Мемлекет және қоғам қайраткерлері

Категория: Танымал есімдер Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 519

 

Жасекенов Құдайберген.
(1924-2000)

Жасекенов Құдайберген 1924 жылы Арал ауданы, Құланды ауылында туған. Бұл жылдары 1932-1938 жылдары Ауан жетіжылдық мектебінде, 1939-1941 жылдары Шалқар қалалық орта мектепте оқиды.1942-1944 жылдары Армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысады. 1944 жылы ауыр жарақаттанып елге оралады. 1944 -1949 жылдары Ауан балық зауытында , балықшылар кооперациясында еңбек етеді. 1949-1960 жылдары Арал аудандық комсомол, партия комитеттерінде нұсқаушы , үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып, абыройлы қызметтер атқарады. 1960-1986 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1986-1995 жылдары аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, ақылшы-ұстаз болды. Ол 1953-1958 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында оқып, тарих факультетін бітірді.
Отыз бес жылдан астам мәдениет саласын басқарып, халықтың рухани-мәдени көтеруге өзінің бар ұйымдастырушылық қабілетін, білімін жұмсады. Осы кезеңдерде кітапхана, клубтық мекемелердің материалдық-техникалық базасы недәуір нығайып, олардың жұртшылыққа қызметі арта түсті.
Қ.Жасекенов халықтық өнердің дамуына, әсіресе, жас таланттарды тәрбиелеп өсіруге көп еңбек сіңірді. Оның осындай игілікті атқарған еңбегінің нәтижесінде аудандық мәдениет үйінің домбыра оркестріне Қазанғап (1967ж.) драма ұжымына «Халықтық» деген құрметті атақтар берілді.


Жоғарыда көрсетілгендей аудан мәдениеті мен өнерін дамытудағы ерекше еңбегі жоғары бағаланып, Құдайберген Жасекеновке 1974 жылы «Республикағаеңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді. Ол Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен еңбектегі қол жеткен табыстары үшін Қызыл жұлдыз, Ұлы Отан соғысының І дәрежелі Еңбек Қызыл Ту ордендері мен көптеген медальдармен, грамоталармен наградталды. КСРО мәдениет министрлігі «Үздік мәдениет қызметкері» атағын берді. 1990 жылы Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды.
Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.Ер есімі-ел есінде мәңгілік. Ұлы ардагерлер мәңгілік жүрегімізде, біз арқашанда олардың алдарында бас иеміз.

Саржанов Құдайберген
/ 1937 /

Саржанов Құдайберген 1937 жылы 23 тамыз жұлдызында Арал ауданы,Аманөткел ауылдық Кеңесінде Қарамойын-хан деген жерде дүниеге келген.
1952 жылы Аманөткелдегі жетінші класты бітіріп,сол жылы Гурьев балық шаруашылығы техникумына түсіп,1956 жылы ойдағыдай бітіріп,балық аулау маманы атағымен Арал балық тресінің қарамағына оралды.
1956-1962 жылдар аралығында Қазақстан бірлестік,Райым,Тастүбек балық колхоздарында балық аулау-нұсқаушы болып,Арал балық тресінде-инженер,бөлімінің бас инженері болып қызмет атқарды.
1962-1965 жылдары Ауан балық зауытының бас инженері,кейіннен Қасқақұлан мемлекеттік балық аулау базасының директоры қызметіне өсті.
1965 жылдың қаңтар айында жаңадан құрылған Арал аудандық партия комитетінің өндіріс-көлік,байланыс бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалды. 1965-1969 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы.
1969-1971 жылдары Қызылорда партия комитетінің өндіріс-көлік бөлімінің нұсқаушысы. Ал,1971-1974 жылдары аралығында Арал ауданы еңбекшілер депутаты атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары,1974-1983 жылдар аралығында «Аралрыбпром» өндірістік бірлестігінің бас директоры қызметін ойдағыдай атқарды.
1975-1983 жылдар аралығында облыстық партия комитетінің пленум мүшесі болып,облыс экономикасын көтеруге атсалысты. «Аралрыбпром» өндірістік бірлістігінің бас директоры қызметін атқарды.
1983 жылдың наурыз айынан бастап Қазақ ССР Балық шаруашылығы министрі болып тағайындалды.
1985-1990 жылдары Қазалы округінен Қазақ Жоғарғы Кеңесінің депутаты,1989-91 жылдары Қазақстан экологиясы және Арал-Балқаш мәселелері жөніндегі халықаралық қоғамдық комитетінің төте президенті болды.
Саржанов Құдайберген Арал апатына,Сыр өңіріне мен қазақ еліне себі тиер елуге жуық ұсыныс-пікірлердің авторы. Жиырма шақты мемлекеттік марапаттардың иесі. Халықаралық Аралды құтқару қоры тобының мүшесі,Арал қаласының құрметті азаматы.

