abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Бастауышқа арналған оқу кітабы.

5 1                 Бастауышқа арналған оқу кітабы . Ахмет Байтұрсынұлы мен Телжан Шонанұлы бірігіп           1928 жылы 3-4 сынып оқушыларына арнап хрестоматия шығарған. Бұл оқу құралы көп жыл              ұлттық кітапхана қорында қозғаусыз жатып, тек 2004 жылы бүгінгі әліпбимен қайта басылған            болатын. Сондай-ақ еңбек 2013 жылы А. Байтұрсынұлының алты томдығына, 2017 жылы Т.            Шонановтың бес томдығына енгізілді.

Жаңадан түскен балаларға арналған кітаптар

4 1Арыстан, мен, виолончель және қасапхана.

Марат Қабанбайдың бұл кітабы «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана», «Туған жердің төрт мезгілі» атты повестерінің басын құрайды.Жазушы әрбір шығармасының шырай-шұрымын өмірдің өз өзегінен ала отырып, қарапайым да қалжың ойлы тіл әспетімен оқырман жүрегіне кеңінен жеткізе біледі.

Дәнеш Ахметұлы балаларға арнап ертегілер жазып жүрген жазушы. Бұл жинаққа автордың «Робот және алты асық», «Айлы түнгі айқас», «Бөгде құстар», «Жаңғалақ», «Қимас достар» деген заманауи ертегілері енгізілген.

Жаңа түскен кітаптар

3 1        Естенов, А.

          Көне кенттер күмбірі: балаларға арналған өлеңдер мен жұмбақтар Кітап «Өлкетану мектебі», «Табиғаттану мектебі», «Салауаттану мектебі», «Ой ұшқырлау мектебі» аталатын төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде оқушылар ортағасыр қойнауына «саяхаттап», Аспара, Баласағұн, Қарнақ, Сарайшық, Сығанақ сынды көне кенттермен танысып, олардың қыр-сырына қанықса, екінші бөлім кішкентай оқырмандарын табиғат таңғажайыптарымен таңдандырады. Үшінші бөлім, аты айтып тұрғандай, балдырғандарды салауатты өмір салтын ұстана спортқа бейім болып, шынығып, шыңдалып өсуге құлшындыратын танымдық өлеңдерден тұрады.

       Телеуова 3.

           Құлаған үйдің қүпиясы  Жасөспірімдерге арналған бұл шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Ит жоғалған күн, Жер астындағы күн, Кәрімнің көргендері, Құлагерді құтқару, Қонақ үйдегі құбылыстар, Компьютерді ұрлаған кім ? деген тарауларға жіктелген . Бұл шытырман оқиғалардың басты кейіпкерлері - Кәрім, Бану, Аян, Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түріл қылмыс көрініс- теріне немқұрайды қарай алмауға үйретеді.

Ювал Ноаһ Харари.

8 1Ювал Ноаһ Хараридың дүниежүзіндегі барша оқырманның таңданысын тудырған «Sаріеns: «Адамзаттың қысқаша тарихы» деп аталатын алғашқы кітабыныңжалғасы іспеттес.

Жақын болашақта Соодіе мен Ғасеbоок талғамымыз жайлы өзімізден де артық біліп, компьютерлер еңбек нарығынан миллиардтаған адамды ығыстырып шы ғарса не істейміз? Технологияларды меңгерген адамзаттың жойқын күшінен Жерді қалай сақтап қаламыз? Гендік инженерияны дін қалай қабылдайды? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдай болуға деген ұмтылысымыз XXI ғасырда іске аса ма? Осы тақылеттес өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысқан бұл еңбекте бүгінгі күннің дилеммалары талқыланып, жан-жақты қарастырылған. Автор 300 жыл бойы үстемдік құрған гуманистік идеялардан туындайтын болашаққа болжам жасайды.

Харари Ювал Ноаһ.

6 1Харари Ювал Ноаһ.

«XXI ғасырға - 21 сабақ» - дүниежүзінің елуден аса тіліне аударылған «Sаріеnз : Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Ноmo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы» кітаптарының авторы Ювал Хараридің үшінші туындысы. Тарихшы бұл еңбегінде бүгінгінің мынадай өзекті мәселелерін қаузайды: Заманауи оқиғалардың түп маңызы не? Либералдық демократия неге дағдарысқа ұшырады? Компьютер алгоритмдерінің құлы болмау үшін не істеу керек? Экологиялық қауіп-қатерден аман қаламыз ба? Дінге шынымен де қайта оралдық па? Терро ризммен қалай күресеміз? Жаңа жаһандық соғыс бастала ма?

XXI ғасырдың осындай сын-қатерлеріне төтеп бере алса ғана адам баласы келесі ғасырларда Жер деп аталатын ғаламшарда тіршілігін жалғастыра бермек.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін36
Кеше216
Осы аптада1044
Осы айда2407
Барлығы92237

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн