abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Арал ауданындағы 16 Социалистік Еңбек Ерлері

Арал аудандағы 16 Социалистік Еңбек Ерлерінің
өмірдерегі мен еңбек жолы туралы мәлімет

Әлімбетов Төлеген (1926-2002)
Әлімбетов Төлеген 1926 жылы Арал ауданының Бөген ауылында дүниеге келген. Ол жастайынан ата жолын қуып балық аулауды кәсіп еткен. Аралдың асау толқынында шыныққан қажырлы қайратиесі,ол өзі еңбек ете бастаған жылдарда жоғарғы көрсеткіштерге жетіп,өз ұжымының,өз ауылының,қала берді бүкіл ауданның мақтанышына айналған абзал азамат болатын. Ол басқаратын «Калининград» кемесінің ұжымы жыл сайын жоғары көрсеткішке жетіп,биік белестен көрініп,аудан,облыс,республикаға танымал болған. Төлеген 1959 жылы «Ленинград» балық кемесімен ашық теңіз бетіне шығып,Қасқақұлан,Көзжетпес,Ұялы сияқты терең аймақтарда балық аулап сол жылы мемлекетке 794 центнер балық тапсырған. Ал одан кейінгі жылдары кеме балықшылары 1,5 центнерден асыра балық аулады. Төлеген Әлімбетов ерен еңбегі үшін 1966 жылы Ленин орденімен наградталды. «Бір хаттың ізімен» атты дерекуті кинофильмге түсірілді. СОКП ХХІҮ сьезіне делегат болып қатысуы Төлегеннің өміріндегі үлкен бір кезең болды. Әлімбетов өз еңбек еткен Бөген балық аулау базасының қоғамдық өміріне белсене қатысқан ардақты жан,үлгілі жанұя басшысы болатын. Әлімбетов Төлеген еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі президиумының 1971 жылғы 26 сәуірдегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Социалистік Еңбек Ері,қос Ленин орденінің иегері,СОКП ХХІҮ сьезінің делегаты,дербес зейнеткер Төлеген Әлімбетов 2002 жылдың 19 шілде айында қайтыс болды.


Дәрібаев Көшербай (1892-)
Көшербай Дәрібаев 1892 жылы Қызылорда облысы қазіргі Арал ауданында туған. 1907 жылдан 1917 жылға дейін байлардың жалшысы болды. 1917 жылыдан кейін темір жолда жұмысшы болып істеді. 1930 жылы колхоз ұйымдасқанда Чкалов атындағы ауыл шаруашылық артеліне мүше болды. Мұнда оны егіс бригадасының бригадиріне көтерді. 1942 жылдан «Аралқұм» колхозында товарлы-сүт фермасының меңгерушісі. Бұдан кейін ол Киров атындағы колхозда,онан соң Қарақұм совхозында жылқы фермасының меңгерушісі болып істеді СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 31 октярьдегі Указымен Көшербай Дәрібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы пенсияға шықты.