Әдебиеттер тізімі :

Саржанов Қ Аралдың айтылмаған ақиқаты. Бірінші кітап /Қ.Саржанов –Алматы: Бастау,2007.-418 б.
Саржанов Қ Аралдың айтылмаған ақиқаты. Екінші кітап /Қ.Саржанов –Алматы: Бастау,2007.-195 б.
Саржанов Қ. Менің тағдырым-Арал /Қ. Саржанов // Толқын.-1999.-19 тамыз(№35).-3 б.
Аманатын арқалаған : /Облыстық мәслихат депутатына түскен қоғам,
мемлекет қайраткері Қ.Саржанов туралы / // Толқын.-2007.-11 тамыз.-2 б.
Арал қаязы немесе теңге балығы-Аральский усач // Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Омыртқалы жануарлар./Құраст А.Ф. Ковшарь –Алматы: Алматыкітап,2004.-39 б.
Әбілда Е. Теңіз тербеген тұлға : / ҚР Балық шаруашылығының мнистрі Құдайберген Саржанов туралы / Е.Әбілда // Сыр бойы.-2017.-21 қазан(№159-160).-1 б.
Әйтімова Л. Ердің еңбегін елі біледі: / Құдайберген Саржанов туралы / // Сыр бойы.-2017.-21 қазан(№159-160).-4 б
Балық та-байлық: / Қазақ мемлекеттік балық шаруашылығы кооператив-
тік бірлестігі президиумының председателі Құдайберген Саржановпен сұхбат / // Аралым-арым,Балқашым-бағым / Құраст Н.Жүнісбаев –Алматы: Қайнар,1988.-248-254 б.
Балық шаруашылығы «Крицман жолдасқа» : / Балық шаруашылығын кеңінен меңгерген басшылардың бірі Құдайберген Саржанов туралы / // Қылышбаев А.,Қодаманов Б. Арал –Алматы: 2003.-57 б.
Бердібаев Б. Аралдың тулаған балығы талайды аштықтан құтқарды./ Б.Бердібаев // Таңдамалы топтама-2008. –Қызылорда: Игілік,2008.-91-95 б.
Бұйраев Б. Ел ағасы: / Қ.Саржанов туралы / Б.Бұйраев // Толқын.-2012.-20 қазан.-2 б.
Домбай Нұрперзент. Құдайберген Саржанов: Арал-менің тағдырым / Домбай Нұрперзент // Ана тілі.-2017.-11 қазан.-8 б.
Елеш А. Алаштың Аралы: / Арал ауданына 80 жыл / // Толқын.-2009.-4 қараша(№87).-1-2 б.
Жақсылықұлы Ж. Көкарал бөгеті-балықшылар мерекесі / Ж.Жақсылықұлы // Толқын.-2009.-15 шілде.-2 б.
Жаппархан Ө. Арашашы: / Қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов туралы / Ө. Жаппархан // Сыр бойы.-2017.-12 тамыз(№120-121).-4 б.
Жиенбай Қ. Теңіздің төл перзенті : / Зейнеткер,бұрынғы Арал балық комбинаты директоры Құдайберген Саржанов туралы / Қ.Жиенбай // Егемен Қазақстан.-1997.-5 қыркүйек.-2 б.
Кіріспе: / Арал теңізінің тарихы мен Аралдың еңбегімен елге сыйлы болған қаһарман балықшылар туралы // Әбдуәлиев О. Құрыштан құйған құдірет /О.Әбдуәлиев –Арал-Алматы: 2002.-5-7 б.
Саржанов Құдайберген. Өмірбаяны // Сыр елі «Қызылорда облысы»: Энциклопедия / Бас ред Б.Ғ. Аяған –Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС,2005.-433-434 б.
Саржанов Құдайберген. Өмірдерегі // Қарттарым-асыл қазынам –Қызылорда: 2001.-80 б.
Табынбаев Ж. Елбасы қамқорлығындағы аймақ : / Арал ауданының өркендеу жолы туралы / Ж.Табынбаев // Толқын.-2007.-20 қазан.-2 б.
Төлегенқызы Р. Ол-теңіздің баласы / Р.Төлегенқызы // Астана ақшамы.-2017.-11 қазан.-5 б.
Тілепов Б. Аралдағы «Мәдениет кемесі» / Б.Тілепов // Толқын.-2014.-16 шілде(№52).-2 б.
Үмбет Ә. Тұқы тұқымы көбейіп жатыр / Ә.Үмбет // Алаш айнасы.-2011.-5 қазан(№175).-4 б.
Лунев Г. Дочь Арала. Повесть. Книга посвящается 100-летию Арала / Г.Лунев // Кызылорда: 2002.-55 с.

