Рухани жаңғыру топтамаларымен толықты

Категория: Рухани жаңғыру Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 273

Құрметті кітап сүйер қауым!

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, туған жеріміздің өткенін танып білу ,оның рухани қадір-қасиетін бағалай білудегі құнды дүниелер бүгінде кітап баспаларынан жарық көріп, Арал аудандық ОКЖ - ге қарасты кітапхана –филиалдарының кітап қоры "Рухани жаңғыру" айдарымен жарық көрген жаңа топтамалармен толықты. Бұл қатарда "Сыр елінің ескерткіштері", "Шежірелі Ақтөбе", "Отырар алқабындағы қасиетті орындар" ,"Тастағы Тараз тарихы", "Басында Қазығұрттың кеме қалған","Алтай алтын бесік т.б.

қазақтың қасиетті киелі орындары, өлкеден шыққан топ бастаған от ауызды, орақ тілді айтулы би-шешендер, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы ғылыми – зерттеу мақалалардан сыр шертетін құнды еңбектерді назарларыңызға ұсынамыз.