Ермағанбетов Балекеш (1896-1989 ж)
Балекеш Ермағанбетов 1896 жылы Қызылорда облысы қазіргі Арал ауданында туған. Ұлты қазақ. Еңбек жолын жастайынан бастаған. Совет үкіметіне бүйрегі бұрғандарды қан-жосы қылып сабап,азғантай малын тартып алып кеткен уақытта аз болған жоқ. Балекеш Ермағанбетов осындай дүрбеленді заманды бастан өткеріп,алғашқы серіктестікке,артельге мүше болды. Ал Сазды колхозы ұйымдасқаннан кейін өз алдына табын алып,жылқы бақты. Ол кезде қоғамдық мал азығы дайындалмады. Қазіргідей қора,малшы үйлері жоқ. Көбіне жер көпені пайдаланады. Соған қарамастан Балекештің жолы болып,еткен еңбегі биікке көтерілді. Ол кезде жылқы бақандардың көпшілігі ауылда қалып,малдың бұл саласын дамыту жолында жұмыс істеді. Өйткені Қызыл Армияға көлік есебінде және атты әскерлерге жылқы керек болатын. 1944 жылы Б.Ермағанбетов үлкен қуанышқа кенеліп Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Бұдан үш жыл өткен соң әр 100 биеден 100 құлын алып,жоғары еңбек көрсеткішіне жеткені үшін ССРО Жоғарғы Советі Президиумының Указымен Ленин орденімен және Орақ пен Балға алтын жұлдызымен наградталды. Москва қаласында бірнеше рет барып,Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің медалдарын алды. Оған үлкен құрмет көрсетіліп,1952 жылдан одақтық дәрежедегі құрметті пенсияға тағайындалды. 1957 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін жылқышы болып абыройлы еңбек етті. 1989 жылы қайтыс болды.
Есболов Дүзбай (1893-)
Дүзбай Есболов 1893 жылы Қызылорда облысының қазіргі Арал ауданында туған. 1910 жылдан жалданып балық аулады. 1923 жылы Арал ауданының Ленин атындағы колхозында балықшы болды. 1938 жылдан «Құланды»жылқы заводында әуелі шопан,кейін аға жылқышы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ол Совет Армиясы үшін көптеген сәйгүліктер өсіреді. Соғыстан кейінгі жылдары бұдан да бар табыстарға жетті, 1947 жылы қарауындағы 65 биенің әрқайсынан құлын алып,оның барлығын аман өсірді. Дүзбай Есболов еңбектегі ерлігі үшін СССР Жоғарғы Советі президиумының 1948 жылғы 23 июньдегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. 1964 жылы пенсияға шықты.
Ешниязов Махамбетәлі (1897-1958 ж)
Махамбетәлі Ешниязов 1897 жылы Қызылорда облысының қазіргі Арал ауданында туған. Он екі жасар Махамбетәлі қолына таяқ алып байдың қойын бақты. Тек Ұлы Октябрьдің нұрлы шапағаты ғана қара түнек пердесін ашып,жалшыға еркін еңбек пен өмір бақытынының қуанышын сезінуіне жағдай жасады. 1937 жылы «Жаңа құрылыс» колхозында мүше болып кірді,оны аға шопан етіп тағайындады. М.Ешниязов жайылымдарды тиімді пайдалану ісін жетілдірі берді. Аға шопан қойдың тұқымын асылдандырудағы озық әдіс және қозы өсірудегі ең тиімді тәсілдерді үйреніп,оларды өзінің өндірістік практикасына енгізді. Сонымен тынымсыз еңбектердің іс-әрекеті зор табысқа жеткізді. 1947 жылы отарындағы 405 қазақы тұқымды саулықтан 605 қозы өргізді. Ал отарындағы әр қойдан қырқылған жүннің мөлшері бойынша колхозындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен аға шопан Махамбетәлі Ешниязовтың қоғамдық қой шаруашылығын дамытудағы зор табысын,оның көп жылғы жемісті еңбегін атап көрсетіп,Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 1957 жылы «Жаңа құрылыс» колхозы «Приаральск» совхозына қосылғаннан кейін Махамбетәліні қой фермасының меңгерушісі етіп жоғарылатты. Даңқты шопан мұнда да өзінің тамаша ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Ол басқарған ферманың даңқы бүкіл Арал маңына кең таралды. 1958 жылы қайтыс болды.