Мемлекет қайраткері Ұзақбай Қараманов 80 жаста
(1937-2017)

Қараманов Ұзақбай 1937 жылы 20 тамызда Арал ауданы,Ұялы ауылында дүниеге келген.
1959 жылы Куйбышев / Самара / қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген.
1959-64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында / Ақтөбе облысы / прораб, «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер,басқарма бастығы,1964-1980 жылдары «Алматы өнеркәсіптік құрылысы» тресінде аға прораб,комбинат директоры.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері. Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы,Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы,1980-84 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы,1984-89 жылдары қазақ КСР құрылыс министрлігінің 1-орынбасары,Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
1989-90 жылдары Қазақ КСР Министрлігі Кеңесінің төрағасы,1990-92 жылдары Қазақ КСР Миинстрлігі Кабинетінің Премьер-Министрі болды.
Кейінгі жылдары ҚР Сенатында депутат,мәжіліс депутаты болып сайланған. 1991 жылдың қазан айынан-ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
1993 жылдың сәуір айынан- Аралды құтқару халықаралық қорының атқарушы директоры.
1994 жылдың наурыз айынан-депутат ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған. 1995 жылдың сәуір айынан «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті.
1998 жылдың сәуір айынан- «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті және ҚР құрылысшылар одағының президенті.
1999 жылдың қазан айынан –ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№ 37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отын РСП атынан») екінші турда сайланды.
Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі. 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжіліс 3-ші шақырылымының депутаты. Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші,12-ші,13-ші шақырылымдарының депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты,Қызылорда,Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған КОКП ОК (1990-1991),Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991).
Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991),Қаз КСР Президенттік Кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы ІІ дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен,ҚР мерейтой медальдарымен,Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының және Еуропа қоршаған ортаны қорғау облыстық «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты. 2007 жылы желтоқсан айында облыстық мәслихат шешімімен «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Қараманов Ұ. Кешегі мен келешектің көпірі. Тұңғыш премьер-министрдің естеліктері /Ұ.Қараманов –Алматы: 2007.-304 б.
Қараманов Ұ. «Ешкі әр қырқылған сайын бір өлеңі»: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұзақбай Қарамановпен сұхбат / Сұхб Р.Әшеева // Қазақстан әйелдері.-2005.-№ 4.-4-6 б.
Қараманұлы Ұ. Өмірбаяны // Сыр елі Қызылорда облысы: энциклопедия / Бас ред Б.Ғ. Аяған –Алматы: 2005.-299 б.
Әлішев Ә. Еселеніп өтелген парыз: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов туралы сөз /Ә.Әлішев // Сыр бойы.-2007.-2-3 қазан.-3 б.
Бірқатар азаматтарға «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы: Қызылорда облыстық мәслихатының 2007 ж 12 желтоқсан.№21 шешімі // Сыр бойы.-2008.-19 қаңтар.-
Елдігі мақтан, ерлігі д астан туған жер: Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ә.Нұрпейісов,
Ұ.Қараманов,С.Шаухаманов Қызылорда облысының құрметті азаматы атағын еленді. // Сыр бойы.-2007.-15 желтоқсан.-
Жолдасбеков М. Тұңғыш Премьер-министр: / Ұзақбай Қараманов туралы ой-толғам / М.Жолдасбеков // Егемен Қазақстан.-2007.-11 тамыз(№262/264).-8 б.
Жолдасбеков М. Тұңғыш Премьер-министр: / Ұзақбай Қараманов туралы ой-толғам / М.Жолдасбеков // Сыр бойы.-2007.-24 тамыз.-8 б.
Олжай Қ. Қара нары қазақтың / Қ.Олжай –Алматы: Рахметолла,2007.-320 б.
Пірназаров С. Тәуелсіз елдің тұңғыш Премьері: Қайраткер Ұзақбай Қараманов туған жерінде / С.Пірназар // Егемен Қазақстан.-2007.-7 қыркүйек.-10 б.
Сариев Ш. Тұңғыш Премьер-министр,үш академик және бір ақын : Ұзақбай Қараманов,Салық Зиманов,Төрегелді Шарманов,Камал Ормантаевқа арналған өлең / Ш.Сариев // Сыр бойы.-2007.-14 қыркүйек.-3 б., Сыр бойы.-2007.-15 қыркүйек.- 4 б.
Тәтіғұлов Ә. Ұзақбай ұлағаты: Қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың өмір жолымен қызметі туралы / Ә. Тәтіғұлов // Егемен Қазақстан.-2012.-25 тамыз.-7 б.
Тәтіғұлов Ә. Ұзақбай ұлағаты. Адалдық: Қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов жайлы / Ә.Тәтіғұлов // Ана тілі.-2012.-16-22 тамыз(№ 33).-6 б.
Төлепберген М. Ақжал толқын жағалауға келіп қайтады : Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманов туралы // Егемен Қазақстан.-1997.-20 тамыз.-8 б.
Халқын сүйген қайраткер : / Мәжіліс депутаты Ұзақбай Қараманов туралы // Толқын.-2004.-17 маусым.-2 б.
Шаухаманов С. Мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қарамановтың 75 жылдық мерейтойына // Қарттарым қадірлеген ең қасиетті өңір. Деректі суретті кітап. –Қызылорда: Полиграфия,2013.-211 б.

