Жергілікті ақын, жазушылар

Категория: Танымал есімдер Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 2108

Ақын Толыбай Абылаев.
(1952)

Толыбай Абылаев 1952 жылы Арал ауданындағы Ескібөген елді мекенінде туған.
Өлеңдері облыстық,республикалық баспасөзде жарияланып келеді. 1974-1977 жылдары Кентау,Алматы қалаларында өткен Қазақстан жас ақын-жазушыларының кеңестеріне қатысты.
1986 жылы «Шағала» атты балаларға арналған тұңғыш жинағы жарық көрді.
«Тұмар» баспасынан «Арал көшіп келеді» атты жыр кітабы жарық көрді. Т.Абылаев Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Арал аудандық «Толқын» газетінің бөлім меңгерушісі. Ақын Толыбай Абылаев қаламынан туындаған жырлары үшін Жарасқан Әбдірашев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты атанған.


Әдебиеттер :
Абылаев Т. Арал көшіп келеді.-Қызылорда:Тұмар,2002.-68 б.
Абылаев Т. Ағаларым мен тұстастарым. (Өлең). //Толқын.-2006.-24 маусым.-2 б.
Абылаев Т. Арал толқындары: Жалғыз желкен,Жанкент жаңғырығы,Балқаш көлі,Сәлем,саған Сыр елі. (Өлеңдері). //Толқын.-2008.-12 шілде(№56).-6 б,
Абылаев Т. Біздің ауыл:(Дастаннан үзінді). //Толқын.-2005.-19 мамыр.-3 б.
АбылаевТ.Жырым-менің тағдырым,Кенесары ханның монологы,Балықшы,Әкеме, Желтоқсанда жазылған хат. Өлеңдері. //Толқын.-2002.-12 сәуір.-3 б.
Абылаев Т. Екі мыңыншыжылмен есендесу;Бөгенім;Сыр;Ата заңым-Абызым. //Жүректегі жауһарлар.-Қызылорда: Алтын Орда,2001.-292-295 б.
Абылаев Т. Тағдырым,таланыма сыйладың жыр... Анама,Біздің Аралдың адамдары,Көнебөген көктемі, Ташкент-Харьков пойызы,Бекетай би мазары,Не қызық көрдің?! (бауырым Қарасайға).Сапар,Сырым құрбыма. //Толқын.-2009.-8 мамыр.- 5 б.
Абылаев Т. Туған жер перзенттеріне. (Өлең). //Толқын.-2002.-29 наурыз.-1 б.
Абылаев Т. Кеудесінде бұлт болып көшкен өлең... (Ақын Ж.Әбдірашев туралы). // Толқын.-2002.-15 ақпан.-3 б.
Ол туралы:
Ақын Толыбай Абылаев-50 жаста:/Арал түлегі,ақын Толыбай Абылаевтың кітабы туралы/. //Толқын.-2002.-12 сәуір.-3 б.
Әбдіреев Ж. Көркем сөзбен көрікті ойлар ұштасқан. (Ақын Т.Абылаев туралы). //Үмітті Арал.-2006.-29 шілде.-2 б.
Данабаев Қ. Толқыннан туған тербеліс немесе ақын досым Толыбай Абылаев жайлы сыр. //Халық.-2006.-15 маусым(№24).-10 б.
Жақып Ж. Мәңгілік махаббат.(Т.Абылаевтың «Аралдан соққан желі» атты кітабы туралы). //толқын.-2006.-25 наурыз.-2 б.
Қадырды қуантқан қаламгер(Ақын Толыбай Абылаев-50 жаста). //Толқын.-2002.-12 сәуір.-3 б.
Мырзалиев Қ. «Теңізден соққан жел» жинағын оқығанда:(Ақын Толыбай Абылаев туралы). //Толқын.-2002.-12 сәуір.-3 б.
Нурманов А. «Арал көшіп келеді»:(Ақын Толыбай Абылаевтың жаңа кітабы туралы). //Толқын.-2002.-9 тамыз.-4 б.
Үсенов Б. «Арал көшіп келеді:»: (Ақын Толыбай Абылаевтың кітабының шығу тарихы туралы). //Толқын.-2005.-25 маусым.-3 б.

Ақын, журналист Жарасқан Әбдірашев 

(1948-2001)
1948 жылы 7 наурызда Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келіп, 2001 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында дүние салды. 1969 ж. ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 1969-94 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманағында, «Жұлдыз» журналында, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және 20 әдеби байланыстар жөніндегі бас редакцияда қызмет атқарған, «Тамаша» ойын-сауық театрында бас редактор болған. Алғашқы жинағы - «Тұңғыш кітап» 1969 ж. жарық көрген. Замандастарымыздың өмірінен өрнектелген «Ақ қайран» (1970), «Найзағайлы жаз» (1971), «Саяхат» (1972), ұлттық ой-сана тұрғысындағы толғамдардан тұратын «Дала сенің ұлыңмын» (1975), «Соғыстан соң туғандар» (1977, 1993), «Перзент парызы» (1980), «Сана соқпағы» (1988) т. б. өлеңдер мен поэма жинақтары, қазақ әдебиетінде эпиграмма жанырын қалыптастырған «Әзілің жарасса» (1989) кітабы, қазақ балалар әдебиеті мәселелерін көтерген «Парасат пен парыз» (1973) әдеби-зерттеу еңбегі жарық көрді. Ақынның таңдамалы жырларының 3 томдығы («Сана соқпағы» 1998; «Көңіл көкпары» 1998; «Шежірелі шаңырақ» 1998) жарияланған. А.С.Пушкиннің, Р.Тагордың, М.Бсисудің, П.Элюардың, Я.Купаланың, К.И.Чуковскийдің, А.Л.Бартоның, А.А.Блоктың жекелеген туындылардың қазақ тіліне аударған. Ж.Әбдірашевтің төл шығармалары неміс, венгер, орыс, украин, өзбек, тәжік, әзербайжан, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне тәржімеленген. Қазақстан Жазушылар одағы М.Жұмабаев атындағы сыйлықтың алғашқы иегері (1989).
Әдебиеттер тізімі:
Әбдірашев Ж. Әзілің жарасса... Эпиграммалар. /Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жалын,1989.-144 б.
Әбдірашев Ж. Дала,сенің ұлыңмын. /Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жазушы,1975.-100 б.
Әбдіраштың Жарасқаны Көңіл көкпары. Таңдамалы.Өлең,Баллада,поэма,аударма. / Ж.Әбдіраш.-Алматы: Ана тілі,1998.-320 б.
Әбдіраштың Жарасқаны. Құлпытас немесе екі дүние:фәниден бақиға дейін... эпитафиялар,өлеңдер,поэмалар,эпиграмалар /Ж.Әбдіраш.-Алматы : Атамұра,2001.-360 б.
Әбдірашев Ж. Найзағайлы жаз. Лирика. /Ж.Әбдірашев.-Алматы:1971.-72 б.
Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. Әдеби сын. /Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жазушы,1973.-168 б.
Әбдіраштың Жарасқаны Парыз,парасат,пайым. Әдеби сын. /Ж.Әбдіраш.-Алматы: Өнер,2011.-312 б.
Әбдірашев Ж. Саясат : Өлеңдер кітабы. / Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жазушы,1972.-72 б.
Әбдірашеы Ж. Соғыстан соң туғандар. Лирика. / Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жазушы,1977.-68 б.
Әбдірашев Ж. Соғыстан соң туғандар. Өлеңдер,балладалар,поэмалар.Қайта басылым. / Ж.Әбдірашев.-Алматы: Жазушы,1993.-320 б.
Әбдірашев Ж. Тұлпар ақын,сем сер сықақшы,балалардың қамқоры. / Ж.Әбдірашеы. // Балалар бағының бағбандары.-Алматы: Балалар әдебиеті.-2008.-60 б.
Ол туралы:
Абылаев Т. Жасын жырдың жасауы: / Ақын Ж.Әбдірашевтың «Мен туған ауыл» атты өлеңінен үзінді / Т.Абылаев. // Сыр бойы.-2008.-20 мамыр(№107).-3 б.
Абылаев Т. Мәңгілік жыр маздағы: / Ақын Ж.Әбдірашевтың туғанына 60 жыл / Т.Абылаев. // Толқын.-2008.-8 наурыз.-6 б.
Ақынның жары болғаныма шүкіршілік етемін : / Ақын Ж.Әбдірашев-60 жыл;жары Назгүл апаймен сұхбат / Әңг Жұмахан Н / // Дала мен қала.-2008.-7 мамыр.-14 б.
Әлімбаев М. Барар жері-болашақ: / Ақын Ж.Әбдірашев жөніндегі эссе-естелік туралы / М.Әлімбаев. // Қазақ әдебиеті.-2002.-8 қараша.-13 б.
Әмір-Бек К. Жүректегі жазуларды жазып кеткен Жарасқан: / Ақын Ж.Әбдірашев туралы /К.Әмір-Бек. // Жас алаш.-2003.-15 маусым.-5 б.
Әзілі жараспай тұр-ау ! : / Ақын Ж.Әбдірашевтың шығармашылығы туралы / // Қожакеев Т. Қым-қуыт іздер. Оқу құралы.-Алматы: Санат,1999.-84-93 б.
Біздің буын болмысы: / Ақын Ж.Әбдірашев туралы / // Сарбалаев Б. Қызыл алма.-Алматы: Жалын,1981.-90 б.
Кекілбайұлы Ә. Аяулы ақын,асыл аманат : /Ақын Ж.Әбдірашевтың
соңғы кітабы «Құлыптас» туралы / Ә.Кекілбайұлы. // Егемен Қазақстан.-2001.-3 шілде(№37).-3 б.
Кеңшілікұлы А. Рухтар мәңгі жасайды: / Ақын Ж.Әбдірашевтың «Құлыптас» атты кітабы жайында жыр жинағы туралы / А.Кеңшілікұлы. // Қазақ әдебиеті.-2008.-29 ақпан (№9).-8-9 б.
«Көгілдір әлем,кең дүние...»: / Ақын Ж.Әбдірашев туралы / // Майтанов Б. Сөз сыны: / Зерттеулер,мақалалар,портреттер / Б.Майтанов. -Алматы: Ғылым,2002.-135 б.
Қайырбеков Ә. Сыңғырлаған сұраусыз бір сөз деме : / Ақын Ж.Әбдірашев туралы ой-толғам / // Қайырбеков Ә. Саға,Эссе,Әдеби сын зерттеулер / Ә.Қайырбеков.-Астана: Фолиант,2003.-136-142;183-190 б.
Майтанов Б. Ақын кетіп барады...: Ақын Ж.Әбдірашевтың өлеңдері жайлы // Әбдіраштың Ж.Шығармалары: Екі томдық.-Астана: Фолиант,2009.-Т 1.-5-19 б.
Медетбек Т. Көбе сөгер жебе еді: / Ақын Ж.Әбдірашев жайлы / Т.Медетбек. // Қазақ әдебиеті.-2002.-№5.-1-2 б.
Мергенбаева Н. Естелік: Ж.Әбдірашевтің жұрт білмейтін сырлары // Жұлдыз.-2008.-№2.-117-
125 б.
Мергенбаева Н. Жарасқанмен тағдыр табыстырды: / Ж.Әбдірашұлының рухына мөлтек сыр / Н.Мергенбаева. // Толқын.-2008.-29 наурыз.-6 б.
Әмірадин Әленов.
(1931-1985).

Ақын Әленов Әмірадин 1931 жылы Арал топырағында туып-өсіп,оқып бойындағы бар талантын туған халқының рухани қажетін өтеуге сарқа жұмсады. Ол педагогика ғылымдарының кандидаты,ақын,көп жылдар Арал қаласындағы сырттан оқу мектебінің директоры болды.
Оның қаламынан лирикалық өлеңдер,дастандар,поэмалар,әңгіме,очерктер,драмалық шығармалар туындады.
Көзі тірісінде «Жалын», «Жазушы» баспаларынан «айна», «Шипалы су», «Әлімқара»,
«Ақ толқын» жинақтары жарық көрді. Бірнеше өлеңдері орыс тіліне,латын тіліне аударылып,ұжымдық жинақтарға енді. Орыс тілінен қазақ тіліне бірнеше өлеңдері аударды. Қазақ балалар әдебиетінің антологиясына бірнеше өлеңдері енді.
Әмірадин сазгер еді. Өз өлеңдеріне ән жазған. Олар «Бейбітшілік үні», «Орны бар ма өкпенің», «Мен сені сүйемін», «Ләззат еңбектеді», «Сыр» тағы басқалары. Әмірадин шебер орындаушы. Ол қобызда,домбырада,скрикада,баянда,пианинода,сыбызғыда,
Виоленчельда еркін ойнайтын. Әмірадин Бүкілодақтық фестивальға Арал көркем өнерпаздарының қатысуын ұйымдастырушылардың бірі. Осы фестивальдың лауреаты.
Әмірадин ауданындағы №13,№15,№86,№21,№199 қазақ орта мектептерінде 35 жыл ағартушылық қызмет атқарды. Өмірінің соңғы жылдарында Қызылорда педагогикалық институтында педагогикадан дәріс берген ұстаз. Әмірадин Әленов 1985 жылы дүние салды. Артында бес перзенті және жүрегінен туған жырлары да бір перзенті болып рухани қазба мұралары кейінгі ұрпақтарға өнегелік тәрбиесінен қалдырып кеткен.
Әдебиеттер :
Әленов Ә. Ақ толқын. Өлеңдер.-Алматы:Жазушы,1974.-30 б.
Әленов Ә. Әлімқара. Ертек, аңыз негізінде жазылған поэма.-Алматы:Жазушы,1968.-58 б.
Ол туралы:
Әмірәдин Әленов.(1931-1985).Өмірбаяны туралы. //Үсенбаев Т. Арал өңірі сазгерлері.-Алматы:2005.-45-47 б.
Әмірәдин Әленов.(1931-1985). Қылышбаев А. Арал.-Алматы:2003.-137-138 б.
«Шаққана жыршысымын мен Аралдың»:(Ақын Әмірадин Әленовтің туғанына 65 жыл).//Толқын.-1996.-17шілде.-3 б

Журналист Шәкірат Дәрмағамбетов 90 жаста (1928)

Дәрмағанбетов Шәкірат 1928 жылы Арал ауданы Қаратерең ауылында туған. Журналист. 1960 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 1950 жылы Қызылорда педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1979 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. 1950- 1957 жылдары Шөмішкөл, Октябрь, Қаратерең мектептерінің директоры, 1957-1960 жылдары партия ұйымының хатшысы, Арал аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1960-1965 жылдары Арал аудандық «Социалистік Арал» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Қазалы аудандық «Ленин туы» газеті редакторының орынбасары, 1965-1991 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінің меншікті тілшісі болған. 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Әдебиеттер:

Дәрмағамбетұлы Ш. Адалдықты ту еткен азамат еді: / Қоғам қайраткері Жақас Жамаладдинұлы Шеріп туралы / // Толқын.-2018.-11 мамыр.-3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Айдарбек бабаның ақ сауытын көрдім": Қазақ хандығына - 550 жыл. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2015. - 28 қазан (№ 83). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Айдарбек бабаның ақ сауытын көрдім..."/ Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2015. - 7 қараша (№ 168/169). - 4 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Айта берем, айта берем Аралды...: Арал ауданың құрметті азаматы Жылқыбай Арынғазиев жайлы / Ш. Дәрмағанбетұлы.//Толқын.-2016.-15қазан.-2-4б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Айтулы «Еңбек Ері»: / Жақсықылыш елді мекенінен шыққан айтулы Еңбек Ері Әбжәми Сарымсақов туралы / Ш.Дәрмағамбетов // Толқын.-2018.-21 тамыз(№63).-2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Академик Чазов Аралда болған ба?: Дәрігер-ғалым Е.И.Чазовтың Арал өңірінде болғандығы туралы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2011.-3 қыркүйек.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ақ бата / Ш. Дәрмағамбетұлы // Көшербаев Е. Тәуекел. Үшінші кітап /Е.Көшербаев –Қызылорда: 2015.- 250.-255 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ақынжанды азамат еді: Қаламгер Ермаханов Әділхан жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2016. - 27 тамыз (№ 129-130). - 7 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Алғыс арқалаған адам: Соғыс және еңбек ардагері Ә.Шалманов туралы. / Ш. Дәрмағанбетұлы.// Сыр бойы.- 2015. - 18 сәуір (№ 55/56). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Алғыстан артық марапат жоқ...": / Дәрігер-травматолог Досхана Ранов жайлы / Ш.Дәрмағамбетов // Толқын.-2011.-26 наурыз.-4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Алғыстан артық марапат жоқ...": / "Дәулетэнерго" ЖШС директоры, аудандық мәслихаттың депутаты, энергетик Қуанышбай Ердіхалықов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2013. - 9 мамыр. - 10 б.
Дәрмағамбетұлы Ш."Алпыс үш жыл бұрынғы айыбымды өтеп келемін...": Тыл ардагері Қайып Сүлейменов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2016. - 15 қараша (№ 90). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш."Алпыс үш жыл бұрынғы айыбымды өтеп келемін...": Тыл ардагері Қайып Сүлейменов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2016. - 26 қараша (№ 180/181). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. «Апа-ау,Сізді келеді деп күтип отырмыз...» / Ш.Дәрмағамбетов .
// Толқын.-2017.-6 мамыр(№34).-3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Арал балығы Ресейге жол тартты: / Арал балықшыларының 14 вагон шикі балық жөнелткен хатына 60 жыл жайлы / Ш.Дәрмағанбетов // Сыр бойы.-2011.-31 мамыр.-5 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ардақты ардагер: ҚР - на еңбегі сіңген қызметкері, КСРО кәсіптік білім беру ісінің үздігі және Арал ауданының Құрметті азаматы Әбіл Сейітжаппаров туралы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2014. - 22 қараша (№ 173/174). - 23 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. «Аралдың сұңқар ұлы еді...» : / Аралдың сұңқар ұлдарының бірі-Дәуқара Аймағамбетовұлының туғанына 75 жыл толуына орай туралы / Ш.Дәрмағамбетұлы // Толқын.-2010.- 18 қыркүйек.-2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. «Аралдың сұңқар ұлы еді...» : / Аралдың құрметті азаматы Әділхан Ерманов туралы / Ш.Дәрмағамбетұлы // Толқын.-2016.- 14 қыркүйек(№72).-3 б.
Дәрмағанбетұлы Шәкірат. Аспирантураны Балбиғаға айырбастаппын...: / Әңгіме / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Толқын.- 2010.-16 маусым.
Дәрмағамбетұлы Ш. Бес рет жарақат алса да...: Соғыс және еңбек ардагері Мақсұт Ниязов туралы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2015. - 21 қазан (№ 160). - 3 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Бес рет жарақат алса да...: Ұлы Отан Соғысының ардагері Мақсұт Бекниязов жайлы. / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Толқын.- 2015. - 25 қараша (№ 91). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Боздақтың бейнесі. Ағайынды майдангерлер Абдолла және Әбілхай мен Рай Тұрсынбаевтар туралы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2017. - 21 қаңтар (№ 10/11). - 5 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Болса ғой, осы анадай бүгінгілер: Еңбек ардагерілері Тоқтыбай Мұстафаев пен Ақсұлу Мұстафаева жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2016. - 8 маусым (№ 44). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Бөлімше командирі: Ұлы Отан соғысының ардагері Әміржан Қуанышбаев жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2016. - 21 қаңтар (№ 9). - 7 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Бір ғасыр бұрынғы оқиға: "Қамыстыбас" мектебіне - 100 жыл. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2017. - 8 маусым (№ 84). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Дәрігер дидары: Жоғары санатты дәрігер Нағашыбай Халықұлов жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2014. - 7 маусым (№ 80/81). - 13 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Екі майданның жауынгері: Майдангер Әміржан Оразәліұлы Қуанышбаев жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2015. - 8 шілде (№51). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ел есінде қалған кісі: Қаржыгер Тайыш Нұралиев жайлы хикаят. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 3 маусым (№ 41). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Елге танымал Елеуов: Арал қаласының облыстық тамақ өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болған Молдайман Елеуов жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 25 маусым (№ 46). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Елеусіз қалған ерлік: Рельс үстінде көл жатты немесе 40 жыл бұрынғы оқиға / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2017. - 9 қыркүйек (№ 135/136). - 7 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Еңбегі сіңген энергетик: Энергетик Айтжан Сманов туралы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2014. - 20 желтоқсан (№ 188/189). - 7 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ержүрек жауынгер: Жауынгер Қошабай Дабылов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2017. - 20 сәуір (№ 58). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ерлігі - елге мұра, ұрпаққа үлгі: Ұлы Отан соғысының ардагері Әлила Сатаев жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2015. - 9 мамыр (№ 34). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Шәкірат. Жайсаң десе, жайсаң-ау!: Балық өндірісінің білікті жетекшісі Сағитжан Сермағамбетов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2013. - 22 маусым. - 5 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Жала: Әңгіме // Сыр бойы. – 2010. – 30 қаңтар.
Дәрмағанбетұлы Ш. Жан жылуы: Дәрігер Асылхан Нұрғожаев жайлы / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Егемен Қазақстан.- 2012. - 8 наурыз. - 9 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Жаңашылдық дабылы одаққа тараған...: Еңбек ардагері, тұз өндіруші Раухан Тұрмаханов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 29 қазан (№ 82). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Жауынгер Жаңаберген: Қызыл әскер Жаңаберген Әлимағамбетов жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 11 шілде (№ 51). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Жуков-Вережников: 1945 ж. Арал маңындағы оба індетінің бетін қайтарған дәрігер-ғалым Н.Жуков-Вережников туралы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Егемен Қазақстан.- 2014. - 25 маусым (№ 123). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Жуков-Вережников: Оба індетінің бетін қайтарған дәрігер-ғалым туралы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2014. - 14 маусым (№ 43). - 4 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Забайкалдық теңізші: Соғыс және еңбек ардагері Пахрадин Ыбыраев туралы./Ш. Дәрмағанбетұлы. //Сыр бойы.- 2014. -13 желтоқсан (№ 184/185).- 7 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ильич жіберткен станок / Ш. Дәрмағамбетұлы // Абылаев Қ. Арал өнеркәсібінің шежіресі.-Алматы: Өлке,2010.-43.-46 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Келдің ба, жазғышым...": Сынықшы Қани Жамшитов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2015. - 22 желтоқсан (№ 193). - 4 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Көп тілегімен тіктелген шаңырақ: Дәрігер Асылхан Нұрқожаев жайлы / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Сыр бойы.- 2012. - 18 ақпан. - 1, - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Күректі қару еткен Қошабай: Ақбастылық майдангер Қошабай Дабылов жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2017. - 11 сәуір ( № 27 ). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Күт мені, Күнсұлу!..: Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 23 сәуір (№ 30). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Қажылыққа алғаш барған Қазақстандық: Қажы Тұрсынбайұлы Абдолла жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы.// Сыр бойы.- 2016. - 4 маусым (№ 82/83). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Қос "Даңқ" ордені Әлила Сатаев: Соғыс ардагері Әлила Сатаев туралы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2015. - 5 мамыр (№ 64). - 5 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Қос орденді жауынгер еді...: Соғыс және еңбек ардагері Орынбасар Жәкенов жайлы / Ш.Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 21 ақпан (№14). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Қызыл сиыр: Әңгіме / Ш. Дәрмағамбетұлы // Жас Алаш.- 2014. - 18 қыркүйек (№ 74). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Маңғаз десе маңғаз!: Балықшы Сахитжан Сермағамбетұлы жайлы / Ш.Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2013. - 16 наурыз. - 8 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Маңдай тердің тәттісі-ай!..": Әңгіме / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Егемен Қазақстан.- 2013. - 8 ақпан. - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Мәртебелі мамандық иесі еді : Ардагер ұстаз Құдайберген Бердалиев жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2015. - 27 мамыр (№ 39). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Муфтолла келіпті... (немесе "Сұлтан жігіт, супер күйеу" жайлы әпсана): Азамат, партия комитетінің хатшысы болған Муфтолла Дабылов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 1 тамыз (№ 57). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Мұсылмандық тілде емес, ділде...: Аудан азаматтарының ата - баба рухын ұлықтау мақсатында жасаған игі істері жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы //Толқын.- 2017.14 ақпан ( № 12 ). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Омырауын оққа тосқан ел үшін,"Соғыста өлім ізіңді басып жүреді...": Еңбек және соғыс ардагері Өтемұрат Айназаров жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2012. - 5 мамыр. - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Отан деп от кешкен: Соғыс және еңбек ардагері Әбдуәли Нұрпейісов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы.// Сыр бойы.- 2014. - 7 мамыр (№ 64/65). - 2 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. 37 жыл бұрын: Акушер-гинеколог Пак Валентина Евгеньевна жайлы. / Ш. Дәрмағанбетұлы // Толқын.- 2016. – 20 тамыз (№ 65). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өз ісінің нағыз майталманы: Жоғары санатты дәрігер Қани Қалжан жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2017. - 17 маусым (№ 45). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өзі әділ, ісі мөлдір: Қайраткер Әбдіханов Әділ жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2013. - 15 тамыз (№120). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өзі әділ, ісі мөлдір: Қайраткер Әбдіханов Әділ жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2013. - 14 тамыз (№69). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өршіл рух / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2015. - 23 мамыр (№ 73/74). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өршіл рух/ Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2015. - 14 қазан (№ 79). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Өткен ғасыр және төраға Медетбаев: Арал ауданының азаматы Төлеген Медетбаев жайлы./ Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2014. - 12 шілде (№ 51). - 2 б
Дәрмағамбетұлы Ш. Партизан: Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі партизаны Көшербай Өтенов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2014. - 8 сәуір (№ 50). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Протез адам: Майдангер Рсалы Тұрымбетов туралы / Ш.Дәрмағамбетұлы // Егемен Қазақстан.- 2010.-27 қазан.-6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Рельс үстінде көл жатты...: 40 жыл бұрынғы тосын оқиға жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 18 шілде (№ 53). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Сала мақтанышының кісілік келбеті:Дәрігер Нағашыбай Халықұлов туралы. / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2014. - 7 маусым (№ 41). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Санаулылар қатарындағы азамат: Арал ауданында ұзақ жыл банк меңгерушісі болған Жанназар Әлімбетов туралы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2015. - 15 шілде (№53). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Серке, Серкем-ау, жәрдем етсеңші...: Әңгіме / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 3 қыркүйек (№ 66). - 4 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Сиқырлы жүзік: Әңгіме / Ш. Дәрмағамбетұлы.// Жас Алаш.- 2014. - 13 наурыз (№ 20). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Сол ұжым бұл Смановты біле ме екен?: Энергетик Айтжан Сманов туралы./ Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 24 желтоқсан (№ 96). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Суыт жүргінші: Инженер-механик Сейіл Жаппарбердиев жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2016. - 27 ақпан (№ 29/30). - 5 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Төраға Медетбаев: Арал ауданының азаматы Төлеген Медетбаев жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2014. - 17 шілде (№ 102). - 2 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Тілеулес ишан: Діни ғұлама Тілеулес ишан жайлы / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Толқын.- 1997. – 24шілде. – 2.-4 б.
Дәрмағанбетұлы Ш. Ұйқысыз, күлкісіз өткен түндер мен күндер: Отставкадағы полиция подполковнигі Әйтеке Әбибуллаұлы Жәрімбетов жайлы. / Ш. Дәрмағанбетұлы. // Толқын.- 2016 - 13 сәуір (№ 29). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Ұрпағымен бақытты : Гидротехник Уәйіс Бодықов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Егемен Қазақстан.- 2014. - 20 тамыз (№ 161). - 6 б.
Дәрмағамбетұлы Ш.Ұрпағымен марқаятын қария: Гидротехник Уәйіс Бодықов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 26 шілде (№ 55). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Үш майданда шайқасқан: Ұлы Отан соғысының ардагері Нағыметулла Балапанов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Сыр бойы.- 2015. - 19 наурыз (№ 39). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш.Үш майданда шайқасқан Балапанов: Ұлы Отан соғысының ардагері Нағыметулла Балапанов жайлы / Ш. Дәрмағамбетұлы. // Толқын.- 2015. - 28 наурыз (№ 23). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Хрущев пен Қаленов немесе Қаратерең ауылында алғашқы орта мектеп үйі қалай тұрғызылды?: Ауданның дамуына зор үлес қосқан азамат Шамұрат Қаленов жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 25 наурыз ( № 22 ). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Шабарманның шағымы: Әңгіме / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы. - 2014. - 15 наурыз (№ 37/38). - 16 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Шалқошқар батырдың шөпшегі: / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы. - 2016. - 10 желтоқсан (№188/189). - 8 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Шалқошқар батырдың шөпшегі немесе ұзатылған қыз хикаясы / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2017. - 8 сәуір ( № 26 ). - 2 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Шуақты шаңырақ: Елешовтер отбасы жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 4 қазан (№ 75). - 1 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. "Шындалы талы" тәлімбаққа айналады: Аманөткел ауылындағы "Шындалы талы" саябағы жайлы. / Ш. Дәрмағамбетұлы // Сыр бойы.- 2016. - 29 наурыз (№ 45). - 3 б.
Дәрмағамбетұлы Ш. Шырша айналып тұр еді / Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2014. - 13 желтоқсан (№ 94). - 4 б.

Ол туралы баспасөз беттеріне жарияланған материалдар

Кемал Ж. Замана жаршысы: Қаламгер, журналист Шәкірат Дәрмағамбетов туралы. //Толқын. – 2008. – 27 қыркүйек. – 5 б.
Қази қаламдас ініміз еді/ Ш.Серікбаев, Ш.Дәрмағамбетов, Ш.Дәрмағамбетов, Ө.Жаппархан // Сыр бойы.- 2007. - 7 маусым.
Құтманбетов Х. Қаржыгер Құтманбетов немесе "Қайраткер - ардагермен сыр - сұхбат / Х. Құтманбетов; Сұхб. Ш Дәрмағанбетұлы. // Толқын.- 2016. - 10 ақпан (№ 11). - 4 б.
Номинация иегерлері: Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесіне орай журналистер марапатталды. // Сыр бойы.- 2014. - 28 маусым (№ 92/93). - 2 б.
Омарұлы Б. Ағайынды қоңырқаз: Журналист Шәкірат Дәрмағамбетов жайлы эссе / Б. Омарұлы.// Сыр бойы.- 2011. - 10 желтоқсан. - 8 - 9 б. *
Омарұлы Б. Ағайынды қоңырқаз: Журналист Шәкірат Дәрмағамбетов жайлы эссе / Б. Омарұлы.// Сырдың сырлы шежіресі.- Қызылорда: 2014. – 96.-98 б.*
Омарұлы Б. «Ықпаған балықшы балықшы ма ?!»: Журналист Шәкірат Дәрмағамбетов жайлы эссе / Б. Омарұлы.// Сырдың сырлы шежіресі.- Қызылорда: 2014. – 101 б.*
Рахымбекұлы Ә. Ағаның төрі – ақ жайлау: Журналшы Шәкірат Дәрмағанбетов. // Сыр бойы. – 2008. – 27 қыркүйек.
Сағымбайұлы К. Алпыстың асуында: Белгілі журналист Шәкірат Дәрмағамбетов туралы / К. Сағымбайұлы.// Мұхамедов М., Сағымбайұлы К. Шығармалары.- Астана,2009.- 230-236 б.
Сейіткереев Т. Облыстағы жекешеленіп кетпеген жалғыз комхоз: Арал қаласындағы көпсалалы коммуналдық шаруашылығы мекемесінде басшылық қызмет атқарған Тұрсын Сейіткереевпен сұхбат / Сұхб. Ш. Дәрмағамбетұлы // Толқын.- 2013. - 17 сәуір. - 2-3 б.