Жаналиев Сейтмағамбет (1890-)
Сейтмағанбет Жаналиев 1890 жылы Қызылорда облысы қазіргі Арал ауданында туған. 1910 жылдан бастап еңбек ете бастады. 1928 жылдан 1939 жылға дейін «Құмсай» ауыл шаруашылық артелінде істеді. «Арал» совхозында соңғы екі жыл еңбек еткен Сейтмағанбет Жаналиевты бүкіл Арал ауданының үлкен-кішісі демей барлығы құрмет тұтты. Сейтмағанбеттің көп жылдар бойы жылқы өсіргені,оның басқа малшыларға үлгі болғаны осы өңірге әйгілі,ол шындық,ақиқат. Соғыстан кейінгі қиыншылығы мол кезде колхозда жұмыс істеген ол өзінің қажырлы еңбегінің арқасында құлын алуда ең жоғарғы көрсеткіштерге қолы жетті. 1948 жылы 53 биеден 53 құлын алып,оларды аман өсіруді қамтамасыз етті. СССР Жоғарғы Советінің Президиумы өзінің 1949 жылғы 31 октябрьдегі Указымен С.Жаналиевке Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Жоғарғы награда атақты жылқышының көп жылғы еңбегінің жиынтығы іспеттес. Оның мәпелеп өсірген ондаған сәйгүліктерін Ұды Отан соғысы жылдарында Доватор,Плиев және Белов секілді генералдардың қол астындағы атты әскери бөлімдерінің жауынгерлері ерттеп мініп,жауды қиратты. Сөйтіп Сейтмағанбеттің өміріндегі бай тәжірибесі мен оның шеберлігі фашизмге қарсы күреске қатысты. Отанымыздың жауларына қатысты шайқаста жеңіске жетуге үлес қосты. Ол көп жылдар бойы қажырлылықпен еңбек ете берді,малшыларға,жас жылқышыларға өз шеберлігінің құпия сырын таратып отырды. Жасы жетпіске келгенде ғана аттан түсіп,тақымын жазды,пенсияға шықты.
Кенжебаев Жүсіп ()
Жүсіп Кенжебаев-Арал ауданы Сталин атындағы колхоздың жылқышысы,СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен Соцалистік Еңбек Ері атағына ие болған.
Қазанғапов Өтеген (1892-)
Өтеген Қазанғапов - Арал ауданы «Октябрь»колхозының жылқышысы,СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ин болған.
Лепесов Әлмұрат (1881-1966 ж)
Лепесов Әлмұрат 1881 жылы Қызылорда облысы қазіргі Арал ауданындағы Қамбаш аулында туған. Әлмұрат қаршадай жасынан байлар мен ауқаттылардың малын бағып күнелтті. Ұлы Октябрь социалистік революциясы оның өмірін түбірінен өзгертті. 1918 жылы Аралға барып,сонда тұңғыш рет әліппемен танысты,оқу-сызуды үйренді,азамат соғысының күйзелген халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне белсенділікпен атсалысты. Бірақ бұрынғы шаруа туған ауылын,өскен жерді аңсадыда тұрды. Еліне қайтыа оралды да 1933 жылы «Ақбай» колхозының мүшесі болып,сонда 1941 жылға дейін істеді. Бұдан кейін Ә.Лепесов «Қазақстанның ХХ жылдығы» колхозына көшіп барды. Басқарма оған бір үйір жылқыны табыс етті,осы жаңа іспен шұғылданады. Әлмұрат жылқының тұқымын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асырды,жемшөп дайындау ісін қолға алды,малды шығынғы ұшыратпаудың қамын ойластырды. Қызыл Армияға жарамды аттар сайлады. 1944 жылы Әлмұраттың өзінің өтініші бойынша қой фермасына ауыстырды,мұнда ол көп ұзамай-ақ үздік шопан атанды. Оның бағуындағы саулықтардың ең көп қозы алынып жүрді. С.Жансүгіров,С.Сәкиев,А.Жарікеев және басқа жас шопандар одан қой бағудың әдісін үйренді. 1947 жыл ол үшін ерекше жыл болды. Қазаққы тұқымдас 433 саулықтан 573 қозы алуға жетті. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен Әлмұрат Лепесовке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Бұдан кейін колхозда он жылдай істеді,ал соның негізінде Қарақұм қой совхозы құрылғанда қайтадан бір қора қойды қабылдап алды. Ә.Лепесов тек 1959 жылы ғана пенсияға шықты. 1966 жылы қайтыс болды.

