. 1944 жылдың 9 шілдесінде дұшпанның ту сыртынан шабуыл жасады. Гитлершілер ұрыс даласында өліктері мен соғыс техникасын тастап, бет-бетіне қашты. Породубы қыстағында немістермен бетпе-бет айқастарға түсті. Бұл жерде де дұшпандар жеңіліс тапты. Осы жерде А.Мин өлімші болып ауыр жараланды. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының 1945 жылдың 25 наурыздағы Жарлығымен Александр Павлович Минге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Әдебиеттер тізімі:

Александр Мин (1915-1944 ж) Өмірбаяны // Ерлікті сүйген ел нұрлы –Алматы:2010.-
47 б.
Александр Мин (1915-1944 ж) Өмірбаяны // Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары: энциклопедиялық жинақ.-Алматы: Өнер,2010.-320 б.
Александр Мин (1915-1944 ж) Өмірбаяны // Қылышбаев А.,Қодаманов Б. Арал /А.Қылышбаев,Б.Қодаманов –Алматы: Халықаралық «Дала» журналының кітапханасы,2003.-320 б.
Александр Мин (1915-1944 ж) Өмірбаяны // Қылышбаев А,Мұсабаев Н Аралдың айбынды азаматтары / А.Қылышбаев,Н.Мұсабаев –Алматы: Халықаралық «Дала» журналының кітапханасы,2005.-240 б.
Александр Мин (1915-1944 ж) Өмірбаяны // «Сыр елі»Қызылорда облысы: энциклопедия / Бас редактор Б.Ғ.Аяған.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС,2005.-368 б.
Елеш А Аралдан шыққан батыр: / Кеңес Одағының батыры Александр Мин туралы / // Толқын.-2015.-28 ақпан.-1 б.
Сыр елінің қаһарман ұлдары: / Александр Мин / // Сыр бойы.-2015.-9 мамыр.-6 б.

 

Сманов Құдайберген (1915)

Құдайберген Сманов 1915 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Құдайберген жеті жылдықты бітірісімен аулында енді жерді бірлесіп өңдейтін серіктікке кірді. Бұл бірлестік кейін Чкалов атындағы ауыл шаруашылығы артелі болып құрылды. Ол бірден не шопан,не жылқышы әйтеуір малшы болғысы келді. Бірақ алғашқыда басқа жұмыстарды атқаруына тура келді. Мұның өзі кейін жылқы фермасына меңгеруші болғанда кәдеге асты. 1941 жылы Құдайберген ауылдың өзі сияқты жас жігіттерімен бірге совет жерін фашистік аю андардан қорғау үшін майданға аттанды. Кіндік түскен жерден төрт жыл алыста болып,Ленинградтан Берлинге дейін қанды ұрыстар жолын жүріп өтті. Құдайберген майданда 1943 жылы КПСС қатарына өтті. Соғыс аяқталған соң омырауында бірден үш медаль жарқыраған жеңімпаз жауынгер аулына оралды,туған колхозындағы жұмыстарға еселенген жігермен құлшына кірісті. Құдайбергенге үлкен бір үйір жылқы табыс етілді,өзі қадаған осы бір іске бар күш-жігерін аямай жұмсалды. Жас жылқышының әр кезде кітап оқып отырғанын көруге болатын еді. Ол бүкіл елімізге әйгілі жылқы өсірушілердің жұмыс тәжірибесін үйренеді,бұл істе тәжірибесі мол ауыл ақсақалдарынан сұрап білді,ақыл-кеңес алды. Оқу мен қаржылы еңбек Құдайберген жұмыста зор табыстарға жетуіне жәрдемдесті. 1948 жылы 53 биеден 53 құлын алып,аман өсірді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылы 31 октябрьіндегі Указымен Чкалов атындағы колхоздың үздік жылқышысына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Колхоз басқармасы оны жылқы фермасының меңгерушісі етіп жоғарлатты. 1950-51 жылдары Чкалов атындағы ауыл шаруашылығы артелі іріленген Энгельс атындағы колхозға қосылды. Құдайберген жаңа колхозда бұрынғысынша жылқы фермасын басқарды. Бұл кезде фермада 1248 жылқы бар еді. Меңгерушінің атқаратын жұмысының көлемі арта түсті. Ол қажырлылықпен еңбек ете білді,сөйтіп өзінің көмекшілерінен де соны талап етті. Фермадағы жылқышылардың бәрі оның бастамасын қолдап,мал шаруашылығы шеберлерінің үш жылдық мектебіне оқуға түсті. 1957 жылы Энгельс атындағы колхоз негізінде «Приаральск» совхозы құрылды. Коммунист Қ.Сманов жаңа совхозда қатардағы жұмысшы болып еңбектене берді. Кенеттен жабысқан кесел оны пенсияға шығуға мәжбүр етті.