Жазушы Қази Данабаев
(1951-)

Қази Соңғыбайұлы Данабаев 1951 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылында дүниеге келді. Қызылордадағы Н.В. Гоголь атындағы педогогикалық институтын бітіргенен кейін 1971 жылы еңбек жолдын туған ауылында мектеп мұғалімі болудан бастады. 1979 жылдан бері қарай Қызылорда облыстық кәсіподақтары шығармашылық ұйымының әдіскері, сонан соң директор қызметін атқарды. 1984 жылдан облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінің аға редакторы болды. 1989 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың кеңесшісі, редакция алқасының мүшесі болды.
Ол бірнеше мәрте облыстың үздік журналисі болып танылды. М.Шоқай атындағы сыйлықтың лауреаты, облыс әкімінің 2006 жылғы стипендианты атанды.
Қази Данабаев журналистика салаымен қабат ғұмыр бойына көркем шығармашылықпен айналысты. Оның қаламынан туған «Гүлдәурен», «Ақ кептер» хикаяттары кітап болып басылды. Тұңғыш өлеңдері «Көктем тыныс», «Дария жыры» жинақтарына енді. Сыр елінің танымал тұлғалары туралы оншақты деректі кітап шығарды. Республикалық «Жалын» баспасының екі мәрте жабық жүлдесін жеңіп алды. Шығармашылық еңбегі «Сырдария кітапханасы» сериясымен «Сағыныш екен бала кез» атауымен кітап болып шықты.
Әдебиеттер:
Данабаев Қ,Әбілев Е. Адам бір көшкен керуен.-Алматы: Ер-Дәулет,1995.-211 б.
Данабаев Қ. Гүлдәурен: Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1988.-192 б.
Данабаев Қ. Жастық шаққа оралу /Қ.Данабаев –Арал: «Толқын»,2010.-52 б.
Данабаев Қ. Сағыныш екен бала кез... –Астана:Фолиант,2008.-400 б.
Ол туралы:
Әбілда Ғ. Сезім сырын шерткен ақын. // Халық газеті.-2013.-28 наурыз.-
Жахман Р. Қарақұмның қара нары: / Жазушы Қ.Данабаев туралы / Р.Жахман // Халық газеті.-2017.-29 мамыр.-
Қайраткер Қази: /Ақын,жазушы,белгілі журналист Қази Данабаев /Сағат Жүсіп // Жас алаш.-2017.-8 маусым(№46).-4 б.
Рахымбекұлы Әскербек Қайран,Қази: [Жазушы Қази Данабаев туралы естелік] / Ә.Рахымбекұлы // Айқын . - 2017.- 1 сәуір (№ 47). - 26 . -

 

 

 

Жазушы Жақау Дәуренбеков
(1946 ж)

1946 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы,Арал ауданы,Сарбасат ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөл елді мекенінде туған. Сексеуіл станциясындағы №243 орта мектепті бітірген. Еңбек жолын Арал қаласындағы №177 мектепте аға пионер вожатый болып бастаған.
1965 жылы Арал аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер болып істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1971 жылы бітірген. Оқып жүріп 1970 жылдан бастап «Жас Алашта»(бұрынғы «Лениншіл жас») жұмыс істей бастаған. Жастар газетінде әдеби қызметкер,аға әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі,алқа мүшесі, «Өнер»баспасында бөлім меңгеруші,бас редактордың орынбасары болып істеген. 1994 жылдан бері республикалық «Ана тілі» баспасының директоры.Мектеп қабырғасында жүрген кезден газет-журналдарда мақала,очерк,әңгімелері үзбей жарияланып тұрған. Алғашқы жинағы «Бөгенауыл балалары»кітабы 1970 жылы «Жазушы»баспасынан жарық
көрді. Одан кейін «№28 комсомол билеті»(1978), «Шұғыла шақ»(1980), «Ауылым-алтын бесігім»(1985), «Алғашқы сабақ»(1971), «Саяқ»(1979), «Күн ұясы»(1984), «Бір нәзік сәуле»(1989), «Айтыңыз құтты болсын»(1993), «Менің елім-Қазақстан»(2001), «Ойдауа»(2007),«Жағалау»(2007), Шығармаларының үш томдығы (2006-2008).
«Шағала»(2008)атты кітаптары шықты. «Күн ұясы»,«Саяқ»(«Соғыс ойыны»)повестері «Жалынның» дәстүрлі республикалық жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Сөз иесі»(1996) кітабы толғамдық зерделеу сипатында жазылған.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 ж.ж). Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Шығармалары:

Дәуренбеков Ж Таңдамалы шығармалары /Ж.Дәуренбеков –Алматы: Ана тілі,2006.-
Т.1:- Хикаялар мен әңгімелер.-416 б.
Т.2:-Повестер мен әңгімелер.-368 б.
Дәуренбеков Ж Айтыңыз құтты болсын! / Ж.Дәуренбеков –Алматы: Өнер,1993.-48 б.
Дәуренбекұлы Ж. Құттыбайұлы С. Алты ата Әлім: Шежіре.- Алматы: Перзент,шағын кәсіпорны,1992.-32 б.
Дәуренбеков Ж. Ауылым-алтын бесігім /Ж.Дәуренбеков –Алматы: Қайнар,1985.-192 б.
Дәуренбеков Ж. Бір нәзік сәуле. /Ж.Дәуренбеков –Алматы:Жалын,
1989.-286 б.
Дәуренбеков Ж. Жағалау: Повестер мен әңгімелер/ Ж.Дәуренбеков –Алматы: Ана-тілі,2007.-224 б.
Дәуренбеков Ж. №28 комсомол билеті: \ Өрендер жайлы музей мұралары шерткен шежіре-сыр /Ж.Дәуренбеков –Алматы: Жалын,
1978.-144 б.
Дәуренбеков Ж. Күн ұясы: Повестер/Ж.Дәуренбеков –Алматы: Жалын,1984.-196 б.
Дәуренбеков Ж. Шұғылалы шақ: Очерктер/Ж.Дәуренбеков –Алматы: Жалын,1980.-140 б.
Қазақ бақсы- балгерлері. /Құраст.Ж.Дәуренбеков, Ж.Тұрсынов.-Алматы : Ана тілі,1993.-224 б.
Ол туралы:

Дәуренбеков Жақау // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық –Алматы: «Аруна»,2005.-155 б.
Дәуренбеков Жақау // Қазақстан жазушылары /Құраст. С.Қамшыгер,Қ.Жұмашева –Алматы: Ан Арыс,2009.-121 б.
Дәуренбеков Жақау // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр: Анықтамалық /Құраст.Е. Дүйсенбайұлы,А.Естен,Қ.Омарұлы ж.б.-Алматы:Ана тілі,2004.-97 б.
Абылаев Т. «Үшкөлден»ұшқан түлек: / Жазушы Ж.Дәуренбеков туралы\ Т.Абылаев // Толқын.-2006.-15 шілде.-3 б.
Сарбалаев Б. Бес соқпақ немесе бір топ жас прозашылардың аяқ алысы туралы: Ж.Дәуренбековтің «Күн ұясы» повесіне сын //Сарбалаев С.Өткірдің жүзі.- Алматы: Жазушы,1992.-85-89 б.

Жазушы Қуаныш Жиенбаев (1952).

Жиенбаев Қуаныш 1952 жылы Арал ауданындағы Бөген елді мекенінде туып өскен. Тарихи терең ауыл Бөгеннің балықшылары жиырмасыншы жылдардың басында бас аяғы бір күнде ресейдің аштықтан бұралып жатқан жас балаларына 14 вагон балық аулап жөнелткен. Бұл оқиға теңіздің жағасында демалып,Аралдың ауасын жұтқан,анау-мынауға елеңдей бермейтін сырбаз да кербез классигіміз Ғабит Мүсіреповтың «Жиырма төрт сағатта» деген әңгімесіне арқау болғанын ест еріңізге сала кетейін. Талайды ерлігімен таң қалдырған зейнолла Шүкіров атындағы мектепте білім алып,жазушылық пен жанкештілік деген ұғымның егіз екенін қаршадайынан көз жеткізген ол,жан азабын да,тән азабын да тартқан Зейнолланың бар тілігін көріп өсіп,еңбеккер атаулыға ерекше қайрат дарытатын,қалмгер атаулыға шабыттың нұрын құятын қасиетті Бөген Қуаныш Жиенбаевты киелі өнердің соқпағына салып жібереді. «Жас алаш» бұрынғы «Лениншіл жас», «Жетісу», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттерінде қызмет істеген. Қазір «Нұр Астана» газеті бас редакторының бірінші орынбасары. «Жалын» баспасы жарияланған жабық бәйгенің бірнеше жүлдегері. Екінің бірінің қолы жете бермейтін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Қуаныш Жиенбаев көптеген көркем дүниелерді өмірге әкелді. «Жалғыз желкен» әңгімелер жинағы (1984), «Теңіздегі бір тамшы» повестер мен әңгімелер жинағы (1986), «Құлан жанарындағы ғұмыр»(1988), «Жизнь в глазах кулана», «жер сілкінісін бір жұма бұрын»(1996), «Даңқ түрмесінің тұтқыны» (2002)романы. Осындай еңбектері еленіп «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.
Әдебиеттер :
Жиенбаев Қ. Шығармалары. Екі томдық.-Астана:Фолиант,2008.-
Т1:-360 б.
Т2:-400 б.
Жиенбаев Қ. Ән салуға әлі ерте.-Астана:Астана полиграфия,2008.-385 б.
Жиенбаев Қ. Даңқ түрмесінің тұтқыны: Роман,әңгімелер,хикаят.-Алматы:Өлке,2002.-320 б.
Жиенбаев Қ. Елде жоқ ережелері:Әңгімелер,повесть,Роман.-Алматы:Өлке,2006.-320 б.
Жиенбаев Қ. Жиделі тоғайдағы жеті күні.Роман,әңгімелер.-Алматы:Ұмай,2007.-280 б.
Жиенбаев Қ. Құлан жанарындағы ғұмыр:Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жазушы,1988.-248 б.
----------------------------------------------------
Жиенбаев Қ.Бизнесмен Күлшараптың Қожанасырмен қоштасуы:Әңгіме. //Қазақ әдебиеті.-2002.-5 қаңтар.-6-7 б.
Жиенбай Қ. Кемпірлер мен кептерлер:Әңгіме. //Парасат.-2002.-№4.-17-18б.-22-23 б.
Ол туралы:
Асылбекұлы С. Теңіздің қасиеті тереңінде:Талант талант туралы. //Жас алаш.-2002.-13сәуір(№44).-7 б.
Данабаев Қ. Аквариум ішіндегі өмірі: «Даңқтүрмесінің тұтқыны»кітабына оқырман пікірі. // Жас алаш.-2003.-27 наурыз(№37).-7 б.
Тілепов С. Ақшағыл құмның жанарындай жалғыз теңіз немесе жазушы Қуаныш Жиенбайдың жүрек тұсына қатқан қара тас. //Жас алаш.-2000.-30 қараша(№144).-6 б.
Досжан Д. Бедерлі ізденіс:Қ. Жиенбайдың шығармалары туралы. // Қазақ әдебиеті.-2005.-5 тамыз (№31).-11 б.
Қосан С. Жан жарасы немесе күллі шығармашылығы теңіз тағдырына бағыштаған жазушы Қ. Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны» атты прозалық шығармасына оқырман пікірі. // Қазақ әдебиеті.-2003.-28 қараша-18-19 б.
Омарұлы Б. Жан тазалығы: Өнеге туралы. //Егемен Қазақстан.-2002.-30 сәуір(№96).-6 б.
Шүкірұлы С. Қолтаңба:(Шоқтығы биік қаламгер өткір публицист Қуаныш Жиенбай 50 жаста). //Ана тілі.-2002.-19 мамыр(№19).-5 б.

Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы
(1948)
1948 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарды. Тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты өткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстағы аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жарияланды. «Қазақфильм» түсірген толық метражды көркем фильмнің («Бумеранг», 1981), Қазақ телевидениесі түсірген «Күзгі жол» көркем телефильмінің (1987) авторы. Елуге тарта көркем фильмді аударған. «Абыржы» (2000–2003) трилогиясының екі кітабы жарыққа шықты. 1967 жылдан Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш көлі мәселелерін көтерген экологқаламгер. «Кіші Арал», «Қазақстан арнасы» идеяларының авторы. 2007 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. 2008 жылғы Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.
Әдебиеттер:
Жұбатырұлы С. Абыржы: Роман / С. Жұбатырұлы.- Қызылорда, 2003.- 458 бет.
Жұбатырұлы С. Абыржы.: Роман Т.1/ С. Жұбатырұлы.- Қызылорда: Тұмар, 2000.- 448 бет.
Жұбатырұлы С. Абыржы: Роман. Т.2 / С. Жұбатырұлы.- Қызылорда: Тұмар, 2000.- 448 бет.
Жұбатыров С. Алыстағы аралдар: Повестер /С. Жұбатырұлы - Алматы: Жалын, 1980.- 248 бет.
Жұбатыров С. Аралынан айрылмаған жер-Ана /С.Жұбатыров // Арал тағдыры.-Алматы: Қазақстан,1989.-194.-209 б.
Жұбатыров С. Арқа нәрі Аралға келсе... /С.Жұбатыров // Табиғатым тағдыры.-Алматы: Қайнар,1991.-148.-155 б.
Жұбатыров С. Жасыл сағым: Повесть / С. Жұбатыров.- Алматы: Жалын, 1978.- 120 бет.

Баспасөз беттеріне шыққан материалдары:

Жұбатырұлы С. Абыржы тоғыстағы бір тағдыр: Мұрсат үшінші кітап бірінші бөлім / С. Жұбатырұлы. // Жұлдыз.- 2016. - № 8. - 3-64 б.
Жұбатырұлы С. Адамның салған жарақатын табиғат ешқашан емдей алмайды / С. Жұбатырұлы; Әңг. Н.Құдайберген // Халық.- 2015. - 9 сәуір (№ 14). - 6-7 б.
Жұбатырұлы С. Ақ толқын жағалауға асығар ма...: Кіші Арал теңізінің экологиялық жағдайы / С. Жұбатырұлы. // Денсаулық.- 2010.-№6.- 2 б.
Жұбатырұлы С. Ақ толқын жағалауға асығар ма...: Кіші Арал теңізінің экологиялық жағдайы / С. Жұбатырұлы. // Денсаулық.- 2010.- №10.- 2-3 б.
Жұбатырұлы С. Алғысты сөз: Жазушы, эколог, "Парасат" орденінің иегері- мемлекеттік марапаттан соң өз алғысын білдіреді / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2007. - 20 желтоқсан.
Жұбатырұлы С. Аманатына адал азамат: Әділет басқармасының бастығы Тілектес Күнтуғанұлы Сейітов жайлы / С. Жұбатырұлы // Заң газеті.- 2013. - 24 мамыр. - 4 б.
Жұбатырұлы С. Ар тұғырының атойлы үні: М.Құл-Мұхаммедтің жарияланым- туындыларына зерттеу / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2010. - 10-13 желтоқсан.
Жұбатырұлы С. Арал менің тағдырыма айналып кетті: Жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатырұлымен сұхбат / Сұхб. А.Сағатбекқызы // Сыр бойы.- 2013. - 23 шілде. - 6 б.
Жұбатырұлы С. Арал тағдыры әлемдік мінберден тағы айтылды: Арал теңізінің тағдыры жайлы / С. Жұбатырұлы // Егемен Қазақстан.- 2015. - 1 қазан (№ 187). - 3 б.
Жұбатырұлы С.Арал тағдыры әлемдік мінберден тағы айтылды : Арал теңізінің тағдыры жайлы / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2015. - 20 қазан (№ 158/159). - 2 б.
Жұбатырұлы С. Ардың сыны - Арал: "Кіші Арал" / С. Жұбатырұлы // Халық.- 2006. - 4-11 мамыр. Жұбатырұлы С. Арий - Заратуштра - Сақ түп тарихымыздың терең арнасы/ С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті, Халық.- 2005. - 26 тамыз, 2 қыркүйек.-
Жұбатырұлы С. Арий - Заратуштра - Сақ түп тарихымыздың терең арнасы/ С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті, Халық.- 2005. - 17 қараша-22 желт.
Жұбатырұлы С.Асулардан асқан жол: Жазушы Молдахмет Қаназ жайлы / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2012. - 3 наурыз. - 12 б.
Жұбатырұлы С. Әдеби дәстүр сабақтастығы үзілді: Әдеби даму / С. Жұбатырұлы. // Ақмешіт апталығы.- 2009.- 6 тамыз.
Жұбатырұлы С. Әдебиет әлемі...әдемі: Жазушы С.Жұбатырұлымен сұхбат/ Сұхб. М.Байғұт // Егемен Қазақстан.- 2008.-11 қараша.
Жұбатырұлы С. Әдебиет бар жерде реализм бар... / С. Жұбатырұлы.// Қазақ әдебиеті.- 2012. - 23 наурыз. - 13 б.
Жұбатырұлы С. Әдемі Әлия әлемі: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбайқызы Арысбаева жайлы естелік / С. Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2013. - 15 маусым. - 6 б.
Жұбатырұлы С. Байырқалы Байтағым...: Отан,орта, өткен, ертең туралы ой- тағандардан / С. Жұбатырұлы.// Қазақ әдебиеті.- 2013. - 18 қазан (№42). - 7 б.
Жұбатырұлы С. Байырқалы Байтағым...: Отан,орта, өткен, ертең туралы ой- тағандардан / С. Жұбатырұлы.//Сыр бойы.- 2013. - 26 қазан (№159-160). - 9 б.
Жұбатырұлы С. Бәйтеректен бір бұтақ: Майдан Түйімбетовтің "Жетіру Керейт шежіресі" кітабы хақында / С. Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2013. - 4 мамыр. - 6 б.
Жұбатырұлы С. "Бүкіл әлем Аралға келгенде әлі соқыр, әлі мылқау, әлі үнсіз" / С. Жұбатырұлы; Әңг. Б.Сәтжанов. // Әлімсақ.- 2014. - №4. - 4-7 б.
Жұбатырұлы С. Бір эшелон сыралғы: Арал балықшыларының Поволжьеге 1921 жылы 14 вагон балық жөнелткені жайлы. / С. Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2016. - 26 қараша (№ 180/181). - 5 б. Жұбатырұлы С. Бір эшелон сыралғы: Арал балықшыларының Поволжьеге 1921 жылы 14 вагон балық жөнелткені жайлы. / С. Жұбатырұлы. //Халық.- 2016. - 8 желтоқсан (№ 49). - 1 - 4 б.
Жұбатырұлы С. Дәуріштер аралы романға эксиздер /С.Жұбатырұлы // Жүректегі жауһарлар.-Қызылорда: Алтынорда,2000.-416 б.
Жұбатырұлы С. Ебелек басын жел шайқайды: Әңгіме // Сыр бойы. - 1996. – 26 қараша.-
Жұбатырұлы С. Ел болудың еңсегей шарты / С. Жұбатырұлы; / Өсу мен өркендеу саясатына // Денсаулық.- 2010. - №8.-1-3 б.
Жұбатырұлы С. Ең ұлы бақытты... оқырман! Баяғы: Өмірлік тақырып.. / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2010.-27 тамыз.-5 б.
Жұбатырұлы С. Ерді ел алғысы көгертеді: Қаламгердің облыс әкімі М.Құл-Мұхаммедке алғысы / С. Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2008. - 23 сәуір.
Жұбатыров С. Ерлік пен момындықтың арасы: Ерлік пен момындық ұғымы жайлы / С.Жұбатыров
// Қазақ әдебиеті.- 2013. - 14-20 маусым (№24). – 1- 6 б.
Жұбатырұлы С."Еуразия" арнасы Каспий мен Қара теңіз арасын жалғайды: Каспийден Қара теңізге "Еуразия" арнасын тарту туралы / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2007.-21 шілде.
Жұбатыров С. Жақсылықты айтса, халық айтсын / С. Жұбатыров // Қазақ әдебиеті.- 2016. - 11-17 қараша (№ 45-46). - 19 б.
Жұбатырұлы С. Желпініп жеткен жаңалық желі: "Кіші Арал " теңізін қорғау / С. Жұбатырұлы // Денсаулық.- 2010.-№6.-2 -3 б.
Жұбатырұлы С. "Көк теңізім келдің бе?" деп еміренетін күн де жақын: Кіші Аралды сақтап қалудағы САРАТС жобасы жайлы. / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2014. - 15 шілде (№ 101). - 1 б.
Жұбатыров С. Кіші Арал үстіндегі үміт самалы: Кіші Аралды сақтап қалу шаралары жайлы / С. Жұбатыров. // Денсаулық.- 2012. - №7. - 2 - 3 б.
Жұбатырұлы С. «Қала бастайды, ауыл қоштайды» // Қазақ әдебиеті. – 2009. – 30 қазан. – 5 б.
Жұбатырұлы С. Қамбаштың жаңғыратын жағалаулары: Туризмді дамыту / С. Жұбатырұлы // Денсаулық.- 2010.-№5.-12-13 б.
Жұбатырұлы С.Құлдық санадан арылу керек: Баспасөз туралы / С. Жұбатырұлы. // Қазақ әдебиеті.
- 2010.-22 қаңтар.
Жұбатырұлы С. Маңдайыма жазылғаны - Арал: Арал тағдыры / С. Жұбатырұлы. // Қазақ әдебиеті.- 2008.-8 ақпан.-12 б.
Жұбатырұлы С. Мұрсат: Романнан үзінді / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2014. - 18 қаңтар (№7/8).
- 5 б.
Жұбатырұлы С. Мұрсат: Романнан үзінді / С. Жұбатырұлы // Толқын.- 2014. - 18 маусым (№ 44). - 2 б.
Жұбатырұлы С. Өмір, өнер, өнеге: Қазақы эссе / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2005.- 29 сәуір-5 мамыр(N17).- 14б.
Жұбатырұлы С. Рухани ахуалымыз кінәратты / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2015. - 14 тамыз (№ 31). - 7 б.
Жұбатыров С. Рухани құндылыққа шөліркеулі қоғам: Жазушының сөз қадірі жайында пікірі / С. Жұбатыров. // Қазақ әдебиеті.- 2016.- 9 - 15 қыркүйек (№ 34).- 4 б.
Жұбатырұлы С. Рухани түлеу тұғыры: /М.Құл-Мұхаммед және туған жер туралы эссе / С. Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2008.-9 ақпан(№32-33).- 4 б.
Жұбатырұлы С. Сағым тартып, сағынышқа айналған бір бейне: Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Әлия Арысбаева туралы. / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2017. - 5 тамыз (№ 116/117). - 5 б. Жұбатырұлы С. Сырдың бағын байлағаннан не ұттық?: Көксарай жайлы // Қазақ әдебиеті. – 2008. – 4 сәуір
Жұбатырұлы С. Талантты танудың қиындығы: Талант сөзінің ұғымы туралы / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2014. - 18-24 сәуір (№ 16). - 6 б.
Жұбатырұлы С. Тарихты айтамыз бюрократия бүгін өмірде «ақтаңдақтар» жасап жатыр:проблема-
лық мақала /С.Жұбатырұлы // Заң газеті.-2001.-15 тамыз.-6 б.
Жұбатырұлы С.Тәуелсіздік және қаламгер...: Жиырма жылда қаламгерлер қауымы Тәуелсіздікті қалай көрді, байқады? / С. Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.- 2011. - 11 қараша. - 3 б.
Жұбатырұлы С. Тәуелсіздіктің тұғыры алдындағы ой: / Арал қаласындағы "Тәуелсіздік алаңындағы" ескерткіш- монумент жайында / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2009.- 11 мамыр.-3 б. Жұбатырұлы С. Теңіз тағдырындағы тарихи сәт: Арал теңізі жайлы / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2014. - 6 наурыз (№ 33). - 2 б.
Жұбатырұлы С. Теңіз тағдырындағы тарихи таңдау: Арал теңізі жайлы. / С. Жұбатырұлы // Сыр бойы.- 2015. - 17 ақпан (№ 24). - 2 б.
Жұбатырұлы С. Теңіз тағдырындағы тарихи таңдау: Қамбаш көлінің жағасында облыс балықшы-
ларының бірінші слеті өтті / С. Жұбатырұлы // Егемен Қазақстан.- 2015. - 21 шілде (№136).- 26 б.
Жұбатырұлы С. Теңіз тереңіндегі тылсым: жол жазба сараптама /С.Жұбатырұлы // Қазақ әдебиеті.-2001.-20 шілде.-6 б.
Жұбатыров С. Топырақ пен қасиет / С. Жұбатыров // Қазақ әдебиеті.- 2015.- 12 - 18 маусым (№23).
- 6 б.
Жұбатыров С. Тұңғиық: елес : Үзінді / С. Жұбатыров // Қазақ әдебиеті.- 2004.- 3-9 қырк.(N35).- 8б.

Ол туралы

Абылаев Т. Арал жиһанкезі немесе алпысыншы Арал туралы жыр жазушы Сайлаубай Жұбатыровқа // Толқын.-2008.-1наурыз(№18).-5 б.
Абылаев Т. «Бозайғырдан»-«Абыржыға»дейін : /Жазушы Сайлаубай Жұбатыров-60 жаста / // Толқын.-2008.-23 сәуір.-5 б.
Аралдың асқақ перзенті Сайлаубай: Эколог жазушы, көркемсөзші журналист С.Жұбатырұлы туралы // Сыр бойы. – 2008. – 12 қаңтар(№8).-5 б.
Аяшұлы Д. Табиғат тамыршысына айналған талант: Эколог-жазушы С.Жұбатырұлының 60 жылдығы өтті // Сыр бойы. – 2008. – 12 сәуір
Әмиша Н. Теңіз тақырыбына қалам тербеткен: Жазушы Сайлаубай Жұбатырұлы – 60 жаста. // Айқын. – 2008. – 16 сәуір.-
Батталова А. Мемлекеттік стипендиялар тапсырылды: Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне И.Оразбаев пен Т.Нұрмағанбетов және С.Жұбатыров иеленді // Сыр бойы. – 2009. – 14 қаңтар. – 1 б.
Есламғалиұлы М Болмысы бөлек туынды: /Танымал қаламгер,жазушы С.Жұбатырұлының «Абыржы»романы туралы / // Қазақ әдебиеті.-2003.-26 желтоқсан(№52).-11 б.
Жақып Ж. Табиғат күрескері: / Жазушы С.Жұбатырұлы 60 жаста / // Толқын.-12 қараша.-3 б.
Қазақ пен әлем әдебиеті... немесе қияли кіріспе: С.Жұбатырұлы «Қазақ әдебиеті» газетінің сауалдарына жауап береді // Қазақ әдебиеті. – 2008. – 27 желтоқсан. – 21 б.
Өтепов К. Жүйелі сөз жан жадыратар: Жазушы С.Жұбатыровтың «Теңіздің тағы бір тағдырлы сәті» атты мақаласынан соң. // Сыр бойы. – 2007. – 2 қазан
Рахымбекұлы Ә. Теңіз тектес туынды: С. Жұбатырұлының «Абыржы» кітабы туралы ой толғау. // Сыр бойы. – 2003. – 2 желтоқсан.-3 б.
Рахымбекұлы Ә. Теңізбен тел өскен азамат: Немесе С.Жұбатырұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мөлтек сыр // Сыр бойы. – 1998. – 15 қаңтар
Рухани жаңғырудың адастырмас темірқазығы: "Сыр бойы" газетінің редакциясы Елбасы мақаласын талқыға салу үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды // Сыр бойы.- 2017. - 22 сәуір (№ 59/60). - 5 б.
Серіков Б. Жас Жиһанкездер: С.Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар» кітабы жайлы. //Қазақ әдебиеті. – 1981. – 20 ноябрь.- 11б.
Сыдықова Г. Ғаламтор және кітап – ғұмыр: Кітап оқу дағдысы жайлы сала мамандарының пікірлері / Г. Сыдықова // Қазақ әдебиеті.- 2014. - 19-25 қыркүйек (№ 37). – 1- 3 б.
Теңізбен тағдырлас талант: Жазушы Сайлаубай Жұбатыров туралы // Сыр бойы.- 2004. - 24 ақпан.

 

Ақын Кенжебай Мырзан

1947 жылы 31 тамызда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Құланды ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған.
Әр жылдарда «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Қазақ мемлекеті», «Аманат» газеттерінде тілші, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, «Таң-Шолпан» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Қазір «Мәдениет» журналында редактор болып қызмет атқарады.
Ақынның өлеңдері «Мерейлі мекен» ұжымдық жинағына енген. «Жоғалған өлең», «Жазым өтіп барады» жыр жинақтары жарық көрген.
Əдебиеттер:

Кенжебай М. Ақпан: Өлеңдер / М.Кенжебай.- Алматы: Жазушы, 2008.- 176 б.- (Көркем əдебиет. Поэзия)
Кенжебай М. Қара суық: Өлеңдер / М.Кенжебай.- Алматы: Жазушы, 2006.- 232б.- (Қазіргі қазақ поэзиясы)
Кенжебай М. Шығармалары: Өлеңдер,əдеби сын мақалалар / М.Кенжебай; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.-Астана: Фолиант, 2008.- 392 б.-(Сырдария кітапханасы)
Кенжебай Мырзан //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 204-205 б.
Дүйсенбайұлы Е. Iңкəр сезiмге адал ақын:Ақын Мырзан Кенжебайдың өлеңдерiжайлы //Ана тiлi.- 2008. - 27 қараша (№48).- 27 б.
Тiлеужанұлы З. Сырласамын сын жазып...: Ақын Мырзан Кенжебайдың "Күз көңiл" кiтабына сын // Жұлдыз.- 2004.- N9.- 170-175 б.

Жазушы Молдахмет Қаназ
(1942)

1942 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бекбауыл стансасында дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген (1963).
1963–1967 жж. Қызылорда облысы, Қазалы ауданында мұғалім, 1967-1969 жж. Аудандық «Ленин туы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1969-1974 жж. Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978-1985 жж. «Жалын» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан бас редакторы.
Алғашқы шығармалары 1970 жылдан жариялана бастады.М.Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар» (1973), «Жер кіндігі» (1975), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Свет далекого солнца» (1982), «Құм қойнау» (1984), Старая зимовка» (1985), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Экспресс из полынной степи» (1989), «Жаңбырлы жаз» (1991), «Чика – сын Дабыла» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа» (2001) атты кітаптары жарық көрген. «Ел қорғаны ер Жәкем» (2007) (С.Қалуовпен бірге) атты жинақ құрастырып шығарды «Чика – Дабылдың баласы», «Жер кіндігі» повестері жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлде алған.
«Қияндағы күн нұры» повесі грузин тіліне аударылды. В.Карповтың «Тірілей ұсталсын» романын, болгар жазушысы Е.Пелиннің бірсыпыра әңгімелерін, И.Мелеевтің «Шатырұстар мырза» повесін, орыс жазушысы В.Распутиннің әңгімелерін тәржімелеген.
«Жанқожа» атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық проблемалық зерттеу мақалалар жазды.
Əдебиеттер:
Қаназов М. Армандай алыс жағалау: Əңгімелер мен повесть. – Алматы:Жалын, 1988. – 368 б.
Қаназов М. Жаңбырлы жаз: Əңгімелер мен повестер. – Алматы:Жазушы,1991. – 448б.
Қаназов М. Жер кіндігі; Бақыт қайда мекендер: Повестер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 144 б.
Қаназов М. Қияндағы күн нұры: Повестер, ертегілер. – Алматы: Балауса,1993. – 255 б. Қаназов М. Құм қойнау: Повесть, əңгімелер. – Алматы: Жазушы,1984. – 320 б. – (Қазақ прозасының жаңа шығармалары)
Қаназов М. Сонар: Повестер мен əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 104 б. Қаназов М. Чика – Дабылдың баласы: Повестер, ертегілер. – Алматы: Жазушы, 2003. – 240 б. – (Қазақ балалар əдебиетінің қазынасы)
Қаназ М. Шығармалары: Екі томдық / М.Қаназ; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2009.- (Сырдария кітапханасы)
Қаназ Молдахмет //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 313-314 б.
Қаназ Молдахмет //Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 227 б.
Қаназ Молдахмет //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 179 б.
Қаназов Молдахмет //Советтік Қазақстан жазушылары: био-библиографиялық анықтамалық. – Алматы: Жазушы, 1987. – 339-340 б.
Қаназ Молдахмет //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 293-294 б.
Қаназ Молдахмет //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 208 б.
Мəмесейітов І. Замандастың жан сыры: М.Қаназовтың» Құм қойнауы» повесі туралы //Уақыт жəне қаламгер: Əдеби-сын. 12 кітап. – Алматы, 1986. – 23-40 б.
Ахмади Ж. Қайсар қаламды Қаназ: [Жазушы М.Қаназдың "Жанқожа" атты кiтабы туралы] // Жас Алаш.- 2002.- 21 ақпан (N 22).- 5 б.
Əлжанов Т. Қаламгер қарымы: Қаламгер Молдахмет Қаназдың "Қарымды қалам əлемі" атты шығармашылық кеші жайлы / Т.Əлжанов. // Халық.- 2012. - 19 сəуір. – 5 б.
Батталова А. Қаламгер құрметке бөленді: Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында белгілі жазушы Молдахмет Қаназдың 70 жасқа толған мерейтойына арналған "Қарымды қалам əлемі" атты шығармашылық кеші өтті / А.Батталова // Сыр бойы.- 2012. - 19 сəуір. - 2 б.
Дəбей Ы. Ел кедей болса да, мейірімді еді..: Жазушы Молдахмет Қаназбен сұхбат /Ы.Дəбей. // Қазақ əдебиеті.- 2012. - 17 ақпан. - 7 б.
Домбай Н. Мөлдіреп аққан өзендей..: Белгілі жазушы, аудармашы Молдахмет Қаназ туралы / Н.Домбай.// Ана тілі.- 2012. - 16 - 22 ақпан. - 8 б.
Жұбатырұлы С. Асулардан асқан жол: Жазушы Молдахмет Қаназ жайлы/С.Жұбатырұлы. // Сыр бойы.- 2012. - 3 наурыз. - 12 б.
Жұмағалиұлы А. Өрелі өнеге, рухани үлгі: Жазушы Молдахмет Қаназ туралы / А.Жұмағалиұлы. // Айқын.- 2012. - 28 наурыз. - 5 б.
Қаназ М. Прозаны жорнализм жайлап алды: Жазушымен сұхбат / Сұхб. Д.Белдеубайұлы //Ана тілі. – 2002. – 7 наурыз
Мəдібаева Қ. Өмір мен көркем шындықтың арасы...: Жазушы М.Қаназдың шығармашылық жолы //Жалын. – 1990. - №2. – 105-109 б.
Мəкеналы Ж. Дария дарын: Қарымды қаламгер Молдахмет Қаназ туралы / Ж.Мəкеналы. // Алматы ақшамы.- 2012. - 15 наурыз.- 24 - 25 б.; Қазақстан мұғалімі.- 2012. - 8 мамыр. - 11 б.
Мұсаев А. Ой тегеурiнi өзгеше: Қаламгер М.Қаназ жайында // Жалын.- 2012. - № 3.- 42-48 б.
Мұхаметқалиев Қ. Əлдеқашан айтылатын сөз: Жазушы Молдахмет Қаназов шығармашылығы туралы // Таң-Шолпан. - 2002. - N4.- 68-75 б.
Нұржан-Балта Т. Қаламгер Қаназ: Жазушы Молдахмет Қаназ - 70 жаста / Т.Нұржан- Балта. // Толқын.- 2012. - 2 мамыр. - 3 б.
Талантов Т. Қаламгер қарымы (Арал перзенті қарымды жазушы Молдахмет Қаназов туралы). // Толқын.-2002.-19 сәуір.-5 б.