Нұржаубаев Мұқыш (1892-1970ж)
Нұржаубаев Мұқыш 1892 жылы туған. 1931-1937 жылдары Қызылорда облысы Исаев атындағы совхозда істеді. 1937 жылы Қарақұм ауылдық Советінің қарамағындағы Киров атындағы колхозға көшіп барды. Мұнда оны жылқышы етіп тағайындады. М.Нұржаубаев бұл мамандықты тез меңгеріп,өз ісінің нағыз шебері болып алды. Әйгілі малшы көп жылдар бойы колхоздың жылқысын бақты,іріленген Абай атындағы колхозда жылқы фермасының меңгерушісі, «Қарақұм» совхозында жылқышы болып істеді. 1947 жылы М.Нұржаубаев қажырлы да жемісті еңбегі үшін Ленин орденімен наградталды. Бұдан кейін СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1958 жылы оған дербес пенсия берілді. Бірақ М.Нұржаубаев жасының ұлғайғанына қарамастан үйінде қол қусырып отыра алмады. Оны әр кезде жылқышылар арасынан кездестіріп,оларға құнды кеңес беріп отырды. Ол Қарақұм совхозының қоғамдық өміріне де белсене араласты.
Өтеулиева Ұштап (1910-1978 ж)
Өтеулиева Ұштап 1910 жылы Сырдария / Қазіргі Қызылорда / облысындағы ауылдардың бірінде туған. Ұштап Өтеулиева өзінің еңбек жолын 1945 жылы балық тоңазыту комбинатында түрлі жұмыс істеп бастады. Көп ұзамай тоңазытқыш цехында сорттаушы мамандығын үйренді. Жаңа жұмысшы өзінің табандылығы және қажырлығымен көзге түсті. Оны бригадир етіп тағайындалды. Ол басқарған бригадир норманы 150 процентке орындап жүрді. 1959 жылы завод тоңазытатын баржа алды,онда теңіз үстінде жүріп-ақ ауланған балықты ізінше тоңазытуға болатын еді. Ашық теңізде жұмыс істеудің қиындығына қарамастан ер жүрек Ұштап Өтеулиева баржада жұмыс істеуді өзінің борышы деп санады. Төрт ай ішінде ол сорттаушы мамандығына бес әйелді үйретіп шығарды. Ол жұмыс істейтін баржа алдыңғылар қатарына шықты. Өтеулиева Ұштап «Социалистік жарыстың озаты» значогімен наградталды. Ол баржада 6 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Ұштап ең озат,белсенді қызметкерлердің қатарында болды. 1961 жылы еңбекшілер депутаттары Қызыорда облыстық Советінің,1963 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік Советінің депутаты болып сайланды. Еңбектегі аса көрнекті табыстары үшін Халықаралық әйелдер күнінің 50 жылдығы құрметіне СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1960 жылғы 7 марттағы Указымен Өтеулиеваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1965 жылы 31 декабрьде 1-ші класты айбынды матросты коллектив пенсияға шығарып салды. Ұ.Өтеулиева дербес пенсионер. Өтеулиева Ұштап 1978 жылы 31 шілде айында дүниеден озды.
Рысқалов Бақыт (1902-1955 ж)
Бақыт Рысқалов 1902 жылы Қызылорда облысы Амандыкөл ауылдық Советінің құрамына енген ауылды туған. Бақыт Рысқалов 1937 жылдан бастап ауданда үздіксіз басшы қызметтерді атқарды. 1938 жылы бірінші шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Оны «Бұғын» балық заводына директор етіп тағайындады. 1941-52 жылдары үздіксіз «Тастүбек» колхозының председателі болып келді. Колхоз көп салалы шаруашылық балық аулады,жылқы,қой,түйе өсірді. Осы уақыт ішінде колхоз зор табыстарға жетті.: балық аулау 1941 жылы 4151 центнерден 1952 жылы-5670 центнерге жетті,осыған сәйкес ақшалай табысы 219,1 еседен астам артты. Колхоз тек мемлекетке жоспардан тыс өткізген балықтан 800 мың сом кіріс келтірді. Колхоз мал шаруашылығын өркендетуде де елеулі табыстарға жетті. Қоғамдық мал саны 1941-52 жылдары жылқы 425-тен 1006-ға дейін түйе 92-ден,178-ге дейін өсті. Колхоздың жылқы өсіру жөніндегі тамаша жетістіктері СССР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары маршал С.М.Буденныйдың назарын аударды,ол Б.Рысқаловқа еліміздің таңдаулы жылқы өсірушісі ретінде хат жолдап,одан өз тәжірибесін еліміздің жылқы өсірушілері ортасына салуды өтінді. Колхоз байлығын еседен арттыруды ол өзімнің коммунистік борышым деп санады. Колхоз байлығы артып,оның бөлінбейтін қоры 11 жыл ішінде 4 есе көбейді. Колхозшылардың әл қуаты арта бастады,осы уақыт ішінде олардың еңбек күндеріне бөлінген қаржы 20 процент артты. Колхоз күрделі құрылыстар жүргізуге мүмкіндік алды. Радио торабы,электр станциясы,7 мал қорасы салынды,автомашиналар,3 моторлы кеме сатып алды,клуб,монша,балалар бақшасы,балықшылар қостары сияқты мәдени-тұрмыстық мекемелер де салынды. СССР Жоғарғы Советі Бақыт Рысқаловтың қоғам алдындағы еңбегін жоғары бағалады. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Құрмет белгісі орденімен мақтау грамоталары мен «Қазақ ССР ауыл шаруашылығының озаты» значогымен награтталып,сан рет бағалы сыйлық алды. Б.Рысқалов өзінің адал еңбегімен колхозылар арасында зор беделге ие болды. 1953 жылы Бұғын ауылдық Советіне депутат болып сайланды,1955 жылға дейін ауылдық Совет атқару комитетінің председателі қызметін атқарды. Қызылорда облыстық партия комитетінің мүшесі,Қазақстан Компартиясының ІҮ,Ү,ҮІ сьездеріне делегат болып сайланды. 1955 жылы қайтыс болды.