Балмағамбетов Мақаш
(1914-1977)

Мақаш Балмағамбетов 1914 жылы Қазалы ауданындағы № 17 ауылда малшының отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын есепші болудан бастады. Мақаш 1943 жылдың наурыз айынан соғысқа қатысты. Құрамында сержант Балмағамбетов бар рота 1943 жылдың 25 қыркүйегінде Днепр өзенінің жағасындағы шайқаста 20 фашисті жойып,рота келгенше өз бекіністерінен табан аудармады. Ерлігі мен батылдығы,жанқиярлығы үшін Мақаш балмағамбетовке 1944 жылдың 22 ақпанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мақаш Балмағамбетов соғыстан кеін Қарақалпақстанға қоныс аударып,Нүкіс қаласында тұрды. Бейбіт өмірдегі қажырлы еңбегі үшін Ленин орденімен,бірнеше медальдармен марапатталған. 1977 жылы 29 қыркүйекте қайтыс болды.
Әдебиеттер:
Балмағамбетов Мақаш(1914-1977).Кеңес Одағының батыры. Өмірбаяны // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы:Өнер,2010.-30 б.
Балмағамбетов Мақаш(1914-1977). Кеңес Одағының батыры. Өмірбаяны// Қызылордалық
Кеңес Одағының Батырлары.-Қызылорда:2012.-9 б.
Балмағамбетов Мақаш(1914-1977). Кеңес Одағының батыры. Өмірбаяны//Совет Одағының Қазақстандық батырлары.-Алматы: Қазақстан,1969.-95-96 б.
Балмағамбетов Мақаш(1914-1977). Кеңес Одағының батыры. Өмірбаяны//Сыр елі Қызылорда облысының энциклопедиясы.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы,2005.-156 б.
Дәрменов Т. Ақсұңқар құстың түлегі: /Қазақ Совет Одағының батыры Мақаш Балмағамбетов туралы / Т.Дәрменов. // Сыр бойы.-2018.-29 сәуір(№62-63).-6 б.
Қазалы ауданынан шыққан Кеңес Одағының Батырлары. Мақаш Балмағамбетов. // Мұсабаев Н.Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны-қасиетті Қазалы.-Алматы: Атамұра,1998.-75 б.
Мақаш Балмағамбетов(1914-1977). // Ерлікті сүйген ел нұрлы –Алматы: 2010.-44 б.
Мақаш Балмағамбетов (1914-1977).Кеңес Одағының батыры. Өмірбаяны // Қызылордалық қаһармандар. Мерейтойлық жинақ. –Қызылорда:Полиграфия,2015.-20 б.
Мақаш Балмағамбетов : Өмірбаяны // Ерлікті сүйген ел нұрлы:Фотоальбом –Алматы:ARNA-b,2015.-42 б.
Мақаш Балмағамбетов суреті // Сәрсенбаев Ә. Бес томдық шығармалар /Ә.Сәрсенбаев –Алматы: Жазушы,1983.-
Т.: 4.-586 б.
Сәрсенбаев Ә. Батырлардың ізімен.-Алматы: Жазушы,1974.-210 б.

Жетес Қыстайбайұлы
(1828-1914)