Мешітбай Құттықов
(1934-2001)

Құттықұлы Мешітбай 1934 жылы Қазалы ауданы ,бұрынғы Бозкөл совхозында дүниеге келген. 1951 жылы М.Горький атындағы орта мектепті үздік бітірген. Қызылордадағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың тіл әдебиет факультеттін бітіргеннен кейін Қазалы аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметін атқарған.
1955 жылдың күзінде армия қатарына шақырылды. Орталық Россияда Острогожск қаласында КСРО Қорғаныс Министрлігінің 34-і автотракторлар механигін даярлайтын арнаулы мектебін бітіріп,Балтық бойы округінде артдивизинонның аға автотехнигі қызметін атқарған. Округ әскерлері клубында Советтік Қазақстанға қырық жыл деген тақырыпта лекция оқыған.
1957 жылы автомобиль әскерлерінің кіші лейтенанты дәрежесінде запасқа шыққан.
1958 жылдың маусым айынан 1987 жылдың мамырына дейін аудандық партия комитетінің жолдамасымен мемлекеттік автоинспекцияның Қазалы,Арал аудандарына жауапты қызметте болды.
1977 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі. «Құс жолы», «Ар-намыс», «Қайырлы түн», «Сапар», «Арал аспаны»,жыр кітаптарының, «Аяқталмаған ән», «Қайдасың Арал», әңгіме,повестер жинағының авторы, Бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтерген ондаған публицистикалық мақалалары жарық көрген.
Айқас дастаны 1971 жылы жарияланған республикалық конкруста бірінші жүлдені жеңіп алған ақын арнаулы дипломмен марапатталған.
Мешітбай Құттықов бірнеше үкіметтік медальдардың,облыстық, республикалық грамоталардың иегері. Арал ауданының құрметті азаматы,ақын,жазушы,қоғам қайраткері М.Құттықұлы-өмірінің ақырына дейін аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағалығымен қоса «Асыл мұра» газетін шығарып,оның редакторы қызметін қоса атқарды. М.Құттықұлының творчествсы,өмірі түгелдей дерлік Арал өңірін,оның экологиялық зардаптарын жырлауға арналды. Бұл салада 20000 жолдан аса өлеңдері, «Дерт-дастан» атты көлемді поэмасы жарық көрді. Арал теңізіне байланысты тарихи оқиғаларды халыққа,болашақ ұрпаққа жеткізуде жазушының еңбегі зор. М.Құттықұлы ақын,жазушы,публицист,әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері республикада және онан тысқары аймақта да аты белгілі қаламгер.
Әдебиеттер :
Құттықов М. Арал аспаны. Өлеңдер менпоэмалар.-Алматы:Өлке,1998.-304 б.
Құттықов М. Қайдасың Арал!... Роман-хикая,әңгімелер.-Астана:Елорда,2001.-264 б.
Құттықов М. Қайырлы түн. Өлеңдер менпоэма.-Алматы: Жазушы,1975.-58 б.
Құттықов М. Құс жолы. Өлеңдер.-Алматы:Жазушы,1967.-32 б.
Құттықов М. Сапар.Өлеңдер мен поэмалар.-Алматы:Жазушы,1982.-96 б.
Құттықов М. Аралды сүю керек қайтқанда да. (Өлең). //Сыр бойы.-2005.-6 шілде(№126).-4 б.
Құттықов М. Жетінші буын. Ғайбатқа сену,немесе сағидиға саяхат. (Өлендері). //Жүректегі жауһарлары.-Алматы:Алтын орда,2001.-14-18 б.
Ол туралы:
Абылаев Т. Жыр саңлағы. (Ақын М.Құттықов). // Сыр бойы.-2004.-15 қазан.-2 б.
Ақын-оқушылар ортасында./Ақын Мешітбай Құттықов 60 жасқа толып отыр.№83 орта мектебіндегі кездесу/. //Толқын.-1994.-29 қараша.- 2 б.
Әуезов Ә. Ақынның тосын толғамдары./ Ақын М.Құттықов 60 жаста/. // Сыр бойы.-2007.-21 сәуір.-3 б.
Исаев Е Ақын арманы: (Жерлес ақынымыз Мешітбай Құттықов поэмасы туралы). // Толқын.-1999.-26 наурыз.-3 б.
Кемал Ж. Қаламгер парызы.(Ақын М.Құттықов-60 жаста). // Толқын.-1994.-24 маусым.-
2 б.
Кемал Ж. Қаламгер бақыты. (Ақын Мешітбай Құттықовтың 60 жасқа толған мерейтойы туралы). // Толқын.-1999.-25 мамыр.-3 б.
Мешітбай Құттықов. Өмірбаяны // Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС,2005.- 395 б.
Оспанов С. Жаны жомарт жақсы аға. (Ақын Мепшітбай Құттықов 60 жаста). // Қазақ әдебиеті.-1999.-25 мамыр.-12 б.
Сәдібекұлы А. Аралын ардақтаған ақын. (Ақын Мешітбай Құттықов). // Сыр бойы.-1994.-12 қараша.-3 б.
Халқын сүйген қаламгер:/Жергілікті жазушы Мешітбай Құттықов туралы және естеліктер/. //Толқын.-2002.-26 сәуір.-3 б.
Абдулхамит Мархабаев
(1938).

Сыр елі тума талантқа қашаннан кенде емес. Соның бірі сүйікті қаламгеріміз,қазақ қиял қарашаңырағының алтын бақанындай ағамыз Абдул-Хамид Мархабаев.
Абдулхамит Мархабаев 1938 жылы 18 наурызында Қызылорда облысының Арал ауданындағы Ауан ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген.
1964-67 жылы «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
Сонымен қатар ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті мен «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981-82 жылы Қазақ баспа полиграфия және кітап саудасы істер жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы,
1985-87 жылы Қазақ орталық мұражайының баспаредакция секторының аға редакторы,сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметте. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!», «Жарылқаушы....», «Тосын ғарышхат» т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын «Қолыңды әкел,келешек», «Қазақ фантастикасы:кеше,бүгін және....», «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998) атты монографиясы, «Ислам-Ғылым-Журналистка» тағы басқа да көркем,зерттеу еңбектерімен танымал.
А.Мархабаевтың басқа шығармаларын айтпағанның өзіңде,оны соңғы жылдары қаламынан туған «Қазақ фантистикалық әдебиеті» атты монографиясы қазақ фантистикасын тануда теңдесі жоқ үлкен туынды.
Абдулхамит Мархабаев-жазушы,ғалым,филоллогия ғылымының докторы (2001),профессор(1997). Сонымен қатар А.Мархабаев ауданымыздың Құрметті азаматы.
Әдебиеттер :
Мархабаев А. Арал әуендері:Фантистика.Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1981.-216 б.
МархабаевА.Ғарыштағы қымыз. Фантистика: Повесть және әңгімелер.-Алматы: Жалын,1972.-128 б.
Мархабаев А. Қиялгер қисындары.-Алматы:Санат,2002.-232 б.
Мархабаев А. Қолыңды әкел келешек. Қазақ фантистикасы. Кеше,бүгін және...-Алматы:Қазақстан,1978.-168 б.
Мархабаев А. Ақмешіт-Ақиқат пен арман галактикасы. // Сыр бойы.-2008.-6 қыркүйек.-
5 б.
Мархабаев А. Әдебиеттің «қаймағы» да, «қаспағы»да-қиял:/фантаст жазушының қазақ фантастикасы жайлы ойлары/. // Егемен Қазақстан.-2003.-30 шілде.-11 б.
Мархабаев А. Жай тасы немесе «Аралшыл бала».(Қиял-ғажайып,әдеби сценарий). //Зерде-1996.-№9.-16-17 б.1996.-№8.-16-17 б.
Мархабаев А. Келешекті-қиялдасақ:/автордың,фантаст-жазушының қазақ фантастикасы хақында/. //Ақиқат.-2003.-№3.-23-31 б.
Мархабаев А. Қанды жер: Қиял ғажайып әңгіме. // Қазақ әдебиеті.-1997.-17 маусым.-8-
9 б.
Әбілов Е. Қазақ қиялының қыраны:/Қазақ фантастикасының қара шаңырағын көтерген қиялгер-жазушы,ғалым,А.Х.Мархабаев туралы/. //Сыр бойы.-2008.-12 маусым.-3 б.
Беркінбаев Д. Қиял қарашаңырағын көтерген алтын бақан:/ Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов Сыр елінен шыққан қазақтың белгілі фантаст жазушысы,филология ғылымдарының докторы,профессор Абдул-Хамид Мархабаевты қабылдады жөнінде/. //Сыр бойы.-2008.-12 қыркүйек.-1б.
Беркінбаев Д. Сабырдан сарай салдырып,ақылдан алтын ұстаған./Қазақ әдебиетінің фантастик Абдул-Хамит Мархабаев туған жері сыр елінде/. //Сыр бойы.-2008.-13 қыркүйек.-5 б.
Жақып Ж. Қиял қанатындағы қаламгер./ Жазушы Абдул-Хамит Мархабаев 70 жаста/. //Толқын.-2008.-10қыркүйек.-2 б.
Қисынды қазақ қиялы:/Қазақ әдебиетіндегі фантастикалық шығармалар туралы,жазушы Абдул-Хамит Мархабаевтың мақаласы/. //Қазақ әдебиеті.-2003.-17қаңтар.-20-21 б.
Мәмет С. Тума жанрдың тұғыр тасы немесе квадрат дәрежесіндегі жазушы :/Жазушы А.Х.Мархабаевтың шығармашылығы туралы/. //Егемен Қазақстан.-2008.-19 сәуір.-5 б.

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов
(1924)

Көрнекті қазақ жазушысы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы қазан айының 22 жұлдызы күні Қызылорда облысы Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында туған. 1942 жылы орта мектепті тәмамдасымен армия қаарына шақырылған өрімдей жас Әбдіжәміл Оңтүстік және Прибалтика майданында соғысқа қатысады. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапаттталады. 1946 жылы желтоқсанда,армия қатарынан босанған бойда,әскерде жүргенде бастаған «Курляндия» романын жазуға кіріскен. Оны бітіріп,баспаға берген соң бір жыл Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған.Келесі 1954 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтында түсіп,оны 1956 жылы бітірген. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды. Проза саласында үзбей еңбектенуімен қатар,жас талант өткір сынымен, публицистикалық мақалаларымен де көзге түседі. 1962-64 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы- «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін атқарған. 1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай шығармагерлік қызметпен шұғылданып,өндіре жазған Әбдіжәміл нарық заманында халықаралық қазақ пен клубын ұйымдастырып,оның президенттігіне сайланды. 2000 жылы халықаралық Қазақ пен клуб жанынан «Таң-шолпан» журналын шығарды. Көп жылдардан бері ол осы әдеби-көпшілік журналының редакторлар кеңесінің төрағасы. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп,толықтырылып,1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жарияланды. «Қан мен тер» трилогиясы \ 1-кітап- «Ымырт»,1961;-2 кітап «Сергелдең»,1964; -3 кітап «Күйреу»1970;\ және «Сең»\1983\, «Соңғы парыз»\ 1999\ романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» романы бойынша жасалған инсценировкасы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының 1974 жылдан репертуарынан тұрақты орын алды,экранға шығарылды. Таңдамалы әдеби-сын мақалалары «Толғау»\ кейіннен «Жүрегі толы жыр еді»деген атпен қазақ және орыс тілдерінде жеке кітап боп шықты. 1985 жылы «Ақбидай туралы аңыз» атты очерктер жинағы жарық көрді. А.П. Чеховтың,А.М.Горькийдің,назым Хикметтің,испан жазушысы А.Кэсоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы-Нұрпейісовтің ғана емес,күллі қазақ әдебиетінің табысы. Үлкен жазушымыздың ерен еңбегі елінің,мемлекетінің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде кеудесіне «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» және тәуелсіз Қазақстанның «Отан» ордендерін қадады. 1985 жылы «Қазақ КСР халық жазушысы» құрметті атағы берілді. 1994 жылы Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұрпейісовке «Арал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. 2001 жылы Мәскеудегі Халықаралық әдеби қордың «За честь и достойнство»,2003 жылы Халықаралық М.Шолохов атындағы сыйлықтардың лауреаты атанды.
Шығармалары:

Нұрпейісов Ә. Төрт томдық шығармалар жинағы –Алматы: Жазушы,1981.-
Т.: 1-Қан мен тер. Трилогия-520 б.
Т.: 2-Қан мен тер. Трилогия-352 б.
Т.:3-Күткен күн: Роман.-359 б.
Т.: 4- Жүрегі тола жыр еді: Әдебиет жайында толғаулдар-528 б.
Нұрпейісов Ә. Шығармалары –Астана: Фолиант,2008.-
Т.:1- Қан мен тер. Трилогия-504 б.
Т.: 2-Қан мен тер. Трилогия.Очерктер.-368 б.
Т.: 3- Соңғы парыз. Роман.-480 б.
Т.: 4- Курландия. Роман-352 б.
Т.: 5- Мақалалар,очерктер,эсселер-352 б.
Нұрпейісов Ә. Ақ бидай туралы аңыз. Очерктер.-Алматы: Жазушы,1985.-157 б.
Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Триология.Ымырт.Сергелдең.Күйреу.-Алматы: Жазушы,1991.
-624 б.
Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Трилогия. Т.1,1-2 кітап .-Алматы: Жазушы,2004.- 472 б.
Нұрпейісов Ә. Қан мен тер. Трилогия. Т.2,3 кітап. –Алматы: Жазушы,2004.-304 б.
Нұрпейісов Ә. Курляндия –Алматы: Өлке баспасы,2005.-320 б.
Нұрпейісов Ә. Сең.Роман. -Алматы:Жалын,1983.-374 б.
Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз: Роман –Алматы: Жазушы,1999.-472 б.
Ол туралы:
Адамның ішкі сырын ойлап білген...психологиялық талдау өнері жайында: \ Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» триологиясы туралы \ \\ Елеукенов Ш. Замандас парасаты. Қазақ әдебиеті: Социалистік реализм мәселелері. –Алматы: 1977.- 276.-297 б.
Әбдіжәміл әлемі: \ Лебіздер \ \\ Қазақ әдебиеті.-2009.-16 қазан.-6 б.
Әбдіжәміл Нұрпейісов : \ Өмірі мен шығармашылығы туралы \ \\ Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық.-Алматы: Қазақпарат,2005.-
Т.: 9- Кеңес дәуірі \ 1956-1990 \ - 497-527 б.
Әбдіжәміл Нұрпейісов. Талант кемелі : \ Тырнақалды тұңғышы «Курляндия» романы туралы \ \\ Ахтанов Т. Көкейкесті. –Алматы: Жалын,1980.-112-116 б.
Ә. Нұрпейісов шығармалары ТМД елдерінің әдеби сынында : \ Нұрпейісовтың «Қан мен тер», «Соңғы парыз»атты роман-дилогия шығармалары да шет тілінде аударылғаны туралы \ \\ Елеукенов Ш. Әдебиет-тәуелсіздік қаруы: Бүгінгі сөз өнері:өрісі мен өресі \ Ш.Елеукенов –Алматы: Баспалар үйі,2009.-289-314 б.
Әшімбаев С. Сын мұраты: \ Қиялы кезеңдер хикаясы: Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» триологиясы туралы \ -Алматы: Жазушы,1974.-248 б.
Дархан дарын: \ Заңғар жазушысы Ә.Нұрпейісовтың шығармашылығы туралы \ \\ Еңсегенұлы Т. Көркем ойдың көкжиегі. Әдеби сын. –Алматы: Арыс,2011.-99-106
Дала шапағы : \ Жазушы Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы атты шығармасы туралы \ \\ Қаратаев М. Революция рухымен. –Алматы: Жазушы,1978.-218.-237 б.
Елеукенов Ш. Бір қайғыдан –жүз қайғы...: \ «Соңғы парыз» романының поэтикасы хақында \ \\ Қазақ әдебиеті.-2001.-17 тамыз.-(№33).-4-5 б.
Қадырбаев Н. «Соңғы парыз»-соны шығарма: \ Көрнекті жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романындағы көркем сөз өнерінің жетістіктері туралы \ \\ Қазақ әдебиеті.-2009.-15 мамыр.-1-6 б.
Қазығұл Ш. Мәтр : \ Жазушы Ә. Нұрпейісовтың шығармашылық өнер жолы туралы \ \\ Қазақ әдебиеті. -2009.-16 қазан.-7 б.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі экологиялық және имандылық мәселелері: \ Жазушы Ә.Нұрпейісовтың қаламынан туындаған шығармаларындағы экологиялық мәселелері туралы \ \\ Умарова Г.,Шарабасов С. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. –Астана: Фолиант,2011.-211-212 б.
«Қан мен тер» романы : \ Ә.Нұрпейісовтың «Күткен күн» романы туралы \ \\Омаров І. Шабыт шалқары.-Алматы: Жазушы,1973.- 143.-169 б.
Мүсіндеу өнері: \ Бүгінгі қазақ прозасының жетістігі саналатын Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романы жайында \ \\ Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау . –Алматы: Санат,1996.-183.-190 б.
Нұрпейісов Ә. Өмірбаяны \ 1924ж \ \\ Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалық А-Я. –Алматы: Аруна,2005.-211-212 б.
Ой. Сезім. Шеберлік: «Қан мен тер» қалай бара жатыр. \ Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» атты шығармашылық жолдары туралы \ \\ Серікқалиев З. Ақ жол. Сын кітабы: мақалалар,зерттеулер.-Алматы: Жазушы,1990.- 10.-27 б.
Сахариев Б. Адам.Тарих. Роман: \ Ә.Нұрпейісовпен тілдескенде \ \\ Сахариев Б. Күрескер тұлғасы. –Алматы: Жазушы,1979.-170.-174 б.
Тарихи сана иірімдері: \ Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясының 1916 жылғы халық көтерілісі кезеңі туралы \ \\ Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау.-Алматы: Санат,1996.-125.-132 б.
Үлкен үміт: \ Жазушы Ә.Нұрпейісовтың «Курляндия» романындағы басты кейіпкерлері-Есей,Денисов,Қожақтары туралы \ \\ Ахтанов Т. Көкейкесті. –Алматы: Жалын,1980.-116.-128 б.
Ұлттық характер: \ Белгілі қазақ жазушысы Ә.Нұрпейісовтың алғаш шыққан «Қан мен тер» кітабы туралы \ \\ Ахтанов Т. Көкейкесті. –Алматы: Жалын,1981.-129..-132 б.
Ішкі монолог: \ Жазушы Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романы туралы \ \\ Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. –Алматы: Санат,1996.-326.-332 б.