Сарымс Әбақовжәи (1928-1999ж)

Сарымсақов Әбжәми 1928 жыл Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Аралсульфат елді мекенінде туған. Еңбек жолын Аралсульфат комбинатында 1940 жылдың маусым айынан тұз сору қондырғысының жұмысшысы қызметінен бастаған. Онан кейін қондырғы машинсінің көмекшісі,машинисі,механигі және бастығы жұмыстарын атқарды. Тұз қазу цехында трактор паркінің механигі,комбайн механигі болып еңбек етті. Әбжәми Сарымсақов 1950-53 жылдары Кеңес армиясы қатарында қызмет етіп,Отан алдындағы борышын абыроймен орындап,туған ауылына қайта оралысымен 1953 жылдан бастап «Сольтресте» тұз қазатын комбайнның механигі болып істеді. 1955 жылдан бастап он екі жыл бойы тұз көліндегі трактор паркінің бастығы болған. 1967-89 жылдары тұз қазу цехының механигі,1989 жылы өзі сұранып қайтадан тұз қазатын комбайнның машинисі болып,1991 жылға дейін қызмет атқарған. Сол жылы «Аралтұз» комбинатында 50 жыл 8 ай бір цехта еңбек еткен Әбекең зейнет демалысына шыққан. Еңбек десе ішкен асын жерге қоятын Әбжәми Сарымсақов ерен еңбегі үшін 1964 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған. 1971 жылы 21 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Әбжәми Сарымсақовқа ұзақ жылдар бойы жоғары еңбек көрсеткіштеріне жеткені үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Ленин» ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен және «В.И.Ленин 100 жылдығы құрметіне» мерекелік медалімен марапатталған. Көп жыл бойына аудандық және поселкелік Кеңестің депутаты болып сайланды,Арал аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Әбжәми Сарымсақов Қазақстан Республикасы бойынша тұз өндіру саласынан Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден-бір еңбек озаты. Еңбек батыры Ә.Сарымсақовтың өмірі бүгінгі және келер ұрпақтар үшін өшпес өнеге,теңдесі жоқ ұлағат болып табылады. 1999 жылы дүниеден озды.
Сманов Құдайберген (1915-)
Құдайберген Сманов 1915 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Құдайберген жеті жылдықты бітірісімен аулында енді жерді бірлесіп өңдейтін серіктікке кірді. Бұл бірлестік кейін Чкалов атындағы ауыо шаруашылығы артелі болып құрылды. Ол бірден не шопан,не жылқышы әйтеуір малшы болғысы келді. Бірақ алғашқыда басқа жұмыстарды атқаруына тура келді. Мұның өзі кейін жылқы фермасына меңгеруші болғанда кәдеге асты. 1941 жылы Құдайберген ауылдың өзі сияқты жас жігіттерімен бірге совет жерін фашистік аю андардан қорғау үшін майданға аттанды. Кіндік түскен жерден төрт жыл алыста болып,Ленинградтан Берлинге дейін қанды ұрыстар жолын жүріп өтті. Құдайберген майданда 1943 жылы КПСС қатарына өтті. Соғыс аяқталған соң омырауында бірден үш медаль жарқыраған жеңімпаз жауынгер аулына оралды,туған колхозындағы жұмыстарға еселенген жігермен құлшына кірісті. Құдайбергенге үлкен бір үйір жылқы табыс етілді,өзі қадаған осы бір іске бар күш-жігерін аямай жұмсалды. Жас жылқышының әр кезде кітап оқып отырғанын көруге болатын еді. Ол бүкіл елімізге әйгілі жылқы өсірушілердің жұмыс тәжірибесін үйренеді,бұл істе тәжірибесі мол ауыл ақсақалдарынан сұрап білді,ақыл-кеңес алды. Оқу мен қаржылы еңбек Құдайберген жұмыста зор табыстарға жетуіне жәрдемдесті. 1948 жылы 53 биеден 53 құлын алып,аман өсірді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылы 31 октябрьіндегі Указымен Чкалов атындағы колхоздың үздік жылқышысына Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Колхоз басқармасы оны жылқы фермасының меңгерушісі етіп жоғарлатты. 1950-51 жылдары Чкалов атындағы ауыл шаруашылығы артелі іріленген Энгельс атындағы колхозға қосылды. Құдайберген жаңа колхозда бұрынғысынша жылқы фермасын басқарды. Бұл кезде фермада 1248 жылқы бар еді. Меңгерушінің атқаратын жұмысының көлемі арта түсті. Ол қажырлылықпен еңбек ете білді,сөйтіп өзінің көмекшілерінен де соны талап етті. Фермадағы жылқышылардың бәрі оның бастамасын қолдап,мал шаруашылығы шеберлерінің үш жылдық мектебіне оқуға түсті. 1957 жылы Энгельс атындағы колхоз негізінде «Приаральск» совхозы құрылды. Коммунист Қ.Сманов жаңа совхозда қатардағы жұмысшы болып еңбектене берді. Кенеттен жабысқан кесел оны пенсияға шығуға мәжбүр етті.