 

Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев
(1947-2010)

Актер,эстрада әртісі,қоғам қайраткері Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев 1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында туған.
Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер ансамблінде жарық берушілікпен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.
1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады.
Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. Қ.Сұлтанбаев сан қырлы талант болды.
Оның ерекше бір таланты – сатира жанрында жарқырай көрінді. Бұл тұста Тамаша әзіл-сықақ театрының іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменін хас өнерімен сусындатып өткенін атап айту керек.
Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің бірнеше фильмінде, сондай-ақ «Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С.Тәукелдің «Махамбет», Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе», т.б. көркем фильмдерде әрқилы да қызғылықты бейнелер жасады.
Сан қырлы талант иесі ән салып, бірнеше аспапта шебер ойнады, суретшілік өнерден де кенде болмады. Ал, Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық еткен кезеңінде 2005 жылы оның студенттері Қырымда өткен Халықаралық студенттер мен жастар фестивалінде Бас жүлдеге ие болды.
Құдайберген Сұлтанбаев 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 1 сайланған кәсіби Парламентінің депутаттығына сайланды. Ол осы кезеңде ел үшін өзекті мәселенің бірі Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушыларының аманатын орындады.
64 жасқа қараған шағында көрнекті актер, Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаев 2010 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды.

Әдебиеттер тізімі:

Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы : Өмірбаяны // Сыр өңірінің мәдениеті. Тарихи-анықтамалық басылым / Ред.алқасы Ж.Мұхамедов,Б.Жүсіпов т.б. Пікір жазғандар А.Әшімов,Иран-Ғайып,Ә.Сығай –Алматы: 2009.-170 б.
Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы : Өмірбаяны // Сыр елі Қызылорда облысы: энциклопедия –Алматы: 2005. 452-453 б.
Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы : Өмірбаяны // Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық –Алматы: Аруна,2005.-559 б.
Аяшұлы Д. Халық әртісі туған жер тұғырында: Қ.Сұлтанбаев-60 /Д.Аяшұлы // Сыр бойы.-2007.-6 маусым.-11 б.
Әбіл Е. Күлкіден күмбез соққан саңлақ: / Сахна саңлағы,Қазақстанның халық әртісі Қ.Сұлтанбаев туралы / Е.Әбіл //Сыр бойы.-2015.-20 қазан(№158-159).-6 б.
Әйтімова Л. Сан қырлы сахна тарланы: ҚР халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың өмірден озғанына биыл бес жыл толуына орай Арал қаласында актер рухына арнап ас берілді /Л.Әйтімова // Толқын.-2015.-28 қазан(№83).-1 б.
Әл-Тарази Т. «Аралдан әзіл оздырған....»: Қазақстанның халық әртісі,актер Қ.Сұлтанбаев туралы естелік /Т.Әл-Тарази // Қазақ әдебиеті.-2012.-7-13 желтоқсан(№50).-11 б.
Әл-Тарази Т. Беймәлімге кеттің,бейопадан өттің ! : Қазанама /Т.Әл-Тарази // Ана тілі.-2010.-23-26 желтоқсан(№51).-10 б.
Әл-Тарази Т. Қатарласым,қара нарым,шөккенің бе?!: Қазанама // Қазақ әдебиеі.-2010.-24-30 желтоқсан(№50-51).-15 б.
Әрі комик,әрі трагик актер еді...: / « Тамашаның тарланы Қ.Сұлтанбаев туралы / // Айқын.-2012.-14 желтоқсан.-5 б.
Байзақ Ш. Нағашыма еліктеп өстім: / Актер Құдайберген туралы / Ш.Байзақ //Сыр бойы.-2016.-30 қаңтар(№14-15).-8 б.
Жаманқұлов Т. Қатарласым,қара нарым шөккенің бе ?! // Егемен Қазақстан.-2010.-21 желтоқсан(№539-541).-8 б.
Жылқышиев Қ. Сатира сарбазынан айырылдық: Қазанама // Қазақ әдебиеті.-2010.-24-30 желтоқсан(№50-51).-15 б.
Кәденова Л. Бірі кем дүние-ай ! // Егемен Қазақстан.-2010.-21 желтоқсан (№539-541).-8 б.
Құдайдан әзіл-қалжың сұрай келген,сахнада-Сұлтанбаев Құдайберген // Қазақ әдебиеті.-2004.-14 мамыр.-16 б.
Мәжитқызы М. «Тамашаның»тарланы еді...: Сұлтанбаев Құдайберген // Айқын.-2015.-1 мамыр(№79).-6 б.
Сайдулова Т. «Тамаша»тарланын еске алды: / Сыр елінде актер,Қазақстанның халық әртісі Қ.Сұлтанбаевты еске алу кеші болды. \ Т.Сайдуова // Айқын.-2015.-3 қараша(№205).-8 б.
Сариев Ш. Күліп кетіп барасың: / Халық әртісі Қ.Сұлтанбаевқа арналған өлең /Ш.Сариев // Қазақ әдебиеті .-2010.-24-30 желтоқсан(№50-51).-15 б.
Сариев Ш. Тамашаның тарланы: /Актер Құдайберген Сұлтанбаевты еске алу /Ш.Сариев // Сыр бойы.-2015.-24 қазан(№161).-6 б.
Сұлтанбаев Қ. Көкейде жүрген ой көп... : / Актер Құдайберген Сұлтанбаев творчествосы жайлы /Қ.Сұлтанбаев // Қазақстан өнері.-1985.-49 б.
Сұлтанбаев Қ. «Парламентте-театр»: Парламент мәжілісінің депутатымен сұхбат / Әңг. Б.Төлепберген // Қазақ әдебиеті.-1996.-6 ақпан(№6).-3 б.
Табынбаев Ж. Азаматын ардақтады: Қызылордада сардары Қ.Сұлтанбаевты еске алуға арналған шара өтті./ Ж.Табынбаев // Сыр бойы.-2015.-27 қазан(№162).-4 б.
«Тамашаның» тағылымы: / «Тамаша-30» Қ.Сұлтанбаев,Т.Әл-Тарази,Л.Кәденова сөз алады /. // Егемен Қазақстан.-2006.-23 желтоқсан.-5 б.
Тоқтасынқызы М. Халық жүрегіндегі талант: /Н.Бекежанов театрында талантты актер Қ.Сұлтанбаевты еске алу кеші болып өтті. // Сыр бойы.-2015.-24 қазан(№161.-1 б.
Уәйіс Е. Тұла бойы тұнған талант еді... : / Қ.Сұлтанбаев туралы / // Сыр бойы.-2011.-19 желтоқсан.-6 б.
Шаштайұлы Ж. Мағыналы күлкінің иесі еді...: Қазанама // Қазақ әдебиеті.-2010.-24-30 желтоқсан(№50-51).-15 б.