Ақын Оңталап Нұрмаханов

1958 жылы Қызылорда облысы Арал ауданының «Шөмішкөл» ауылында туылған. Жарты ғасыр бұрын қазақтың талай тарландары мен таланттарын дүниеге келтірген, «халқының жүрегінен жыр кетпеген, айдын шалқар» Арал топырағында туылып, өнер өлкесіне де осы айдыннан қосылды.
Алғашқы еңбек жолын 1975 жылы Арал аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб киномеханигі қызметінен бастап, 1996 жылға дейін халық театрының режиссеры, «Тамаша» әзіл-сықақ отауының негізін қалаушы, әрі жетекшісі, сценарист-режиссеры, Арал аудандық мәдениет Үйінің директоры қызметтерін атқарды. Ақтөбе қаласындағы мәдени-ағарту училищесінің режиссерлық бөлімінің түлегі.
Оңталап айтыс өнеріне 1985 жылы қадам басқан. 1987 жылы жалағаштық Алтай Көшеров пен 1989 жылы өткен табиғатты қорғау тақырыбына арналған ІІ облыстық айтыста Лена Әбдіхалықовамен сөз таластырып, өзінің ой-өрісі кең, табан астынан қарсыласына ұтымды жауабы дайын, қу тілді ақын екенін байқатты. 1989 жылы көршілес Ақтөбе облысының ақындар айтысынан жеңіспен оралды.
1985-90 жылдары аудандық мәдениет Үйі халық театрының режиссеры қызметін атқарып, сахнаға Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», Қ.Мұхамеджановтың «Ой, жігіттер-ай», С.Адамбековтың «Алтын табақтағы жылан», М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!», Р.Сейсенбаевтың «Қашқын» спектакльдерін қойды. Сондай-ақ, бірнеше рет облыстық ақындар айтысының жүлдегері атанды.
Ақын ретінде өмірдегі болып жатқан жаңалық, өзгерістерге өлең арқылы үн қосып, 20-дан астам әнге сөз жазып, «Көздеріңнің көркемі-ай», «Сәукеле», «Адам Ата-Хауа ана», «Астана», «Қорқыт-Қобыз», «Жер жүрегі» т.б. әндері Қазақстанның белгілі әншілерінің репертуарында жиі орындалып жүр.
1996-2004 жылдар аралығында Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының көркемдік жетекшісі қызметін атқара жүріп, облыста өткен республикалық, халықаралық мәдени шаралар мен театрландырылған қойылымдар - «Қорқыт және түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының гала-концерті мен Қызылорда облысының тұсаукесері (1997 ж.), Қызылорда облысының Астана қаласында өткен мәдениет және өнер күндерінің «Қорқыт. Қобыз. Қызылорда.» театрландырылған қойылымы (1998 ж.), 2000 жылы – Мәдениетті қолдау жылының салтанатты ашылу «Мәдениет. Тарих. Таным.» және жабылу салтанаты «Сыр саңлақтарының салтанаты» рәсімдері, республикалық, халықаралық «Ғасырлар үні» жыршы-жыраулар конкурсы (2001-2003 ж.ж.), Халықаралық «Сырдария-жырдария» түркі тілдес елдердің балалар шығармашылығының өнер фестивалі (2002 ж.), Елбасының Сыр еліне жасаған арнайы үш іс-сапары барысындағы мәдени шаралар мен Халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты фольклорлық өнер фестивалінің (2006 ж.) сценарий, режиссерлық қойылымдарын дайындады.
2003 жылдан облыстық Нартай Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында режиссерлық қызмет атқарып, Р.Отарбайұлының «Қандыөзек» трагедиясын, Л.Егембердиеваның «Егіздер», С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» мелодрамаларын, Ә.Таразидың «Люстра» фантасмагориясын, М.Ахманов пен А.Тоқмановтың «Екі дос немесе делдал қарға» ертегісі және С.Ахмедтің «Келіндер көтерілісі» комедиясын сахналап, көрермендер назарына ұсынды.
Ол ақын, айтыскер, режиссер-сценарист ғана емес, «Көздеріңнің көркемі-ай», «Сәукеле», «Адам Ата-Хауа ана», «Астана», «Қорқыт-Қобыз», «Жер жүрегі» т.б. әндерге сөз жазған.
Ширек ғасырдан астам уақыт облыс өнері мен мәдениетіне жасаған еңбегі бағаланып, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісі берілді.2000 және 2007 жылы Облыс әкімінің стипендиаты атанды.
Осы уақытқа дейін жинақтаған тәжірибесі мен шығармашылық ізденісін байыту және тереңдету, біліктілігін мен кәсіби шеберлігін біліммен толықтыру мақсатында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының режиссерлық бөлімін (сырттай) оқып бітірді. Нұрмаханов Дүйсенәліұлы Оңталап облыста ұйымдастырылып жатқан мәдени шаралар, концерт, сахналық, театрландырылған қойылымдар, шығармашылық кештер, шоу-бағдарламалар мен істердің ұйтқысы, өнерге жанашырлықпен, жаңашылдықпен қарайтын азамат.
Қазіргі уақытта облыстық филармонияда режиссер қызметін атқарады. «Қорқыт-қобыз» атты өлеңдер жинағының және «Мәдениетім мәртебем» атты сценарийлер жинағы кітабының авторы.
Әдебиеттер:
Нұрмаханов О. Қорқыт-қобыз: Жыр жинағы./О.Нұрмаханов.-Алматы:ARNA-b,2017.-152б.
Нұрмаханов О. Тәуелсіздік түлеткен Қазақстан!,Батыр баба(Жалаңтөс баһадүр ескерткішіне),Жер жүрегі,Жер жанбас жүрегі(Ш.Әбдібаевтың рухына),Жүз жырау жүзіктеген жұрағатым(Жыршы-ғалым Б.Жүсіповке)Өлеңдері // Жыр-тұғырым-Тәуелсіздік.-Алматы: ARNA-b,2010.-148.-154 б.
Нұрмаханов О. Өлеңдер. // Жүректегі жауһарлар.Сыр елі ақын-жазушылары шығармаларының жинағы.-Қызылорда: «Алтын Орда»,2001.-354.-357 б.
Ол туралы
Бердібаев Б. Қорқыт-Қобыз: /Ақын Оңталап Нұрмахановтың «Қорқыт-Қобыз» атты кітабы туралы/Б.Бердібаев. // Сыр бойы.-2014.-6 қараша.-
Оңталап Нұрмаханов,мен үшін режиссерлік пен өлең егіз ұғымдай /Сұхбаттасқан Б.Тілеубергенова // Ақмешіт апталығы.-2018.-22 қараша.-8 б.
Сәдібекұлы А. Киелі өнердің жансебілі: /Өнер тарланы О.Нұрмаханов туралы / А.Сәдібекұлы // Қызылорда облыстық интернет газеті.-2018.-3 қыркүйек.-
Түсіне білетін болса,билікке көп нәрсе айттым. Ақын,режиссер Оңталап Нұрмахановпен /Сұхбат Р.Жахман. // Халық газеті.-2018.-27 қыркүйек.-

 Ақын Сариев Шөмішбай

/ 1946 ж /
1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған. Ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған. 1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1970-1974 жылдары «Қазақстан» баспасында редактор, 1974-1996 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы ҮҒА-ның М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болған.
Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты. 1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған.
1996 жылы «Қазіргі қазақ лирикасының ізденістері» атты тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін иеленді. «ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы поэзиясы» атты монография жазған. Қазір М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер. «Ғашықтар жыры», «Бозжорға» атты авторлық бейнетаспасы жарық көрді. Кейін замандас келбеті жайлы, табиғат, бейбітшілік, адам, өмір, заман туралы әлеуметтік, азаматтық ой толғайтын «Арайлы көктем» (1975), «Теңізден соққан жел» (1975), «Тағдыр» (1976), «Заула, тұлпар» (1979), «Өң мен түс» (1980), «Үш өлшем» (1982), «Біздің ғасыр» (1989), «Сағынышым – теңіз» (1994) атты жыр жинақтары бар. «Сәлем саған, туған ел», «Қарағым-ай», «Аралдан ұшқан аққулар», «Сарыарқа», «Жер-Ана», «Бозжорға», т.б. көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Г.Гулиа, О.Берггольц, И.Абашидзе, С.Викулов, А.Дементьев, Ф.Алиева, Р.Рождественский, М.Эминеску, т.б. ақындардың өлеңдері қазақ тіліне аударған. Фр.Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (2003). «Тарлан» сыйлығының иегері (2004).
Əдебиеттер:

Сариев Ш. Арайлы көктем:Творчестволық портреттер. – Алматы: Қазақстан,1974. - 104 б.
Сариев Ш. Екі томдық шығармалар жинағы / Ш.Сариев.- Астана: Елорда, 2006
Сариев Ш. Өң мен түс: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1980. – 62 б.
Сариев Ш. Тағдыр жыры: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 96 б.
Сариев Ш. Теңізден соққан жел: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы,1975. – 59 б.
Сариев Ш. Шөл даланың ұлымын... / Ш.Сариев.-Алматы: Қайнар, 2008.- 208 б.
Сариев Ш. Шығармалары: Екі томдық / Ш.Сариев; Жауапты ред. Б. Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- (Сырдария кітапханасы)
Сариев Ш.Н. 60-70-ші жылдардағы қазақ лирикасы.Көркемдік ізденістер: Филология ғыл. канд. дисс. автореф. / Ш.Н.Сариев.- Алматы, 1993.- 34 б.
Ол туралы:
Ақыш Н. Шөл жəне күрескерлік рух: Ақын Ш.Сариевтің "Шөл даланың ұлымын" жыр жинағы туралы. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығарма / Н.Ақыш // Егемен Қазақстан. - 2010. - 22 қыркүйек. - 6 б.
Аманжол Қ. Шөмiшбай ақынныңəн кешi // Егемен Қазақстан.- 2011. - 25 қазан.- 14 б.
Аралдан шыққан Шөмішбай: Ақын Ш.Сəриевке"Арал ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді //Қазақ əдебиеті. - 2007. - 2 қараша. – 2 б.
Əбдікəрімов С. «...Атым өлмес өлеңде тарихпын...»: Ақын Ш.Сариев туралы эссе //Алматы ақшамы. - 1999.- 6 қыркүйек; Дала. – 2005. - №2-3. – 18-21 б.
Дүйсенбайұлы Е. Шөмішбай Сариевке: Достық əзіл. Өлең / Е.Дүйсенбайұлы // Қазақ əдебиеті. - 2008. - 23 мамыр. -16 б.
Қирабаев С. Күнмен бірге тіршілікті оятып..: Ақын Ш.Сариевтің шығармашылығы туралы //Қирабаев С. Əдебиетті қайта оқу: Əдебиеттік зерттеулер мен мақалалар. – Алматы, 2010. – 257-275 б.
Сариев Шөмішбай.Өмірбаяны. //Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық - Алматы: «Аруна», 2005.- 456 б.
Сариев Шөмішбай Нағашыбайұлы. Өмірбаяны.//Қазақстан. Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005.- Т.7. – 557б.
Сариев Шөмішбай.Өмірбаяны.//Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 341 б.
Сариев Шөмішбай. Өмірбаяны. //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 266-267 б.
Сариев Шөмішбай. Өмірбаяны. // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 528 б.
Сариев Шөмішбай. Өмірбаяны. // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 434 б.

Серік Сейтмағанбетов.
(1940-1990)

Аралдың ақыны Серік Сейтмағанбетов 1940 жылы Арал ауданының Бекбауыл станциясында туған. 1955 жылы орталау мектепті бітіргеннен кейін Қазалы ауылшаруашылық техникумына түсіп оқиды.
Оны 1959 жылы бітірген соң Алматы облысы Ақсу ауданының Қызылтаң совхозында мал дәрігері болып қызмет атқарады.
1959-1962 жылдары Совет Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген.1962-1967 жылдары Қызылорда педагогикалық институтын оқып бітірген.
1967-1969 жылдар аралығында Құмбазар сегіз жылдық мектебінде мұғалім,Ұялы сегіз жылдық мектебі директорының орынбасары болды.
1969 жылдың шілде айынан өмірінің ақырына дейін аудандық «Толқын» газетінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі болып,абыройлы қызмет атқарады.
Серік Сейтмағанбетов өзіне тапсырылған қандай жұмысты да адалдықпен, жауапкершілікпен атқаратын абзал азамат еді. Ол шыншыл да шебер, принципті журналист болды. Адал да абзал, қамқор,қарапайым,кішіпейіл,ақжарқын ақын еді.
Талантты ақын, «Арманым-асқарым» жинағының авторы. Ұзақ жылдар «Толқын» газетінде бөлім басқарды.Ол Сыр елінің жыр сүйер қауымын елең еткізген тұнба талант болатын. Жүзіңде жаз ойнап,көңіліне көктем орнық қан,өмірге ғашық,жақсылыққа жаны құмар жан еді. Өзі өмір сүрген ортаның,өзі араласқан дос-жарандарының, туған-туыс,береке-бірлік кезеңдердің біресе гүлі,біресе үні болып жайраң қағып жүретін,келешекке кереметтей сүйсіне үміт артатын азамат еді. Өзінен шыққан жырлары кейінгі жастарға беретін рухани аса байлық мұра ретінде қалдырып кеткен асыл қолжазбалары өлмес дүние екен аңғаруға болады.
Әдебиеттер :
Сейітмағанбетов С. Асқарым-арманым. Өлеңдер.-Алматы:Қазақ елі,1998.-168 б.
Сейітмағанбетов С. Жаңа жылға тілек өлеңі.//Толқын.-1989.-1 қаңтар.-2 б.
Сейітмағанбетов С. Мені іздеген ақын қызға. // Толқын.-1989.-19 тамыз.-4 б.
Сейітмағанбетов С. Ұзақ болғай ғұмырың;Ағаларды сағыну. //Толқын.-1990.-10 қараша.-3 б.
Ол туралы:
Абылаев Т. Сезімі сергек Серік ақын. //Толқын.-2005.-23 қыркүйек.-3 б.
Жақып Ж. Серікпен сырласу. /С.Сейітмағанбетовтің «Асқарым-арманым жаңа кітабы» туралы/. // Ақмешіт.-1999.-15 қаңтар(№3).-3 б.
Кемалов Ж. Қаламгерге құрмет.(Ақын С.Сейітмағанбетовтың туғанына
50 жыл).//Толқын.-1991.-12 ақпан.-3 б.
Қылышбаев А. Арал.(Ақын Серік Сейітмағанбетов өмірдеректері туралы).
-Алматы:2003.-138 б.
Оразай Жақсыберген. Теңізбен тағдырлас./Ақын,жерлес Серік Сейітмағанбетов туралы/. //Сыр бойы.-2000.-7 наурыз(№29).-7 б.
Шынназарова К. Сағынып жүрміз Серікті./Ақын Серік Сейітмағанбетовтың қайтыс болғанына 5 жыл толуына орай/. //Толқын.-1995.-26 қаңтар.-4 б.
Шынназарова К. Аралдың ақыны еді аңқылдаған./Абзал азаматты серік Сейітмағанбетов еске алу/. //Сыр бойы.-1991.-5 желтоқсан.-4 б.