Тәжіғұлов Төкеш (1896-1949 ж)
Төкеш Тәжіғұлов 1896 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Еңбек жолын байдың жалшысы болудан бастады. Октябрь революциясы жеңгенде оның жасы жиырмадан асқан еді. Ең далаға жаңа өмір орнады,колхоз пайда болды. Байлардың кешегі жалшылары бірлесіп колхоз құрды,оны қазақ халқының батыры Амангелдінің есімімен атады. Солардың ішінде Т.Тәжіғұлов та бар еді. Төкеш колхоздың қойын бақты. Ол аз қойдың бір тұяғын да өлім-жітімге ұшыратпау үшін әрекеттің бәрін жасап бақты,еңбегі зая кетпеді. Ынтамен істеген жұмыс өз нәтижесін бере бастады. Колхоз отарларының саны көбейді,шаруашылық баии түсті,колхозшылардың тұрмысы жақсарып,ауыл мәдениеті арта берді. Соғыс кезінде Төкеш майдандына еңбек етіп,өзіне бекітілген қойлардан барынша мол өнім алуға тырысты. Аға шопан шеберліктің ең жоғары сатысына 1947 жылы көтерілді,бекітіліп берілген 444 саулықтан 628 қозы алып,бәрін аман сақтады. Қозы болғанда қандай. Олардың әр қайсысы енесінен ажыратылғанда 45 килограмнан тірідей салмақ тартты. Осы тамаша ерлік еңбегі өзінің жоғары бағасына алды. СССР Жоғарғы Советі президиумының 1948 жылғы 23 июльдегі Указымен Т.Тәжіғұловқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Төкеш өмірінің ақырғы күніне дейін қолынан құтты таяғын бір сәт түсірген емес. 1949 жылы қайтыс болды.
Шалабаев Мұрат (1896-)
Мұрат Шалабаев 1896 жылы Қызылорда облысы қазіргі Арал ауданында туған. Ол 20 жылға жуық 1937-57 жылға дейін Арал ауданының Аманкелды атындағы колхозында шрпан болып еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол өз ісіне әбден машықтанып алды,колхоздағы таңдаулы шопандардың бірі болып саналды. Қарапайым еңбекқор малға жем шөп дайындауды,суаттарды реттеуді,қора-қопсыны дер кезінде жөндеуді бір сәт естен шығармады. Мұрат өзіне талап қойа білетін адам. Ол өзінің жәрдемшілерінен қораның әрқашан жылы болуын,жемшөптің дер кезінде жеткізілуін қатаң талап етіп отырды. Жазғы жайлауға шығысымен-ақ қысқа әзірлік жұмыстарына кірісуді әдетке айналдырды. Жоғары талап қоюшылық,қоғамдық шаруашылыққа жан ашушылықпен қарау-оған тән асыл қасиеттер міне осылар. Мұның өзі қойды өлім-жітімге ұшыратпауға,төлді көп алып,оларды аман сақтауға септігін тигізді. 1948 жылы ол отарындағы 407 қазақы тұқымды саулықтан 530 қозы алып,айрықша зор табысқа жетті. Сол жылы алынған қозыларды әр жүз саулыққа шаққанда 130-дан айналдырды. Оның отарындағы әр қозы енесінен ажыратылғанда 42 килограмнан салмақ тартты. Мұның өзі тамаша жетістік еді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1949 жылғы 31 октябрьдегі Указымен Мұрат Шалабаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1957 жылы Амангелді атындағы колхоз негізінде «Приаральск» совхозы құрылды. Алғашқы кезде Мұрат совхозда аға шопан болып істей берді. Бірақ кәрілік өзінің айтқанын істеді,оның үстіне денсаулығы да сыр бере бастады. Пенсияға шығуға мәжбүр болды. Әкесінің құтты таяғын ұлдары Қазы мен Қонақбай алды,олар әке жолын қуып шопан болды.

 

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін180
Кеше213
Осы аптада180
Осы айда1543
Барлығы91373

Қазіргі оқырмандар саны

4
Онлайн