Би-шешен Жетес Қыстайбайұлы Қызылорда облысының,Арал ауданында туған. Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасы шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес Қыстаубайұлы бұрынғы Райым фортына жақын Ескіұра деген жерде туып, өмір сүрді.Ескіұра елді мекені Райым көлінің жағасында,Сырдарияға жақын орналасқан. Кезінде осы өңір жалқы Райым көлінің жағасына шығыр салып егін еккен. Артық астықтарын көзден таса,су шаймайтын биік нұраға ұра қазып,соған көмген. Сөйтіп,мұнда әркімнің бір-бір ұрасы,жасырын көмбеде астығы болған. Содан бұл жер ескі ұраға айналып,келе-келе Ескіұра атанып кеткен.Ескіұраның алдындағы алақандай Райым көлінің дария жақ шетіндегі үлкен арал бар,оны «Жетес аралы» деп атайды. Балалық шағы ауыл балаларымен бірдей мал бағумен өтеді. Өзінің зеректілік,алғырлығы
сөзшеңдігімен қатарларынан ол ерте ерекше дараланады. Осы тұста елді басқару ісін жетілдіру мақсатында сыр өңірінде үлкен жиын Арыстан сұлтанның басқаруымен өтпекші болып,оған баруға елдің би,бектері тегіс жиналып жатады. Осы жиынға Жетес те өз бетінше барғысы келіп,дайындалып жүргенінде таң алдында бір түс көреді. Түсінде қаншама халық жиналғанда дастархан басына қойдың үш басы салынған үлкен табақты Жетестің алдында әкеліп тартады. Жетес табақты алдына алып біреуін мүжіп,миына дейін алып жейді, екіншісін жартылай жейді де,үшіншісінен ауыз тиып қана қайтарып береді. Ояна келе ойға қалған Жетес бұл түстің түбіне жете алмайды. Ауылда Дәрменқұл деген ишан бар екен,таңалакеуімде жүгіріп соған барып,көрген түсін айтып,жорытады. Сонда ишан «Ойпырмай,балам-ай,бұл бір жақсы түс қой,үш бастың үшеуін де мүжіп жеп қоймаған екенсің. Үш басын ол-үш жүз ғой. Біреуін мүжіп жесең-Кіші жүздің миына дейін шұқитын биі боларсың,екіншісін жартылай жесең-Орта жүзді жарылайды екенсің,ал үшіншісінен ауыз тисең-ұлы жүзге өзің бармасаң да сөзің жетеді екен. Талабың оң болсын,балам»деп батасын берген екен. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Оның билік кесімдері,шешендік сөздері ел арасына тарап, «Тілді би» атанған. Жасы ұлғайған Жетес Қыстаубайұлы 76-ға келген шағында билік,басшылық қызметтерден бас тартып,сұпылық жолға түседі. Ондағы мақсаты бұ дүниеде де халқыныа адал қызмет еткен. Жетес атамыз сұпы болып,жасы сексеннен асқанда көзден қалыпты,бірақ көзден қалса да сөзден қалмапты,ақылдан адаспапты. Жетес би 1914 жылы өмірден озды. Бүгінде Жетес биден өрбіген 40-қа жуық шаңырақ бар,олардан 100-ден астам ұрпақ тарап отыр. Олар негізінен Алматы,Жамбыл,Шымкент,Ақтөбе,Қызылорда қалалары мен Арал,Қазалы аудандарында қоныс тепкен. Жетес бидің қабірі Ескіұраның биік қырқасында,қазір көп қорымның ортасында қалған. Аузы дуалы,сөзі зерделі,әруақты бидің артында қалдырған мұрасы көрегендік пен кемеңгерлікті көксеген оқырмандарға тән үдесінен шығары сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі:
Жетес би (1828-1914).-Қызылорда: Тұмар,2001.-160 б.
Әбдіреев Ж. Жетес би: /Өлең / // Толқын.-2002.-22 қараша.-3 б.
Әлім : / Жетес бидің сөз тапқырлығы мен шешендігі туралы / // Толыбеков С. Қазақ шежіресі.-Алматы: қазақстан,1992.-97.-98 б.
Жаналиев А. Жетес би : / ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі тұлға туралы / // Толқын.-2004.-10 қыркүйек.-3 б.
Жақып Ж. Жетес би: / сыр бойында өмір сүрген Жақайым Жетес би туралы / Ж.Жақып // Сыр бойы.-1999.-23 желтоқсан.- 7-10 б.
Жетес би (1828-1914).- Алматы: Айғаным,2016.-177.-180 б.
Жетес би (1828-1914). Жетес би жайлы тарихи деректер // Дала Халықаралық журналы.Қосымша.-2005.-№ 11.-1-8 б.
Жетес би // Төреқұл Н. Билер сөзі-ақылдың көзі / Н.Төреқұл –Алматы: қазақстан,1996.-180-189 б.
Жетес би: / Өмір-тарихы // Төреқұл Н.Қазақтың би-шешендері 1,2 кітап /Н.Төреқұл –Алматы: Жалын,1993.-237.-241 б.
Жетес Қыстаубайұлы. Өмірбаяны // Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалық А-Я. –Алматы: Аруна,2006.-267 б.
Жетес Қыстаубайұлы. Өмірбаяны // Қазақстан Ұлттық энциклопедия. Т.3 Г-Ж.-Алматы: «Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы»,2001.-669-670 б.
Қонысұлы Қ. Жетес бидің жиеншары еді: / Жетес бидің жиеншар ұрпағының бірі Толыш жайлы / Қ.Қонысұлы // Толқын.-1995.-30 тамыз.-2-3 б.
Нәрікбаев М. Жетес би : / Өмірі жайлы / // Нәрікбаев М. Ұлы билерімізден жоғарғы сотқа дейін.- Алматы: Атамұра,-180 б.
Тарихи тұлға,тілді би / Құраст редактор Жұмабай Жақып -Қызылорда: Тұмар,2001.-60 б.
Шешенді сын: / Жетес пен Нияз жайлы / // Қазақтың шешендік сөздері. / Құраст Балтабай Адамбаев –Алматы: Ана тілі,2006.-60-61 б.