 

Бекұзақ Тәңірбергенов
(1958-2002)

Бекұзақ Тәңірбергенов-белгілі айтыс және жазба ақыны. «Теңіздің ұлтанынан су кеткенмен,халқымның жүрегінен жыр кеткен жоқ» деген жалғыз ауыз жыры бүгінгі Аралдың айқындамасындай.Бекұзақ жыршылық өнердің шеңберінен шығып,ақындық өлкеге құлаш сермеген тамаша талант.
Тумысынан аса дарынды ақындық пен жыршылық өнер көкірек сарайында телі дамыған өнерлі жанның,сирек таланттың бірі Бекұзақ Тәңірбергенов Жақсанұлы 1958 жылы 24 желтоқсанда Арал ауданының Октябрь ауылдық Кеңесінде туған. Бекұзақтың алғашқы ұстазы-өз әкесі Жақсан. Тәңірбергенұлы Жақсан жігіт күнінде жыр-жырлап,игі жақсылармен көп жолдас болған.
Жақсанның ұстазы сол кездегі «Чкалов» колхозының басқармасы болған-атақты Бітімбай ақынның болысы,Жаңаберген жыраудың туған інісі Сахитжан жырау. Жақсан Сахитжаннан үйренген «Едіге»,«Қарасай-Қази» жырларын баласы Бекұзақтың құлағына сіңдіре берді,сөйтіп Бекұзақтың ақын,жыршы болуына тікелей септігін тигізді. Жақсанның ата-тегі «Жақайым» оның «Асаны».
Бекұзақ Арал совхозындағы № 57-ші мектепті бітіргеннен кейін аға шопан көмекшісі болып жұмыс жасады,одан бергі жерде өнер саласында. Бекұзақ айтыс өнерінің үздік өкілдерінің бірі.
1985 жылы облыстық айтысқа,1988 жылы Алматыда өткен теле айтыстарға қатысып Халық алдында «Ақын» деген ардақты атқа лайықты екендігін көрсетті. Ол Сыр бойындағы ежелгі дәстүрлі айтыс өнерінің үлкен үміт күттіретін өкілдерінің бірінен саналады.
Ақтөбе қаласында Шәкәрімді еске алу құрметіне және Жанқожа,Тама Есет батырлардың асында өткізілген ақындар айтысында жүлделі орындарға ие болды.
Сонымен қатар,Халықтың сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған «Асубұлақ аруы»,«Шолпаным» сияқты айшықты әндердің авторы,композитор.
Бекұзақ-кезінде ақын Әбілхан Махановтың аса назар аударып,талантына ден қойған бірегей шәкірті. Саусағына қыдыр дарыған Қаппардай күйшіледің батасын алып,алғыс-ықыласына бөленген үлкен өнер иесі,топқа төселген жыршы.
Бекұзақ Тәңірбергенов жақсы термеші де. Оның орындауындағы Кердері Әбубәкір,Тұрмағанбет,Нұртуғанның термелер циклы республикалық теледидар арқылы көрсетілді.
2001 жылы «Тұмар баспасынынан «Дүние саған не дейін» атты өлеңдер жинағы шықты.
2002 жылы 21 маусымда «Ақ туын адалдықтың кірлетпеген...» Бекұзақ Тәңірбергенов не бары 44 жасында жарық дүниемен қоштасты.
Арал өңірінен шыққан суырма айтыскер ақын Бекұзақ Тәңірбергеновтың ән-жырларын насихаттау мақсатында 2010 жылы 9 маусым күні Арал аудандық Мәдениет үйінде орындаған ән-жырлары жинақталған «Жыр-ғұмыр» атты үн таспасының тұсау кесер рәсім кеші өткізілді.
Бұл Бекұзақ Тәңірбергеновтың өмірбаяны мен ән-жырларын оқып-тану мақсатында болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге сарқылмас рухани ризық болары даусыз.
Сонымен қатар жерлесіміз ақын,термеші Бекұзақ Тәңірбергенов туралы орталық кітапхананың кітап қорыннан жинақталған әдебиеттер ұсыныс тізімінен толықтай мағұлматтар алуларына назарларына ұсынамыз.
Әдебиеттер :

Тәңірбергенов Б. Ақ қағаз болып өтті жайнамазың... Өлеңі.-Алматы:2006.-147.-148 б.
Тәңірбергенов Б. Дүния,саған не дейін.-Қызылорда:Тұмар, 2001.-56 б.
Тәңірбергенов Б. Жиырма бес Шымберген Сүлейменовке. Өлеңі.- //Толқын.-2000.-12 қазан.-3 б.
Тәңірбергенов Б. Көкше қызына,желтоқсан айы (Қызым Гулмираға),Меңді қыз,Досқа,Перронда.Өлеңдер. // Теңіз даусы. Арал ақындарының ұжымдық жинағы.-Арал: Толқын баспасы,
1996. -33.-35 б.
Ол туралы:
Абдулла Е. Жырлары жүрек жылытты: /Термеші Бекұзақ Тәңірбергеновтың «Дүние саған не дейін» атты кітабы туралы/ // Толқын.-2002.-1 ақпан.-4 б.
Аралдың ақиығы Айтыс ақыны Бекұзаққа. (Өлеңі) // Тілеулесов Т. Сағындым сені. Өлеңдер.-Ақтөбе: А-Полиграфия,2010.-27.-28 б.
Ауданның мәдениет саласы: (Арал өңірінен шыққан жыршы-термешілігінің күйшілік өнерлері туралы) // Қылышбаев А.,Қодаманов Б. Арал.-Алматы:2003.-208 б.
Әшімов Р Жыраулық дәстүріміз ортаймасын (Н.Кенжеғұлұлы атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан жыраулар мектебінен шыққан қазалылық Б.Тәңірбергеновтың байқауда үздік атануы туралы) // Толқын.-2000.-8 маусым,-4 б.
Жақып Ж. Бір шумақ жыр-бір ғұмыр: (Арал айтыскері Бекұзақ Тәңірбергенов) // Сыр бойы.-2000.-4 шілде.-3 б.
Жасекенов Қ. Өнер мен дәулет қонған жер.-Алматы:2000.-110 б.
Жүсіпов Б. Мырзастағы жыр мектебі-Алматы:Рауан,Демеу, 1992.-136 б.
Жыршылар,термешілер,әншілер.Термеші Тәңірбергенов Бекұзақ. (Өмірбаяны) // Жасекенов Қ. Өнер мен дәулет қонған жер.-Алматы: 2000.-40 б.
Қимастарым,қайтейін.(Арал жыршысы Бекұзақ Тәңірбергеновтың «Зейнолла Шүкіровтың соңғы монологын» орындағаны туралы) // Сейітмағамбетұлы С. Асқарым-арманым.Өлеңдер.-Алматы: Қазақ елі,1998.-166-167 б.
Маханов Ә. Жұдырықтай жұмыр жер. (Өлеңдер)-Алматы: 2006.-152 б.
Әбілхан Маханов: (Арал,Қазалы өңірінде сақталған эпикалық жыршылық дәстүрдің қайта жаңғыруына,қос дәуір арасында дәнекерлік жасатқан ақын Әбілхан Маханов) // Жүсіпов Б. Күретамыр.-Алматы:Арна,2009.-199.-224 б.
Тәңірбергенов Б. (Өмірбаяны мен өміржолы туралы) // Тоқжан Т. Сырлы сарын.-Алматы: Фонд Сорос-Казахстан,2002.-146-150 б.

Жақсылық Түменбаев
(1944-1993)

Жақсылық Түменбаев 1944 жылы 5 қаңтарында Арал ауданындағы «Сазды» ауылында дүние келген. Ол кезде ұлы теңіз толқынын көкке атып шалқып жатты. Ол Арал қаласындағы №15 орта мектептен 10-класты бітірген. Содан кейін «Арал» кеңшарында көмекші шопан болып қой бақты. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп,оны 1968 жылы тәмамдады. Туған облысындағы «Ленин жолы» газетінде 8 жыл еңбек етті.
Одан кейін Астанадан Алматыға қоныс аударып,Қазақстан информация агенттігінде жұмыс істеді. Ғұмырының соңғы жылдарында «Денсаулық» журналының бас сарапшысы болды. Менің жазушы Жақсылық пен тұңғыш жүздесуім-1969 жылы.
Осы жылдан «Жалын» альманағы жарық көре бастаған. Оның 1977 жылы «Жалын» баспасынан «Қардағы іздер» атты алғашқы шағын кітабы шықты. Ол кезде Алматыдан кітап шығару да оңай болмайтын. 33 жасында дүниеге келген тұңғыш жинағына жақсылықтың әдемі әңгімелері топтастырылған еді.
Содан бастап ол халқына жақсы кітаптар ұсына бастады. Олар : «Қимас қазына» Повестер мен әңгімелер(1989), «Мен сүйген қыз» Повестер(1981), «Тас бөгет» Повестер мен әңгімелер(1984), «Махаббат қорығы»(1989). Оның бұлардың басқа да мұрасы бар.
Ол орыстың белгілі балалар жазушысы Альберт лихановтың «Шырғалаң» деген романын басқа да авторлардың повесть,әңгімелерін қазақшаға аударды.
Өмірден өткеннен кейін 1996 жылы «жалын» баспасынан «Ақтық демің біткенше» атты романы-соңғы кітабы жарық көрді. Жиырма баспатабақтан ақтан асатын шоң шығарма.
Жақсылықтың жас кезінде жазған әдемі әңгімелерінің бірі «Домбыра» деп аталады. Міне,осы туынды ұлттық колоритімен түменбаевтың төл табиғатымен жаймашуақ жылығымен әлі күнге дейін тәнті етеді. Қайталап парақтағанда осы бүгін-1998 жылдың қазанында жазылғандай жаңалық,өміршендігін танытатыны бар.
Жақсылық 1993 жылы 4 қазан күні демім таусылып қайтыс болды. Жастарға арналған көркем шығармалардың республикалық жабық байқауында 2-3 бәйгені жеңіп алған.
Туған жерінде мектепте,көшеге Жақсылық Түменбаевтың есімі берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Әдебиеттер :

Түменбаев Ж. Шығармалары. Екі томдық.-Астана:Фолиант,2008.-
Т1:-Ақтық демін біткенше. Роман.-352 б.
Т2:-Қимас қазына.Повестер.-352 б.
Түменбаев Ж. Ақтық демін біткенше.Роман.-Алматы: Жалын,1996.-350 б.
Түменбаев Ж. Қимас қазына:Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1979.-192 б.
Түменбаев Ж. Тасбөгет. Повестер мен әңгімелер.-Алматы:Жалын,1984.-280 б.

Абылаев Т. Қаламгерге құрмет-елге құрмет./Жерлес жазушы Жақсылық Түменбаевты еске алу жиынынан хабар/. //Толқын.-1996.-18 қыркүйек.-1 б.
Асылбекұлы С. Кірлетпей кеткен жүрегін. Жергілікті жазушысы Жақсылық Түменбаев туралы. // Жас алаш.-1995.-24 қаңтар.-3 б.
Асылбекұлы С. Ол біздерді сағынып өтті./Жазушы Жақсылық Түменбаев туралы/. //Ана тілі.-2004.-8 қаңтар,-11 б.
Бақтыгереева А. Жақсылыққа атты өлеңі. // Бақтыгереева А Таңдамалы өлеңдерінен.-Алматы:Жазушы,-1999.-241-242 б.
Ермағанбетұлы С. Тума талант еді: (Жерлесіміз жазушы,марқұм Ж.Түменбаев 50 жаста). // Толқын.-1994.-28 қаңтар.-3 б.
Жақсылыққызы К. Біз Жақмылық ұрпағымыз. /Жазушы Ж.Түменбаевтың отбасы туралы қызының естілігі туралы/. //Дала.-2000.-№1.-35 б.
Жақсылықтың балалық шағы:Жерлес марқұм болған танымал жазушы Жақсылық Түменбаевты еске алу мақаласы. //Толқын.-1999.-21 қазан.-4 б.
Кемал Ж. Даладай дархан муреткер./Жазушы Жақсылық Түменбаевты еске алу күндері/. //Толқын.-1994.-29 қыркүйек.-1-2 б.
Нұржекеұлы Б. Елуін көре алмай кетті. (Жақсылық Түменбаевтың туғанына 50 жыл). // Қазақ әдебиеті.-1994.-7 қаңтар.-13 б.
Нұржекеұлы Б. Жақсылықтың жан шуағы. /Талантты жазушы Жақсылық Түменбаев туралы/. //Жас алаш.-2004.-13 қаңтар (№5).-5 б.
Нұрмағанбетов Т. Құм төбеден басталған жол. (Жазушы Ж.Түменбаев туралы). //Егемен Қазақстан.-2004.-16 қаңтар (№16).-8 б.
Сарбалаұлы Б. Жақсылықтың домбрырасы.Еске алу. // Қазақ елі.-1998.-9-15 қазан.-3 б.
Сәдібекұлы А. Сен бүгін елудесің. (Белгілі Жазушы Жақсылық Түменбаевты еске алу). // Сыр бойы.-2001.-18 қараша.-6 б .
Сәдібекұлы А. Аманат жүгі ауыр:(Жазушы-журналист Жақсылық Түменбаевтың 60 жылдығына орай). //Сыр бойы.-2004.-6 қаңтар.-4 б.
Сыр елі Қызылорда облысы энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы ЖШС,2005.-500 б.
Түменбаев Ж. Жастықтың соңғы жылы. Проза,Әңгіме. // Қазақ әдебиеті.-1989.-29 желтоқсан.-8-9 б.

Жазушы Бегімбай Ұзақбаев
(1948 ж)

Бегімбай Ұзақбаев Арал ауданының Қаратерең елді мекенінде 1948 жылы 15 сәуірде дүниеге келген. Еңбек жолын жұмысшыдан бастаған. Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің журналистика факультетін және Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Повесть, әңгіме, фантастика, очерк, ертегілері «Жазушы», «Жалын», «Қайнар», «Қазақстан» баспаларынан шыққан ұжымдық жинақтарда жарық көрген.
Қарымды қалам иесінің жазған «Қарабура», «Сопы әзіз пір», «Марал баба», «Сартай батыр», «Байқазақ», «Алдаспандар рухы» тарихи романдармен бірге «Тағдыр», «Сырлы сезім», «Бұтақтан өрген бәйтерек», «Шырағын сөнбесін», «Сырымды саған айтамын», «Қилы-қилы заман-ай», «Шығар күннің шуағы» атты повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Орыстың атақты жазушысы Игорь Акимушкиннің балаларға арналған кітабын қазақ тіліне аударып, «Жалын» баспасынан шығарған. Бірнеше рет республикалық, облыстық көркем шығармалар бәйгесінің жүлдегері. КСРО Министрлер Кеңесі Дін істері жөніндегі кеңесінің облыс бойынша уәкілі, облыстық партия комитетінде нұсқаушы-консультант, облыс әкімі аппаратында бөлім және сектор меңгерушісі, инспекторы қызметтерін атқарған. Қазір облыс әкімінің аппаратында бас инспектор. Бегімбай Ұзақбаев үш мәрте облыс әкімінің стипендиаты, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерлігі үшін», «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдармен, Халықаралық «М.Шолохов» медалімен марапатталды. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық Жазушылар одағы мен Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, «Жалаңтөс баһадүр» атындағы республикалық қор төрағасының орынбасары, Арал және Қазалы аудандарының құрметті азаматы.
Әдебиеттер:

Ұзақбаев Б. Алдаспандар рухы: Тарихи роман / Б. Ұзақбаев; Ред: А. Болатханқызы.- Алматы: АRNA - Ь, 2015.- 648 б.
Ұзақбаев Б. Бұтақтан өрген бәйтерек: Әңгімелер, хикаялар мен деректі повестер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: Қазақпарат, 2008.- 305 б.
Ұзақбаев Б. Ерлікті сүйген ел нұрлы: Фотоальбом / Б. Ұзақбаев.- Алматы:АRNA - Ь, 2015.- 213 б
Ұзақбаев Б. Жалаңтөс Баһадүр: Роман / Б. Ұзақбаев.- Астана: Фолиант, 2004.- 264 б.
Ұзақбаев Б. Жалаңтөс Баһадүр: Роман / Б. Ұзақбаев.- Екінші басылым.- Алматы: "Типография "Miras-K", 2009 г.- 361 бет.
Ұзақбаев Б. Қарабура: Роман /Б.Ұзақбаев Алматы: АRNA - В,2012.-200 б.
Ұзақбаев Б. Қилы-қилы заман-ай: Әңгімелер, хикаялар мен деректі повестер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: Arna-b, 2010.- 232 бет.
Ұзақбаев Б. Марал баба: Роман / Б. Ұзақбаев; Ред. Р.Сәметова.- Алматы: ЖҚҚ "Марал баба", 2012.- 264 б.
Ұзақбаев Б. Сопы Әзиз Пір: Роман / Б. Ұзақбаев.- Алматы: ARNA-B, 2011.- 234 бет.
Ұзақбаев Б. Сырлы сезім: Повестер мен әңгімелер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: ҚазАқпарат, 2008.- 376 б.
Ұзақбаев Б. Сырымды саған айтам: Хикая, ертегілер, детективті шығармалар, әзіл әңгімелер мен повестер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: Бастау, 2006.- 184 б.
Ұзақбаев Б. Тағдыр: Повестер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: Арқас, 2004.- 288 б.
Ұзақбаев Б. Шығар күннің шуағы: Әңгімелер мен хикаялар / Б. Ұзақбаев.- Алматы: ARNA - b, 2010.- 276 б.
Ұзақбаев Б. Шырағың сөнбесін: Деректі хикаят пен естеліктер / Б. Ұзақбаев.- Алматы: Arna- B, 2013.- 296 б.
Абылаев Т Тарихты тағылым тұтқан қаламгер : / Жазушы Б.Ұзақбаевтың шығармашылығы туралы / Т.Абылаев // Қазақ әдебиеті.-2018.-13 сәуір(№14).-18 б.
Аманова К. Шығар күннің шуағы: А.Пушкин атындағы орталық кітапханада қаламгер Б.Ұзақбаевтың әдеби-танымдық кеші өтті. / К. Аманова. // Сыр бойы.- 2016. - 6 мамыр (№ 66). - 4 б;Ана тілі.- 2016. - 13 - 18 мамыр (№ 19). - 6 б.
Әбілов Е. Қаратереңнен "Сырдарияға" дейін : /Жазушы Б.Ұзақбаев туралы / Е. Әбілов. // Сыр бойы.- 2008.-15 наурыз.
Әмиша Н. Самарқанды билеген Сыр перзенті: Бегімбай Ұзақбаевтың "Жалаңтөс баһадүр" атты кітабы туралы / Н. Әмиша. // Сыр бойы.- 2005. - 16 ақпан.
Бердібаев Б. Алдаспандар рухы: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Алдаспандар рухы" деп аталатын тарихи романдар топтамасы оқырмандарға жол тартты./ Б. Бердібаев. // Сыр бойы.- 2014. - 5 сәуір
(№ 47/48). - 16 б.
Бердібаев Б. Қоңыр үнді қаламгер: Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі жазушы Б.Ұзақбаевтың шығармашылығына арналған "Қоңыр үнді қаламгер" атты әдеби кеш өтті. / Б. Бердібаев. // Сыр бойы.- 2014. - 19 сәуір (№ 55/56). - 9 б.
Бердібаев Б. Өнегесімен өркенін жайған: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Бегімбай Ұзақбаевтың "Өнегесімен өркенін жайған" жаңа кітап жарық көрді. / Б. Бердібаев. // Сыр бойы.- 2014. - 1 ақпан (№ 15/16). - 10 б.
Бердібаев Б. Тарихқа қалам тербеген: Жазушы Б.Ұзақбаевтың "Сартай батыр" атты кітабы оқырмандарға жол тартты. / Б. Бердібаев.// Сыр бойы.- 2015. - 16 сәуір (№ 54). - 8 б.
Жерлес қаламгердің жеңісі: Ақын М.Әміреевтің "Ұлт мақтанышы", жазушы Б.Ұзақбаев пен жазушы-сатирик, журналист Н.Елтай "М.А.Шолохов" халықаралық медалімен марапатталды. // Сыр бойы.- 2013. - 17 қазан (№154). - 4 б.
Қазбеков Н. Батыр туралы Баян: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Байқазақ" атты кітабы жарық көрді. / Н. Қазбеков. // Сыр бойы.- 2017. - 26 қаңтар (№ 13). - 4 б.
Қайрақбаев К. Алдаспандар рухы: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Б.Ұзақбаевтың "Алдаспандар рухы" атты кітабы жарық көрді. / К. Қайрақбаев.// Сыр бойы.- 2015. - 19 қараша (№ 175). - 4 б.
Қайрақбаев К. Қарымды қаламгердің жаңа еңбегі: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Адалдықтың ақ семсері" атты кітабы жарық көрді. / К. Қайрақбаев. // Сыр бойы.- 2015. - 22 тамыз (№ 124/125). - 6 б.
Қарабалаев А. Тарихи құнды еңбек: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Қарабура" атты кітабы жарық көрді / А. Қарабалаев. // Сыр бойы.- 2012. - 7 маусым. - 4 б.
Қарапаева А. Қарымды қаламгер: Жазушы, ҚР Мәдениет қайраткері Бегімбай Ұзақбаевтың өмір жолы туралы / А. Қарапаева. // Сыр бойы.- 2011.- 22 сәуір.
Құрбан Қ. Мән мен мазмұны мол: Бегімбай Ұзақбаевтың "Тағдыр" атты кітабы жарық көрдді / Қ. Құрбан // Сыр бойы.- 2004. - 13 қараша.
Құрметұлы Р. Тарихтан сыр шертеді: Белгілі жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Марал баба" атты жаңа романы жарыққа шықты /Р. Құрметұлы //Сыр бойы.- 2012. -2 тамыз. - 4 б.
Мемлекеттік марапат - ел мерейі //Сыр бойы.- 2016. - 14 желтоқсан (№190/191).- 4-5 б.
Мұсабаев Н. Құттықтау: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Арал ауданының құрметті азаматы" атағына ие болуына орай / Н. Мұсабаев. // Сыр бойы.- 2010.-9 шілде.
Облыс әкімінің 2011 жылғы стипендиаттары: 2011 жылғы стипендиаттар тізімдері // Сыр бойы.- 2010. - 29 желтоқсан.
Сағатбекқызы А. Жастардың азаматтық рухын оятады: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Тұранның тұғырлы тұлғасы" атты кітабынің төртінші басылымы жарық көрді / А. Сағатбекқызы // Сыр бойы.- 2016. - 29 қазан (№ 164/165). - 4 б.
Сартай батыр туралы тарихи кітап: Жазушы Б.Ұзақбаевтың Сартай батыр туралы кітабы жарық көрді // Айқын.- 2015. - 20 маусым (№ 112). - 8 б.
Талап Ә. Әдеби жыл қорытындысы: Әдеби жыл қорытындысында жерлестеріміздің туындыларына жақсы баға берілді./ Ә. Талап. // Сыр бойы.- 2015. - 9 маусым (№ 83). - 4 б.
Тебегенов Т. Тарихи роман тағылымы: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Сартай батыр" романы жайлы / Т. Тебегенов // Сыр бойы.- 2017. - 7 қаңтар (№ 2/3). - 6 б.
Тебегенов Т. Тарихи шығарма тағылымы: Жазушы Бегімбай Ұзақбаевтың "Қарабура" романы жайлы. / Т. Тебегенов. // Сыр бойы.- 2014. - 24 мамыр (№ 72/73). - 10 б.
Ұзақбаев Б. Жүрекке жылы жырлар: Ақын Бақытжан Абызовтың "Жанарымдағы жаңбырлар" кітабына пікірлер / Б. Ұзақбаев. // Сыр бойы.- 2003.-8 қараша.
Ұзақбаев Б. Кердері мәдениетінің жұмбақ сырлары: Кердері шаһары жайлы. / Б. Ұзақбаев // Ана тілі.- 2013. - 20-25 желтоқсан (№ 51). - 7 б.
Ұзақбаев Б. Кердері мәдениетінің жұмбақ сырлары: Кердері мәдениеті жайлы. / Б. Ұзақбаев // Мәдениет.- 2017. - № 2. - 34-35 б.
Ұзақбаев Б. Кердері шаһары: Арал өңірінің ежелгі тарихы жайлы деректер / Б. Ұзақбаев // Сыр бойы.- 2013. - 30 тамыз (№128-129). - 8 б.
Ұзақбаев Б. Қарабура: Тарихи романнан үзінді / Б. Ұзақбаев // Сыр бойы.- 2014. - 15 наурыз (№ 37/38). - 8 - 9 б.

Ақын ШҮКІРОВ ЗЕЙНОЛЛА
/ 1927-1979 /

Зейнолла Әнәпияұлы Шүкіров 1927 жылы ақпанның 16 жұлдызында Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған. Науқастығына қарамастан өз бетінше білімін көтеріп, жазушылықпен айналысты. Алғашқы жинағы 1955 жыл «Менің достарым» деген атпен жарыққа шыққан. Адамгершілікті, адал махаббат пен шынайы сезімді суреттейтін «Теңіз жырлары» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Сағыныш» атты өлең кітаптары, сондай-ақ, Арал балықшыларының ауыр тіршілігін, өмірін бейнелейтін «Тоғысқан тағдырлар» (1961), бүгінгі замандастар келбетін ашатын «Сырлы дүние хикаялары» (1966), «Ізгілік іздері» (1967), «Қиын түйін» (1973) повестері мен «Отты өткелдер» (1983) атты романы жарық көрді. Өлеңдері мен поэмалары 1977 жылы «Таңдамалы шығармалар» деген атпен жарыққа шыққан.
Жазушы ел аралап, жер шарлап, емін-еркін жүре алмаса да, Сыр бойының тұнған тарихын үйде жатып-ақ зерттеп, зерделеп, жинақтай білді. Көп жылғы еңбегінің нәтижесін «Сыр бойы» атты тарихи ұлы әңгімесінен көреміз. Алайда, бұл роман саясаттың құрбаны болып, жазушының тірі кезінде жарық көре алмады. Өз дәуірінде ел азаттығын аңсаған, бодандыққа бой бермеген, тәуелсіздігіміздің шоқтығы биік тұлғасы Жанқожа батыр өмірімен ұштастыра ел тарихын толғаған «Сыр бойы» романы 1998 жылы ғана жарыққа шықты. Зейнолла Шүкіров өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей отызға жуық кітап ұсынды.
З.Шүкіров сонымен қатар көркем аудармамен де айналысты. Орыс ақыны Ф.И. Тютчевтің «Жартас пен теңіз» атты жыр жинағын қазақ тіліне аударды. Әлемге танымал Шекспир мен Гейнені қазақша сөйлетті. З.Шүкіров шығармалары шетел халықтарының тілдеріне аударылған.
Ақынның «Сыр сұлуы», «Неге, жаным, шығарып сала алмадың?», «Сәулем-ай», «Көрінбей жүрсің сен неге?» т.б.өлеңдері ел аузында әнге айналып кетті. Әрі поэзиялық, әрі прозалық жанрда бірдей қалам тербеген талант еңбегін көзі ашық, рухани дені сау жұртшылық жоғары бағалап, жазушыны «Қазақ Островскийі» деп атады. Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаев З.Шүкіров туралы «Құрыш қазақ» поэмасын жазса, көптеген ақындарымыз Зейноллаға арнау өлеңдерін шығарды. Жазушы 1977 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. З.Шүкіров 1979 жылы 26 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүние салды.

Əдебиеттер :

Шүкіров З.Адам-Жер-Ана: Жыр кітабы. – Алматы: Жазушы, 1974. – 111 б.
Шүкіров З.Арал толқындары: Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар / З.Шүкіров.-Алматы: Жазушы, 1968.- 208 б.
Шүкіров З. Арал толқындары: Өлеңдер мен поэмалар / З.Шүкіров.- Алматы: Жазушы, 1988.-
336 б.
Шүкіров З. Арлан туралы аңыз: Əңгімелер / З.Шүкіров; Құраст. А.Шүкіров.- Қызылорда: Тұмар, 2006.- 84 б.
Шүкіров З. Жас жесір: Əңгімелер мен повестер / З.Шүкіров; Баспаға əзірлеген А.Шүкіров.- Алматы: Арқас, 2004.- 360 б.
Шүкіров З. Қиын түйін: Əңгімелер мен повестер / З.Шүкіров; Баспаға əзірлеген А.Шүкіров.- Алматы: Арқас, 2004.- 368 б.
Шүкіров З. Қиын түйін: Роман / З.Шүкіров.- Алматы: Жазушы, 1973.- 176 б.
Шүкіров З. Отты өткелдер: Роман / З.Шүкіров.- Алматы: Жазушы, 1983 бет.- 384 бет.
Шүкіров З. Сағыныш / З.Шүкіров; Баспаға əзірлеген А.Шүкіров.- Алматы: Арқас, 2003.- 352 б.
Шүкіров З.Сағыныш: Өлеңдер. – Алматы. Жазушы, 1970. – 86 б.
Шүкіров З. Сарша тамыз: Повестер. – Алматы: Жазушы, 1975. – 224 б.
Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи роман / З.Шүкіров.- Алматы: Қайнар, 2006 –545 б.
Шүкіров З. Сыр бойы: Тарихи Ұлы əңгіме / З.Шүкіров.- Қызылорда: Тұмар, 2002.- 416 б.
Шүкіров З. Таңдамалы:Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Жазушы, 1977. – 303 б.
Шүкіров З. Тоғысқан тағдырлар / З.Шүкіров;Баспаға əзірлеген А.Шүкіров.- Алматы: Арқас, 2003.- 328 б.
Шүкіров З. Шығармалары: Үш томдық / З.Шүкіров; Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы.- Астана: Фолиант, 2008.- 360 б.- (Сырдария кітапханасы)
Шүкіров З. Ізгілік іздері: Əңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 140 б.
Ол туралы:
Абдрахманов С. Зейнолла Шүкіров //Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы. - Алматы: Раритет, 2007.-Т.2. – 27-28б. - ("Алтын қор" кітапханасы)
Əлиасқаров Ə. Зейнолла Шүкіровке: Өлең //Əлиасқаров Ə. Шығармалары: Өлеңдер мен толғаулар, поэмалар.- Астана:Фолиант, 2008.- 126-128б.- (Сырдария кітапханасы)
Əлімбаев М. Ғазиз жүрек // Əлімбаев М. Толқыннан толқын туады:Зерттеулер, эссе,естеліктер. – Алматы: Қазақ ун-ті, 1992. – 189-198 б.
Əлімбаев М. Құрыш қазақ: Лирикалық дастан // Əлімбаев М. Шығармалар жинағы. –Алматы: Санат, 1997. –
Т.1. – 559-567 б.
Байдрахманұлы Д. Зейнолла Шүкіров: Өлең // Байдрахманұлы Д. Тұлпар тілек.Екі томдық. – Алматы, 2006. – 1-кітап:Отан деп соққан жүректер. – 62 б.
Жəмішев Ə.Өмірге құштар жүрекпен // Жəмішев Ə. Кезең кестелері: Əдеби мақалалар, портреттер. – Алматы, 1984. – 197-205 б.
Жиенбаев С.Зейнолла Шүкіровке: Өлең //Жиенбаев С.Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1991. – Т.1. – 298-299 б.
Кəрібозұлы Б. Теңізбен тілдескен ақын: З.Шүкіровтің «Арал толқындары» кітабы жайлы //Кəрібозұлы Б. Ыждағат. – Астана: Фолиант, 2008. – 231-236 б. – (Сырдария кітапханасы).
Кəрібозұлы Б. Теңізбен тілдескен ақын //Кəрібозұлы Б. Өркениетке өріс. –Қызылорда: Тұмар, 2001. – 41-45 б.
Мақатаев М.Зейнолла Шүкіровке: Өлең //Мақатаев М.Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1993. –
Т.3. – 251 б.
Мəуленов С.Құрыш жүрек // Мəуленов С. Телтолқын: Əдеби жазбалар, эсселер,портреттер, естеліктер. – Алматы: Жалын, 1989. – 378-383 б.
Оразбаев И.Ақын жатыр: З.Шүкіровке арналған өлең //Оразбаев И. Дүниежарық: Жыр кітабы. – Алматы: Жалын, 1987. – 28 б.
Шүкіров Зейнолла. Өмірбаяны // Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 147 б.
Шүкіров Зейнолла: Өмірбаяны //Қазақ əдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық- Алматы: Аруна, 2005.-560 б.
Шүкіров Зейнолла: Өмірбаяны //Қазақ Совет Энциклопедиясы. - Алматы: 1978.-Т.12. - 301 б.
Шүкіров Зейнолла: Өмірбаяны //Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. - Алматы: 1989.- Т.4. –
640 б.
Шүкіров Зейнолла. Өмірбаяны // Қазақстан жазушылары/ Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 436 б.
Шүкіров Зейнолла. Өмірбаяны //Қазақстан жазушылары : XX ғасыр: Анықтамалық / Құраст. Е.Дүйсенбайұлы, А.Естен, Қ.Омарұлы ж.б.- Алматы: Ана тілі, 2004.- 344 б.
Шүкіров Зейнолла. Өмірбаяны // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық / Құраст. С.Ахметов,Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 706 б.
Шүкіров Зейнолла. Өмірбаяны // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 528-529 б.